By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Егер сіз "KAZ Minerals Ақтоғай" ЖШС/ "KAZ Minerals Бозшакөл" ЖШС компаниялары үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізуші болғыңыз келсе, онда Компанияңызды Oracle ақпараттық жүйесінің дерекқорына тіркеу үшін сілтемемен өтіп, деректерді толтырыңыз.
Егер сіз «Востокцветмет» ЖШС, «Востокэнерго» ЖШС және «KAZ Minerals Bozymchak» ЖШҚ компаниялары үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізуші болғыңыз келсе, онда тізімдегі құжаттарды (ТЖҚ жеткізушілердің құрылтай және (немесе) құқық белгілеуші құжаттарын, Қазақстан Республикасы / Қырғыз Республикасы бейрезиденттеріне арналған хатты, санкциялық тізімдерде тұрғаны/тұрмағаны туралы хатты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнаманы, жеткізушінің сауалнамасын) [email protected] электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз, сондай-ақ компанияңыз ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді белгілеп, олардың тізімін файл түрінде жіберіңіз:
Ықтимал жеткізушіні тіркеуге арналған сауалнама Пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес толтырылуы тиіс.
Пайдаланушы нұсқаулығын жүктеу үшін сілтемеге өтіңіз
ЖЕТКІЗУШІНІ ТІРКЕУ БОЙЫНША БЕЙНЕ-НҰСҚАУ
ЖЕТКІЗУШІ ДЕРЕКТЕРІН ӨҢДЕУ БОЙЫНША БЕЙНЕ-НҰСҚАУ
RFQ ЖӘНЕ RFI БОЙЫНША БЕЙНЕ-НҰСҚАУ
ЖЕТКІЗУШІНІҢ KAZ MINERALS-ТЫ БАҒАЛАУЫ БОЙЫНША БЕЙНЕ-НҰСҚАУ
ЖЕТКІЗУШІНІҢ KAZ MINERALS-ТЫ БАҒАЛАУЫ
RFQ RFI БОЙЫНША ЖАУАПТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қол қойылған шартты ЭЦҚ-мен Sigex-ке көшіріп алу (қалыптастыру)
ddp жеткізушісінің сыртқы пайдаланушысының жұмысы cargo tracking system аж
Қазақстан/Қырғызстан бейрезидент-жеткізушілері құрылтай және басқа да құжаттарды ұсына алмаған жағдайда, ресми бланкідегі хатты толтырулары тиіс.
Барлық ықтимал жеткізушілер санкциялар тізімдерінде болуы/болмауы туралы хатты толтырып, қол қоюы керек
Барлық ықтимал жеткізушілер Парақорлық пен жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау жөніндегі сауалнаманы толтырып, қол қоюлары тиіс.
("Востокцветмет" ЖШС, "Востокэнерго" ЖШС үшін)
Егер ықтимал жеткізушіні тіркеу рәсімі бойынша сауалдарыңыз болса, келесі қызметкерге хабарласуларыңызға болады: [email protected]
1. Жүйеден электронды форматта жіберілген жауапты (Active статусы) қалай жүктеуге болады?
Жауап: Егжей-тегжейлі қадамдар Пайдаланушы нұсқаулығының «RFQ/RFI жауаптарын жасау» бөлімінің 4.5.1-тармағындағы сипатталған.
2. Жіберілген жауапты қалай жоюға немесе қайта қарауға болады?
Жауап: Егжей-тегжейлі қадамдар Пайдаланушы нұсқаулығының «RFQ/RFI жауаптарын жасау» бөлімінің 4.4-тармағында сипатталған.
3. Oracle жүйесінде жауап үлгілерін (белсенді жауаптар мен нобайлар) қай жерден көруге болады?
Жауап: Егжей-тегжейлі қадамдар Пайдаланушы нұсқаулығының «RFQ/RFI жауаптарын жасау» бөлімінің 4.5-тармағында сипатталған.
4. Oracle жүйесінде жеткізілетін тауарлар/қызметтердің тізімін қай жерде экспорттауға және таңдауға болады?
Жауап: Егжей-тегжейлі қадамдар Пайдаланушы нұсқаулығының «Жеткізушіні тіркеу» бөлімінің 2.4-тармағында және «Жеткізуші деректерін түзеу» бөлімінің 2.6.3-тармағында сипатталған.
5. Өтініштегі баға ҚҚС-пен немесе ҚҚС-сыз көрсетілген ба? Бір данасына немесе жалпы сомасын көрсету керек па?
Жауап: Баға жеткізу талаптарында көрсетілген жауап валютасында және ҚҚС-сыз бір дана үшін көрсетіледі.
6. Жеткізуші RFQ/RFI нәтижелерін қалай біле алады?
Жауап: Негізінен, Баға белгіленімдерін сұратулар (RFQ) ашық конкурсты немесе аукционды өткізу алдында тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бюджеттік (базалық) құнын анықтау үшін жасалады. Тек сатып алудың белгілі бір тәсілдері үшін жеткізушінің атына нәтижелер туралы хабарлама жіберіледі.
7. Неліктен БЖ-ны жүктей алмаймын, «Баға белгіленімін жасау» батырмасы жоқ?
Жауап: Егер Active мәртебесі бар Баға белгіленімдерін сұрату (RFQ) және коммерциялық ұсыныстарды ұсыну мерзімі әлі ашық болса жауап беруге болады.
8. Баға белгіленімін сұратудың (RFQ) басып шығарылған нұсқасын қалай жүктеп алуға болады?
Жауап: Егжей-тегжейлі қадамдар Пайдаланушы нұсқаулығының «RFQ/RFI жауаптарын жасау» бөлімінің тауарларға арналған 4.1.1.15-тармағында, жұмыстарға/қызметтерге арналған 4.2.1.13-тармағында сипатталған.
9. Құпия сөзді өзгерту кезінде қандай талаптарды сақтау керек?
Жауап: Құпия сөз кемінде 8 таңбадан және бір (1) бас әріп, кіші әріп, сан және арнайы таңбалардан тұруы керек. 1) Бас әріптер (мысалы, A,B,C,.....Z). 2) Кіші әріптер (мысалы, a,b, c,.....z). 3) Сандар (мысалы, 1,2,3,...9). 4) Арнайы таңбалар (мысалы, ?,!,%,$,#, т.б.).
10. Егер жаңа құпия сөзді алу туралы өтініш берілсе, жаңа құпия сөзі бар хабарлама қанша уақыттан кейін келеді?
Жауап: Жаңа құпия сөзі бар хабарландыру бірнеше минут ішінде келеді. Егер хабарлама келмесе, [email protected] мекенжайына хат жазу арқылы қолдау қызметіне хабарласу керек.