Жаңалықтар

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

KAZ Minerals – жаңа кен орындарын табысты игеруде расталған беделі бар, ТМД-да ірі көлемді, аз шығынды ашық үлгідегі кеніштерді игеруге бағытталған, даму әлеуеті жоғары мыс өндіруші компания. Nova Resources BV Компанияның ұзақ мерзімді өсуге бағытталған, күрделі қаржыны қажет ететін стратегиясын қолдау мақсатында KAZ Minerals компаниясын толықтай сатып алды. 2021 жылғы 11 мамырда Компания Лондон және Қазақстан қор биржаларының тізілімінен шығарылғандықтан, 2021 жылғы маусым айында KAZ Minerals жабық акционерлік қоғам ретінде қайта тіркеледі деп болжанған.