Талаптар және ережелер
Аудиторлық алымдар
Төменде KAZ Minerals Тобының аудиторлық қызметтерге арналған жиынтық шығыстары туралы ақпарат берілген:
$1,6 млн
2025 ж.
$1,6 млн
2024 ж.
$2,1 млн
2023 ж.
Жеткізушіні Oracle жүйесінде тіркеу
Егер Сіз «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС / «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС компаниялары үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізуші болғыңыз келсе, онда Компанияңызды Oracle ақпараттық жүйесінің дерекқорына тіркеу үшін сілтемемен өтіп, деректерді толтырыңыз.
Сіз ұсынған ақпарат компанияның ішкі мақсаттары үшін ғана пайдаланылады және заңнамамен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Сіздің жазбаша келісіміңіз болмаса, үшінші тұлғаларға жария етілмейді.
Егер Сіз «Востокцветмет» ЖШС, «Востокэнерго» ЖШС және «KAZ Minerals Bozymchak» ЖШҚ компаниялары үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуші болғыңыз келсе, келесі қадамдарды орындаңыз:
Құжаттар топтамасын жіберіңіз — supplier.registration@kazminerals.com электрондық поштасына:
-
• ТЖҚ жеткізушілерінің құрылтай және (немесе) құқық белгілейтін құжаттары;
• Қазақстан / Қырғызстан бейрезиденттеріне арналған хат;
• санкциялық тізімдерде болуы / болмауы туралы хат;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнама;
• жеткізушінің сауалнамасы;
• қаржылық жағдай сұрақтамасы.
ТЖҚ тізімін толтырыңыз. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тізімі бар файлды жүктеп алыңыз, ондағы компанияңыз ұсынатын позицияларды белгілеңіз және толтырылған файлды сол хатпен бірге supplier.registration@kazminerals.com мекенжайына тіркеп жіберіңіз.
Пайдаланушы нұсқаулығы
Ықтимал жеткізушіні тіркеуге арналған сауалнама Пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес толтырылуы тиіс.
Пайдаланушы нұсқаулығын жүктеу үшін сілтемеге өтіңіз.
| ЖЕТКІЗУШІНІ ТІРКЕУ БОЙЫНША БЕЙНЕ-НҰСҚАУ | Жүктеу |
| ЖЕТКІЗУШІ ДЕРЕКТЕРІН ӨҢДЕУ БОЙЫНША БЕЙНЕ-НҰСҚАУ | Жүктеу |
| RFQ ЖӘНЕ RFI БОЙЫНША БЕЙНЕ-НҰСҚАУ | Жүктеу |
| ЖЕТКІЗУШІНІҢ KAZ MINERALS-ТЫ БАҒАЛАУЫ БОЙЫНША БЕЙНЕ-НҰСҚАУ | Жүктеу |
| ЖЕТКІЗУШІНІ ТІРКЕУ | Жүктеу |
| ЖЕТКІЗУШІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕРЕКТЕРДІ ТҮЗЕТУ | Жүктеу |
| ЖЕТКІЗУШІНІҢ KAZ MINERALS-ТЫ БАҒАЛАУЫ | Жүктеу |
| RFQ RFI БОЙЫНША ЖАУАПТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | Жүктеу |
| ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН ШАРТТЫ ЭЦҚ-МЕН SIGEX-КЕ КӨШІРІП АЛУ (ҚАЛЫПТАСТЫРУ) | Жүктеу |
| DDP ЖЕТКІЗУШІСІНІҢ CARGO TRACKING SYSTEM АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫРТҚЫ ПАЙДАЛАНУШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ | Жүктеу |
Қазақстан / Қырғызстан бейрезиденттеріне арналған хат үлгісі
Қазақстан / Қырғызстан бейрезидент-жеткізушілері құрылтай және басқа да құжаттарды ұсына алмаған жағдайда, ресми бланкідегі хатты толтырулары тиіс.
Санкциялық тізімдердің құрамында болуы / болмауы туралы хат үлгісі
Барлық ықтимал жеткізушілер санкциялар тізімдерінде болуы / болмауы туралы хатты толтырып, қол қоюы керек.
Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау жөніндегі сауалнама
Барлық ықтимал жеткізушілер Парақорлық пен жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау жөніндегі сауалнаманы толтырып, қол қоюлары тиіс.
Жеткізушінің сауалнамасы («Востокцветмет» ЖШС, «Востокэнерго» ЖШС үшін)
Барлық ықтимал жеткізушілер жеткізушінің сауалнамасын толтырып, қол қоюлары тиіс.
Қаржылық жағдай сауалнамасы
Барлық ықтимал жеткізушілер Қаржылық жағдай сауалнамасын толтырып, қол қоюлары тиіс.
Сауалнаманы жүктеу
Егер ықтимал жеткізушіні тіркеу рәсімі бойынша сауалдарыңыз болса, келесі қызметкерге хабарласуларыңызға болады:
Жиі қойылатын сұрақтар
Жауап: тіркелу үшін KAZ Minerals ресми сайтындағы «Жеткізушілер» бөліміне өтіп, талаптармен танысып, Oracle жүйесіндегі тіркеу сауалнамасын толтыру қажет.
Жауап: тіркелу сілтемесі:
• KAZ Minerals сайтының «Жеткізушілер» бөлімінде;
• Пайдаланушы нұсқаулығында қолжетімді.
Жауап: стандартты құжаттар пакеті мыналарды қамтиды:
• құрылтай құжаттары;
• банктен анықтама;
• салық органынан анықтама;
• компанияның тіркелгенін растайтын құжаттар;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнама;
• санкциялар туралы хат;
• компания туралы мәліметтердің дұрыстығын, іскерлік беделін және қол қою құқығы бар тұлғаның өкілеттігін растайтын хат (резидент емес жеткізушілер үшін).
Жауап: ең жиі кездесетін себеп — міндетті құжаттардың болмауы немесе қажетті өрістердің толтырылмауы. Сауалнаманы тексеріп, барлық қажетті құжаттарды жүктеу ұсынылады.
Жауап:
• «Спам» қалтасын тексеріңіз;
• электрондық пошта мекенжайының дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз;
• қажет болған жағдайда қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Жауап: бұл тіркеу рәсімінің аяқталмағанын білдіреді. Хаттағы сілтеме арқылы өтіп, сауалнаманы толтыруды және құжаттарды жүктеуді аяқтау қажет.
Жауап: егжей-тегжейлі қадамдар Пайдаланушы нұсқаулығының RFQ/RFI жауаптарын жасау бөлімінің 4.5.1-тармағындағы сипатталған.
Жауап: егжей-тегжейлі қадамдар Пайдаланушы нұсқаулығының “RFQ/RFI жауаптарын жасау” бөлімінің 4.4-тармағында сипатталған.
Жауап: егжей-тегжейлі қадамдар Пайдаланушы нұсқаулығының RFQ/RFI жауаптарын жасау бөлімінің 4.5-тармағында сипатталған.
Жауап: егжей-тегжейлі қадамдар Пайдаланушы нұсқаулығының Жеткізушіні тіркеу бөлімінің 2.4-тармағында және Пайдаланушы нұсқаулығының Жеткізуші деректерін түзеу бөлімінің 2.6.3-тармағында сипатталған.
Жауап: баға жеткізу талаптарында көрсетілген жауап валютасында және ҚҚС-сыз бір дана үшін көрсетіледі.
Жауап: негізінен, Баға белгіленімдерін сұратулар (RFQ) ашық конкурсты немесе аукционды өткізу алдында тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бюджеттік (базалық) құнын анықтау үшін жасалады.
Жауап: коммерциялық ұсынысты тек баға ұсынысына сұрау салу (RFQ) Active мәртебесіне ие болған жағдайда және коммерциялық ұсыныстарды ұсыну мерзімі әлі аяқталмаған болса ғана жіберуге болады.
Жауап: егжей-тегжейлі қадамдар Пайдаланушы нұсқаулығының “RFQ/RFI жауаптарын жасау” бөлімінің тауарларға арналған 4.1.1.15-тармағында, жұмыстарға/қызметтерге арналған 4.2.1.13-тармағында сипатталған.
Жауап: құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы және төмендегілерді қамтуы қажет:
- Бас әріптер (мысалы, A, B, C, …, Z);
- Кіші әріптер (мысалы, a, b, c, …, z);
- Сандар (мысалы, 0, 1, 2, …, 9);
- Арнайы таңбалар (мысалы, ?, !, %, $, # және т.б.).
Жауап: жаңа құпия сөзі бар хабарландыру бірнеше минут ішінде келеді. Егер хабарлама келмесе, Supplier.Registration@Kazminerals.com мекенжайына хат жазу арқылы қолдау қызметіне хабарласу керек.
Жауап: егер кіру деректерін білмесеңіз немесе ұмытып қалсаңыз, қалпына келтіру үшін Supplier.Registration@Kazminerals.com электрондық поштасына хабарласыңыз.
Жауап: егер порталға кірген кезде:
• бет жүктелмесе;
• тіркеу терезесі ашылып, бірден жабылып қалса;
• үздіксіз қайта бағыттау немесе жүйенің қатып қалуы орын алса;
браузердің кэш жадын тазарту ұсынылады. Ол үшін Ctrl + Shift + Delete пернелер тіркесімін пайдаланыңыз.
Жауап: ұсынылады:
• Жүйеге кіріңіз;
• Сол жақ мәзірден KMM iSupplier Portal → Supplier Details бөлімін ашыңыз;
• Одан кейін Профильді басқару бөліміне өтіңіз;
• Ұйым қойындысын ашыңыз;
• Оның ішінде ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙ қойындысын таңдаңыз.