Қазіргі заманғы құлдық туралы мәлімдеме

Топ өз қызметкерлері мен мердігерлерді қазіргі заманғы құлдықтың немесе адам саудасының кез келген фактілері немесе күдікті жағдайлары туралы хабарлауға шақыра отырып, қазіргі заманғы құлдықтың алдын алуға бағытталған саясаттар мен рәсімдерді енгізді.

KAZ Minerals Limited

Қазіргі заманғы құлдық туралы заңға сәйкес 2025 жылға арналған Ашықтық туралы мәлімдеме

Кіріспе

KAZ Minerals Limited Ұлыбританияда тіркелген KAZ Minerals International FZCO тобының (бұдан әрі – «KAZ Minerals» немесе «Топ») еншілес компаниясы болып табылады. KAZ Minerals өз қызметінде де, жеткізу тізбегінде де қазіргі заманғы құлдықтың орын алуына жол бермеу және оның туындау қаупін барынша азайту қағидатын қатаң ұстанады. Осы мәлімдемеде Топтың қазіргі заманғы құлдықтың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілген. KAZ Minerals – Қазақстандағы ең ірі және айтарлықтай беделі бар компаниялардың бірі. Мұндай экономикалық тұрақтылық корпоративтік жауапкершілікпен бірге жүреді, қызметкерлеріміздің, мердігерлеріміздің, олардың отбасыларының құқықтарын қорғау және құрметтеу, сонымен қатар қызметімізді жүзеге асыратын өңірлерде қоршаған ортаны қорғау сақтау. Барлық қызметкердің еңбекақы деңгейі ең төменгі жалақы деңгейінен асады, бұл ретте Қазақстанда жалақы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары. Біз қызметкерлеріміздің қоғамдастықтарға кіру еркіндігі құқығын құрметтейміз. Біз қызметкерлерімізбен және кәсіподақтармен диалог жүргіземіз, сондай-ақ олармен еңбек жағдайларын өзгерту және іскерлік қызметімізді жүргізу мәселелері бойынша кеңесеміз.

Біздің қызметіміз, құрылымымыз және жеткізу тізбегіміз

KAZ Minerals – Қазақстанда ірі ауқымды және төмен шығынды кен орындарды ашық әдіспен игеретін мыс өндіруші компания. Топ Абай облысындағы Ақтоғай және Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық үлгідегі мыс кеніштерінде, Шығыс Қазақстандағы жерасты кеніштері мен үш байыту фабрикаларында, сондай-ақ Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде операциялық қызметін жүргізеді. 2025 жылы мыс өндірісінің жалпы көлемі 370 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 132 мың унция алтын, 3 824 мың унция күміс және концентратта 54 мың тонна мырыш өндірілді. Топтың жиынтық айналымы $4 590 млн құрады. Топтың мыс концентратының басым бөлігі Қытайдағы мыс балқыту қуаттары бар тапсырыс берушілерге жеткізіледі, ал Шығыс өңірден шығарылатын мырыш концентраты Қазақстандағы, Қытайдағы және ТМД елдеріндегі тапсырыс берушілерге сатылады. Шығыс өңірі мен Бозымшақтан өндірілетін мыс концентраты (сондай-ақ Ақтоғай мен Бозшакөл өнімдерінің кейбір бөлігі) толлинг сызбасы бойынша Қазақстандағы Балқаш мыс қорыту зауытында катодты мысқа өңделеді.

2025 жылы Топтың Қазақстан аумағындағы кәсіпорындарында 13.000-ға жуық қызметкер және Қырғызстанда 1.300-ге жуық қызметкер жұмыс істеді, Топтың тау-кен өндіру кәсіпорындарында әртүрлі қызметтер көрсететін мамандандырылған 588-ге жуық жеке мердігер ұйымдар жұмылдырылды, олардың қызметкерлер саны жергілікті тұрғындар мен шетел азаматтарын қоса алғанда, Топ алаңдарында 19.000-нан аса адамды құрады. KAZ Minerals бизнес-моделі туралы толық ақпарат Топтың веб-сайтында берілген.

Топтың жеткізу тізбегіне білікті және біліктілігі жоқ жұмыс күшін, электр энергиясын, көлікті, балқыту қуатын және басқа қызметтерді ұсынатын, сондай-ақ мыс пен ілеспе өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сату үшін шығын материалдары мен шикізатты қамтамасыз ететін мердігерлер мен жеткізушілер кіреді. Топтың негізгі жеткізушісі Қазақстандағы Балқаш мыс балқыту зауыты болып табылады, онда 2025 жылы 100,8 мың тонна катодты мыс, 40 мың унция құйма алтын және 1 772 мың унция құйма күміс (толлинг схемасы бойынша) өңделген.

Ұлттық мән

Walk Free қоры жариялаған Жаһандық құлдық индексінің (2023) деректеріне сәйкес Қазақстан мен Қырғызстан Еуропа және Орталық Азия өңірінде 9-шы және 14-ші орындарды иеленеді. Қазіргі құлдықта Қазақстан мен Қырғызстанда халықтың тиісінше 1,1% және 0,9% тұрады деп есептеледі.  Ел деңгейінде құлдықтың таралу рейтингі бойынша әлемнің 160 елінің ішінен Қазақстан 17-ші, ал Қырғызстан 28- ші орынға ие болды (бұл ретте 1-орын құлдықтың таралуы бойынша ең жоғары бағалау көрсеткішін білдіреді, ал 160-орын қазіргі құлдықтың таралуының ең төменгі бағалау көрсеткішін білдіреді).

 Біздің қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасына қатысты саясатымыз

Топ қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасының қаупін анықтауға, алдын алуға және азайтуға бағытталған саясаттар мен рәсімдерді әзірледі және қызметкерлер мен мердігерлерді KAZ Minerals басшылығына немесе қызметімізді жүзеге асыратын барлық елдерде жергілікті телефон нөмірлері бар «Speak Up» құпия хабарласу жүйесінің көмегімен Топтың саясаттарында белгіленген қағидаттардың бұзылуына қатысты кез келген күдік немесе фактілер туралы хабарлауға шақырады.

Топтың Жұмысқа әділ түрде қабылдау шарттары туралы кодексі Топ қызметкерлеріне де, Топ жеткізушілерінің және мердігерлерінің қызметкерлеріне де қатысты сақталуы тиіс стандарттарды белгілейді. Ол адам саудасына кез келген түрде қатысуға тыйым салады және кез келген мәжбүрлі, міндетті, әділетсіз немесе балалар еңбегіне, паспорттарды немесе жеке басын куәландыратын құжаттарды тартып алуға, депозиттер алуға, қозғалыс еркіндігін шектеуге және жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру үшін ақы алуға тыйым салатын ережелерді қамтиды. Мердігер компаниялардың барлық қызметкерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген еңбек шарттары болуы, заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жоғары жалақы алуы, заңда белгіленген шектеулерге сәйкес келетін тең жағдайы, жұмыс уақыты және сонымен қатар шағымдарды қарау рәсімдері оларға қолжетімді болуы тиіс. Қатыгездікке және адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынасқа тыйым салынады, қызметкерлер қандай да бір санкцияларсыз немесе мәжбүрлеусіз еңбек шартын бұзуға және жұмыс орнынан кетуге құқылы.

Жеткізушілермен өзара әрекеттесу регламентінде Топтың адам құқықтары, қызметкерлердің әл-ауқаты, парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті тұрғындармен өзара әрекеттесу және қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі саласында өз жеткізушілеріне қойылатын талаптары белгіленген.

Топтың Адам құқықтары жөніндегі саясатының мақсаттары – Топтың өз қызметін жүзеге асыратын қоғамдастықтарда, Топ қызметінің барлық аспектісінде адам құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету.  Біз БҰҰ-ның Адам құқықтары аспектісінде кәсіпкерлік қызметтің басшылық қағидаттарын қабылдадық.

Біздің саясаттарымыз барлық іскерлік қарым-қатынастарда адалдық қағидаттарын ұстануға деген бейілділігімізді көрсетеді және жеткізу тізбегімізде құлдық пен адам саудасының болмауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Төменде келтірілген Топтың саясаттарымен Топтың веб-сайтында танысуға болады.

  1. Жұмысқа әділ түрде қабылдау шарттары туралы кодекс (LINK)
  2. Жеткізушілермен өзара әрекеттесу регламенті (LINK)
  3. Адам құқықтары жөніндегі саясат (LINK)
  4. Заңнаманы және этикалық нормаларды бұзу туралы хабарлау саясаты (Speak-Up) (LINK)

Біздің қызметімізде және жеткізілім тізбегінде қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасына қатысты кешенді тексеру процестері

Топ барлық жеткізуші мен мердігерге олардағы талаптарды сақтау жүйелері мен процестері туралы ақпаратты алу үшін, сондай-ақ Топтың оның стандарттарына сәйкес келетін іскери серіктестермен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін кешенді тексеру жүргізеді. Кешенді тексеру процесі жеткізушілерден өздерінің сәйкестік бағдарламасын немесе іскерлік этика кодексін ұсынуды, өздерінде парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қолданыстағы саясаттың бар екендігін растауды, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат бере отырып, өз ұйымында қазіргі заманғы құлдықтың қандай да бір көріністері туралы хабарлауды талап етеді. Барлық жеткізуші Топпен шарт жасаған кезде Топтың саясатын сақтауға және Жеткізушілермен өзара әрекеттесу регламенті мен Жұмысқа әділ түрде қабылдау шарттары туралы кодексте белгіленген стандарттарды сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдауға міндетті. Жүргізілген кешенді тексерудің кез келген теріс нәтижелері, Жеткізушілермен өзара әрекеттесу регламенті немесе Жұмысқа әділ түрде қабылдау шарттары туралы кодекс ережелерінің кез келген бұзылуы немесе саясаттардың сақталуын растаудан бас тартуы Топтың мұндай жеткізушімен жасалған шартты бұзуына және/немесе болашақта мердігер ұйымды Топпен бірге жұмыс істеу мүмкіндігінен айыруға әкеліп соғуы мүмкін.

Қауіп-қатерлерді бағалау

2025 жылы қазіргі заманғы құлдықтың ең жоғары ықтимал қаупіне неғұрлым тап болғыш жеткізушілерді анықтау мақсатында Жаһандық құлдық индексін, жеткізушілердің еңбек саясаты мен жеткізу тізбегін басқару құралдарын қоса алғанда, бірқатар дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалана отырып, Топтың негізгі жеткізушілерінің тәуекелдеріне бағалау жүргізілді. Қазіргі заманғы құлдықтың ықтимал қаупі санатына жатқызылған жеткізушілерге олардың саясаты мен процестеріне қатысты қосымша тексерулер жүргізілетін болады. Тәуекелдерді бағалау жүргізілгеннен кейін Топтың негізгі жеткізушілерінің кез келгеніне қатысты қосымша кешенді тексеру жүргізу талап етілетін бірде-бір жағдай тіркелмеді.

Тиімділікті бағалау

Қызметкерлерден Топтың жеткізу тізбегінде құлдық пен адам саудасы жағдайларының алдын алу мақсатында жеткізушілер мен мердігерлерге мониторинг жүргізуді, сондай-ақ Топтың саясатын бұзу туралы кез келген күдік туралы тиісті арналар арқылы хабарлауын өтінеміз.

Топтың өз қызметінің аясында құлдық пен адам саудасының пайда болу қаупін басқару үшін оның жұмыскерлері арасында ішкі еңбек практикасына тұрақты түрде бағалау жүргізіледі. Жүргізілген бағалаулар Топтың өз қызметкерлері арасында қазіргі заманғы құлдық жағдайларының жоқ екенін растайды.

Топтың тәуелсіз жұмыс істейтін «Speak Up» жүйесі бар, ол біздің қызметкерлерге, мердігерлерге, жеткізушілерге, іскерлік серіктестерге және басқа да сыртқы мүдделі тараптарға мәселелер туралы құпия әрі қауіпсіз хабарлау тәсілін ұсынады. Бұл механизм шағымдарды жасырын беруге мүмкіндік береді. Топ өздерінің қорқыныштары туралы адал хабарлаған қызметкерлерге қатысты қудалаудың кез келген түріне жол бермейді. Барлық шағым мұқият тергеледі, нәтижелері Байқау кеңесінің Аудит жөніндегі комитетіне немесе Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және тұрақты даму жөніндегі комитетіне ұсынылады, олардың отырыстары жыл бойы тұрақты түрде өткізіледі.

2025 жылы Топтың барлық кәсіпорындарының басшылары еңбек жағдайларына, атап айтқанда, мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің арасында, бағалау мен мониторинг жүргізілгенін және қазіргі заманғы құлдық жағдайларының немесе белгілерінің анықталмағанын растады. Әрбір кәсіпорынның бас директорлары сонымен қатар объектілерде мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне олардың еңбек жағдайларына қанағаттануы бойынша қысқа сауалнамаларды іріктеп жүргізді және жауаптарды жазбаша түрде тіркеді, оларға сауалнамаға қатысушылар қол қойды.

Қызметкерлерді қазіргі заманғы құлдық және адам саудасы мәселелері бойынша оқыту

Топта мердігерлерге, әсіресе өндірістік объектілерге бақылау жүргізумен байланысты функциялары бар жабдықтау қызметі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасы қызметкерлерінің және менеджерлерінің қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасының қауіптерін түсінуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Жұмысқа әділ түрде қабылдау шарттары туралы кодекс пен Жеткізушілермен өзара әрекеттесу регламентінде қамтылған тиісті стандарттар туралы хабардар болуын арттыру мақсатында оларға арналған оқыту бағдарламасы бар. 2025 жылы оқыту тиісті лауазымдарға қабылданған жаңа қызметкерлерге арналған кіріспе нұсқамалық аясында да, қайталама нұсқамалық түрінде де жалғасты.

Қосымша оқыту осы бөлімшелерде қырағылықты қамтамасыз ету мақсатында құрылыс мердігер ұйымдары жұмысшыларының басым бөлігі жұмылдырылған Топтың құрылыс жобаларында жаңа жоғары буын басшыларына жүргізіледі. Бөлімше басшылары оқу материалдары мен білімді өз ұжымдарына жеткізуді қамтамасыз етеді.

 Келесі қадамдар

KAZ Minerals бүкіл Топ бойынша бақылау жүйесін үздіксіз жетілдіруге ұмтылады. 2026 жылы Топ хабардарлық деңгейін арттыруды жалғастырады, сондай-ақ Топта немесе оның жеткізу тізбегінде құлдық пен адам саудасы тәуекелдерін болғызбау және төмендету мақсатында қабылданған шаралардың тиімділігін бағалап, бақылауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда қосымша шараларды енгізеді.

Қосымша ақпарат

Топтың адам құқықтары мен еңбек қатынастары мәселелеріне қатысты тәсілі туралы неғұрлым толық ақпарат Топтың веб-сайтындағы «Біздің саясаттар» бөлімінде орналастырылған.

Осы мәлімдеме 2015 жылғы Қазіргі заманғы құлдық туралы заңның 54(1)-бөліміне сәйкес әзірленген және 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған қаржы жылы үшін KAZ Minerals Limited компаниясы мен оның еншілес кәсіпорны KAZ Minerals Sales Limited компаниясының қазіргі заманғы құлдыққа қатысты мәлімдемесі болып табылады. Осы мәлімдемені 2026 жылғы 30 маусымда KAZ Minerals Limited Директорлар Кеңесі бекіткен.

2025 жылғы мәлімдемені жүктеу

2024 жылғы мәлімдемені жүктеу
2023 жылғы мәлімдемені жүктеу
2022 жылғы мәлімдемені жүктеу
2021 жылғы мәлімдемені жүктеу
2020 жылғы мәлімдемені жүктеу
2019 жылғы мәлімдемені жүктеу
2018 жылғы мәлімдемені жүктеу
2017 жылғы мәлімдемені жүктеу
2016 жылғы мәлімдемені жүктеу