By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
KAZ Minerals барлық қызметкерлер мен мердігерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ұмтылады және біз 2021 жылы Топ кәсіпорындарында өліммен аяқталған бірде-бір жазатайым оқиғаның болмағанын қуана хабарлаймыз. Директорлар кеңесі мен жоғары басшылық Топтың өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтитын «Goal Zero» бастамасын жүзеге асыруға міндеттеме алды. Топтың қауіпсіздік мәселелеріне көбірек көңіл бөлуі оның кәсіпорындарында жарақаттар мен өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың ұзақ мерзімді төмендеу тенденциясына әкелді.
KAZ Minerals кісі өлімімен аяқталатын барлық жазатайым оқиғалардың алдын алуға және сақтануға болады деп санайды. Кез келген кісі өлімімен болған жазатайым оқиғалардан кейін өндірістік операциялар тоқтатылады. Жоғары басшылық қысқа уақыт ішінде объектіге келеді. Кісі өлімімен аяқталатын барлық жазатайым оқиғаларды мемлекеттік органдар тергеп-тексереді. Осы процесс аяқталғаннан кейін Топ алдағы уақытта осындай оқиғалардың қайталануын болғызбау үшін себептерді анықтау және регламенттердегі кез келген өзгерістерді немесе өзге де өзгерістерді анықтау үшін өзі мұқият тергеу жүргізеді.
Ашық әдіспен өндіру, әрине жер асты кенішіндегі өндіруден қауіпсіздеу. Топтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы көрсеткіштері ашық кеніштердегі жұмыс көлемінің ұлғаюына қарай жақсарды. Соңғы жылдары оның ашық типтегі кеніштерінде Топтың өндіріс көлемінің едәуір бөлігі орындалды. Ақтоғай, Бозшакөл және Бозымшақ ашық үлгідегі кеніштерде кен өндіру жұмыстары басталғаннан бері жұмыс істелген 85 миллион адам-сағатты құрайтын уақытта кісі өлімімен аяқталған бірде-бір жазатайым оқиға болған жоқ.
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
Толығымен2021 жылы ICMM мүше компаниялары үшін тіркелген жарақаттардың орташа жалпы жиілігі (TRIFR, тіркелген жарақаттардың жиынтық коэффициенті) 2,90 құрады (2020: 2,94). ICMM анықтамаларына сәйкес тіркелген жарақаттар – бұл уақытша еңбекке қабілеттілігінен айырылған, еңбекке қабілеттілігі шектеулі және алғашқы медициналық көмек көрсетуді қажет ететін барлық жарақаттар. Қауіпті факторлар, шамалы жарақаттар және ықтимал қауіпті оқиғалар туралы тергеу және есеп беру, қауіптілігі жоғары оқиғаларға назар аудара отырып, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау саласындағы көрсеткіштерді жақсартудың маңызды құралы болып табылады.
2021 жылы 54 TRI жағдайы тіркелді, бұл 2020 жылы тіркелген 54 жарақатпен салыстырғанда өзгермеген. 2021 жылы еңбек шығындары негізінен (2020: Ақтоғайды кеңейту жобасында атқарылған 13,5 млн адам-сағаттың есебінен 13%-ға ұлғайып, 53,1 млн адам-сағатты (2020: 47,2 млн адам-сағат) құрады. Директорлар кеңесі мен басшылық 2021 жылы Топтың TRIFR көрсеткіші 1,02-ге (2020: 1,14) дейін төмендегенін мақтан тұтады, бұл Топ тарихындағы ең төменгі көрсеткіш. Топтың қауіпсіздік мәдениеті мен оның барлық салаларындағы қауіпсіздік процедураларына назар аударуы жыл бойына жалғасқан TRIFR көрсеткішінің ұзақ мерзімге төмендеуіне қол жеткізді. KAZ Minerals-да тіркелген жарақаттардың жалпы жиілігі (TRIFR) бірнеше жыл бойы ICMM орташа деңгейінен төмен болды.
Өзінің өндірістік қызметін ашық тәсілмен жүзеге асыратын Топ кәсіпорындарында жарақатсыз еңбек ету қабілетінен айырылып жұмыс істеген ең ұзақ уақыт 2018-2021жж. кезеңінде 341 күн (Ақтоғай), 630 күн (Бозшакөл) және 817 күн (Бозымшақ) болды. Сондай-ақ, көрсетілген кезең ішінде Шығыс өңірінің кәсіпорындарында жарақаттану деңгейі айтарлықтай төмендеді.
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
ТолығыменЕҚ және ҚТ саласындағы бастама
Толығымен2021 жылы кәсіби аурулардың 92 жаңа оқиғасы тіркелді (2020: 70). 2021 жылғы тіркелген жаңа оқиғалардың көпшілігі тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен, жүйке ауыруымен, силикозбен және шаң бронхитімен байланысты.
Кәсіби аурулар, әдетте, нашар эргономика, діріл, шаң немесе шу сияқты қауіп факторларының ұзақ уақыт бойы әсер етуінен дамиды. Топта бұл мүмкін болған жағдайда, мысалы, қызметкерлердің денсаулығына зиянды өндірістік факторлардың әсеріне көп ұшырататын міндеттерді орындауы үшін уақытты шектеу арқылы тәуекел факторларын жою немесе төмендету бойынша шаралар қолданылады. Кәсіби аурулардың дамуының басталуын уақытылы анықтауды қамтамасыз ету үшін жыл сайынғы медициналық тексерулер жүргізіледі.
2021 жыл ішінде Топтың жерасты кеніштерінде кәсіптік аурулардың жалпы себептерін жою, соның ішінде жетілдірілген ЖҚҚ қолдану және аса қауіпті жұмыс орындарында автоматтандыру деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар әзірленді.
2021 жылы ашық үлгідегі Ақтоғай, Бозшакөл және Бозымшақ кеніштерінде кәсіптік аурулар анықталған жоқ.
2019 жылы Топ қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша "Goal Zero" атты жаңа кешенді бастамасын енгізді.
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғауКеніштің барлық аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттары жиірек қолданылады
Толығымен