By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС кәсіпорында қауіпсіз әрі тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін кеніштің бүкіл аумғында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданады. Жұмыскерлердің қауіпсіздігі – біздің басты ұстанымымыз, ал KAZ Minerals қызметкерлер атқаратын қауіпті жұмыстарды қысқартуға қол жеткізу үшін технологияларды қолдануға болатын өзінің өндірістік қызмет саласын айқындауға барынша тырысады.
Ұшқышсыз ұшу аппараттары геодезиялық жұмыстарды автоматтандыру үшін қолданады, мұнда олар нақты уақыт режимінде фотограмметрияға арналған бағдарламалық жасақтамамен үйлесімде кешенді деректерді ұсына алады. Ұшқышсыз ұшу аппараттары карьердің, қоймалар мен үйінділердің маңайындағы жету қиын учаскелерге жете алады, бұл геодезистерді жету қиын немесе қауіпті жерлерге жіберу қажеттілігінен арылтады.
Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары электр беріліс желілерінің жай-күйін бағалау және жоспарлы техникалық қызмет көрсету қажеттілігін анықтау үшін қолданылды. Бұл қызметкерлер үшін биіктікте жұмыстар жүргізу қажеттілігін төмендетіп, жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Бозшакөл ТБК қалдыққоймасындағы жоғары ажыратымдылықты аэрофототүсірілім өндірістік алаңдағы жұмыскерлердің жалпы қалдықойманың жай-күйін, бөгеттердің жай-күйін және өлшенген заттардың айналма суда таралуын дұрыс бағалауына мүмкіндік берді. Кез келген айқындалған мәселе бойынша шұғыл әрекет ету үшін қалдыққойманы тұрақты бақылау кезінде дрондарды қолдануға болады.
Бозшакөл ТБК басшылығы карьерде геотехникалық жұмыстарды жүргізу кезінде де дрондарды пайдаланды, бұл үнемі беткейлердің орнықтылығын бағалауға және карьер борттарын картаға түсіруге мүмкіндік берді. Ұшқышсыз ұшу аппараттары өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігін тұрақты түрде арттыру мақсатында кен жинауға арналған учаскелердің, қалдық үйінділерінің, жоғарғы топырақ қабатына арналған қоймалардың орналасқан жерлерін, жолдардың орналасуы мен электр беріліс желілерін жобалауды қоса алғанда өндірістік алаңдарды жоспарлау кезінде де пайдалы болып шықты.