By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
2020 жылдың бірінші тоқсанында барлық тау-кен компаниялары үшін жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселесі COVID-19 таралуының алдын алу мәселесі болды. Топ өз қызметкерлері мен мердігерлерді қорғау үшін уақытылы шаралар қабылдады.
Пандемияның алғашқы кезеңдерінде барлық өндірістік бөлімшелерде инфекциямен күресу шаралары қабылданды. Ақтоғай және Бозшакөл өндірістік бөлімшелеріне қолжетімділік осы бөлімшелердің вахталық қалашықтарында тікелей жақын жерде тұратын жұмыскерлер мен мердігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 22 наурыздан мамыр айының соңына дейін жабылды. Осы бастапқы кезеңде өндірістік қызмет үстеме ауысымдармен қамтамасыз етілді, өндірістік алаңдарды COVID-тен қорғауды қамтамасыз ету және сырттан жұқтырудың алдын алу үшін вахта уақыты ұзартылды, қызметкерлерді алмастыру үшін қорғау шаралары қабылданды. Объектіде болуы міндетті емес барлық жұмыскерлер қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды.
Мамыр айында Қазақстанда кейбір шектеулер алынып тасталғанда, Топ өндірістік объектілерде вахталық қызметкерлерді ауыстырды және вахталық жұмыстың қайта қаралған схемасын енгізді. Кеңейтілген жаңа ауысым кестесінің мақсаты ауысым санын азайту және жаңадан келген қызметкерлер үшін тестілеу және оқшаулау жүйелерін енгізу болды.
Топ экспресс-тест және ПТР тест жиынтығының ірі партиясын сатып алды, шілде айында Ақтоғайда мамандандырылған ПТР-диагностика орталығын ашты және негізгі қызметкрелер қатарына жіберілгенге дейін жаңадан келген қызметкерлерді оқшаулау үшін жеке блоктар ұйымдастырды.
Қазақстандағы қолданыстағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес барлық қызметкерлер өндірістік объектіге келуден үш күн бұрын тұрғылықты жерінде ПТР тест тапсыруы тиіс. Топ сапар барысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың барлық шараларын сақтай отырып, объектідегі вахталық қалашыққа дейін жету үшін көлікті ұйымдастырады.
Қызметкерлер Ақтоғайға немесе Бозшакөлге келген кезде уақытша карантинге арналған арнайы оқшаулағыш бокстарға орналастырылады, онда экспресс-тест және ПТР тест жасалады.
Көп сатылы тестілеу мен уақытша оқшаулаудың үйлесімділігі негізгі қызметкерлерді жұқтыру қаупінен қорғайды, бұл ретте ПТР тест нәтижесі оң болып шыққан жағдайда ол жұмысқа жіберілмейді. Алғашқы медициналық көмек көрсету пункттері және Топтың өндірістік нысандарындағы төтенше жағдай тәртібі пандемия кезінде тиімді екендігі дәлелденді.
COVID-19-дан қорғау үшін қабылданған жедел шаралар қызметкерлер мен мердігерлер үшін тәуекелдерді және 2020 жылы Топтың өндірістік қызметіне ықпалды барынша азайтты, сондай-ақ пандемия басталғанға дейін ақпан айында белгіленген барлық металдар бойынша өндірістің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізілді.