By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Топ барлық жұмыскерлер мен мердігерлерді қазіргі заманғы құлдықтың немесе адам саудасының кез келген қазіргі немесе күдікті жағдайлары туралы дереу хабардар етуге шақыра отырып, қазіргі заманғы құлдықтың алдын алуға бағытталған саясат пен процедураларды белгіледі.
KAZ Minerals Limited Ұлыбританияда тіркелген KAZ Minerals International DMCC тобының (бұдан әрі – «KAZ Minerals» немесе «Топ») еншілес компаниясы болып табылады. 2024 жылдың 28 мамырына дейін Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасында орналасқан Топтың тау-кен активтері KAZ Minerals Limited компаниясының жанама иелігінде болды. Көрсетілген күннен бастап бұл активтер Ұлыбританияның юрисдикциясынан тыс тіркелген Топтың еншілес кәсіпорнының бақылауына өтті. KAZ Minerals өз қызметінде де, жеткізу тізбегінде де заманауи құлдықтың болмауын қамтамасыз ету бойынша өзінің міндеттемесін растайды. Осы мәлімдеме қазіргі құлдықтың кез келген түрінің алдын алу мақсатында Компания қабылдаған шараларды көрсетеді. KAZ Minerals – Қазақстандағы ең ірі және айтарлықтай беделі бар компаниялардың бірі. Мұндай экономикалық тұрақтылық корпоративтік жауапкершілікпен бірге жүреді, қызметкерлеріміздің, мердігерлеріміздің, олардың отбасыларының құқықтарын қорғау және құрметтеу, сонымен қатар қызметімізді жүзеге асыратын өңірлерде қоршаған ортаны қорғау сақтау. Барлық қызметкердің еңбекақы деңгейі ең төменгі жалақы деңгейінен асады, бұл ретте Қазақстанда жалақы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары. Біз қызметкерлеріміздің қоғамдастықтарға кіру еркіндігі құқығын құрметтейміз. Біз қызметкерлерімізбен және кәсіподақтармен диалог жүргіземіз, сондай-ақ олармен еңбек жағдайларын өзгерту және іскерлік қызметімізді жүргізу мәселелері бойынша кеңесеміз.
KAZ Minerals – Қазақстан мен Қырғызстанда ашық үлгідегі ірі көлемді төмен шығынды кеніштерді дамытуға бағдарланған өсу қарқыны жоғары мыс өндіруші компания. Топ Абай облысындағы Ақтоғай және Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық үлгідегі мыс кеніштерінде, Шығыс Қазақстандағы жерасты кеніштері мен үш байыту фабрикаларында, сондай-ақ Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде операциялық қызметін жүргізеді. 2024 жылы мыс өндірісінің жалпы көлемі 380 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 146 мың унция алтын, 3 728 мың унция күміс және концентратта 43 мың тонна мырыш өндірілді. Топтың жалпы айналымы $4 139 млн құрады. Топтың мыс концентратының басым бөлігі Қытайдағы мыс балқыту қуаттары бар тапсырыс берушілерге жеткізіледі, ал Шығыс өңірден шығарылатын мырыш концентраты Қазақстандағы, Қытайдағы және ТМД елдеріндегі тапсырыс берушілерге сатылады. Шығыс өңірі мен Бозымшақтан өндірілетін мыс концентраты (сондай-ақ Ақтоғай мен Бозшакөл өнімдерінің кейбір бөлігі) толлинг сызбасы бойынша Қазақстандағы Балқаш мыс қорыту зауытында катодты мысқа өңделеді.
2024 жыл ішінде Топтың Қазақстан аумағындағы кәсіпорындарында 13 000-ға жуық қызметкер және Қырғызстанда 1 000-ға жуық қызметкер жұмыс істеді, Топтың тау-кен өндіру кәсіпорындарында әртүрлі қызметтер көрсететін мамандандырылған 430-ке жуық жеке мердігер ұйымдар жұмылдырылды, олардың қызметкерлер саны жергілікті тұрғындар мен шетел азаматтарын қоса алғанда, Топ алаңдарында шамамен 19 000 адамды құрады. KAZ Minerals бизнес-моделі туралы толық ақпарат Топтың веб-сайтында берілген.
Топтың жеткізу тізбегіне білікті және біліктілігі жоқ жұмыс күшін, электр энергиясын, көлікті, балқыту қуатын және басқа қызметтерді ұсынатын, сондай-ақ мыс пен ілеспе өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сату үшін шығын материалдары мен шикізатты қамтамасыз ететін мердігерлер мен жеткізушілер кіреді. Топтың негізгі жеткізушісі Қазақстандағы Балқаш мыс балқыту зауыты болып табылады, онда 2024 жылы 68,7 мың тонна катодты мыс, 43 мың унция құйма алтын және 1708 мың унция құйма күміс (толлинг схемасы бойынша) өңделген.
Walk Free Foundation қоры жариялаған Құлдықтың жаңартылған жаһандық индексіне сәйкес Қазақстан мен Қырғызстан Еуропа мен Орталық Азияда тиісінше 9-шы және 14-ші орында. Қазіргі құлдықта Қазақстан мен Қырғызстанда халықтың тиісінше 1,1% және 0,9% тұрады деп есептеледі. Ел деңгейінде құлдықтың таралу рейтингі бойынша әлемнің 167 елінің ішінен Қазақстан 17-ші, ал Қырғызстан 28- ші орынға ие болды (бұл ретте 1-орын құлдықтың таралуы бойынша ең жоғары бағалау көрсеткішін білдіреді, ал 167-орын қазіргі құлдықтың таралуының ең төменгі бағалау көрсеткішін білдіреді). Қазақстанда еңбек мигранттарының өмір сүру және жұмыс жағдайларына қатысты алаңдаушылық туғызатын негізгі салалар құрылыс, мақта және темекі өнеркәсібі болып табылады.1
1 Жаһандық құлдық индексі, Walk Free Foundation қоры
Топ қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасының қаупін анықтауға, алдын алуға және азайтуға бағытталған саясаттар мен рәсімдерді әзірледі және қызметкерлер мен мердігерлерді KAZ Minerals басшылығына немесе қызметімізді жүзеге асыратын барлық елдерде жергілікті телефон нөмірлері бар «Speak Up» құпия хабарласу жүйесінің көмегімен Топтың саясаттарында белгіленген қағидаттардың бұзылуына қатысты кез келген күдік немесе фактілер туралы хабарлауға шақырады.
Топтың Жұмысқа әділ түрде қабылдау шарттары туралы кодексі Топ қызметкерлеріне де, Топ жеткізушілерінің немесе мердігерлерінің қызметкерлеріне де қатысты сақталуы тиіс стандарттарды белгілейді. Ол адам саудасына кез келген түрде қатысуға тыйым салады және кез келген мәжбүрлі, міндетті, әділетсіз немесе балалар еңбегіне, паспорттарды немесе жеке басын куәландыратын құжаттарды тартып алуға, депозиттер алуға, қозғалыс еркіндігін шектеуге және жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру үшін ақы алуға тыйым салатын ережелерді қамтиды. Мердігер компаниялардың барлық қызметкерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген еңбек шарттары болуы, заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жоғары жалақы алуы, заңда белгіленген шектеулерге сәйкес келетін тең жағдайы, жұмыс уақыты және сонымен қатар шағымдарды қарау рәсімдері оларға қолжетімді болуы тиіс. Қатыгездікке немесе адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынасқа қатаң тыйым салынады және қызметкерлер кез келген уақытта еңбек шартын бұзып, жұмыс орнынан кетуге құқылы болуы керек.
Жеткізушілермен өзара әрекеттесу регламентінде Топтың адам құқықтары, қызметкерлердің әл-ауқаты, парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті тұрғындармен өзара әрекеттесу және қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі саласында өз жеткізушілеріне қойылатын талаптары белгіленген.
Топтың Адам құқықтары жөніндегі саясатының мақсаттары – Топтың өз қызметін жүзеге асыратын қоғамдастықтарда, Топ қызметінің барлық аспектісінде адам құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету. Біз БҰҰ-ның Адам құқықтары аспектісінде кәсіпкерлік қызметтің басшылық қағидаттарын қабылдадық.
Біздің саясаттарымыз барлық іскерлік қарым-қатынастарда адалдық қағидаттарын ұстануға деген бейілділігімізді көрсетеді және жеткізу тізбегімізде құлдық пен адам саудасының болмауын қамтамасыз етуге бағытталған.
Төменде келтірілген Топтың саясаттарымен Топтың веб-сайтында танысуға болады:
Топ барлық жеткізуші мен мердігерге олардағы талаптарды сақтау жүйелері мен процестері туралы ақпаратты алу үшін, сондай-ақ Топтың оның стандарттарына сәйкес келетін іскери серіктестермен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін кешенді тексеру жүргізеді. Кешенді тексеру процесі жеткізушілерден өздерінің сәйкестік бағдарламасын немесе іскерлік этика кодексін ұсынуды, өздерінде парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қолданыстағы саясаттың бар екендігін растауды, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат бере отырып, өз ұйымында қазіргі заманғы құлдықтың қандай да бір көріністері туралы хабарлауды талап етеді. Барлық жеткізуші Топпен шарт жасаған кезде Топтың саясатын сақтауға және Жеткізушілермен өзара әрекеттесу регламенті мен Жұмысқа әділ түрде қабылдау шарттары туралы кодексте белгіленген стандарттарды сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдауға міндетті. Жүргізілген кешенді тексерудің кез келген теріс нәтижелері, Жеткізушілермен өзара әрекеттесу регламенті немесе Жұмысқа әділ түрде қабылдау шарттары туралы кодекс ережелерінің кез келген бұзылуы немесе саясаттардың сақталуын растаудан бас тартуы Топтың мұндай жеткізушімен жасалған шартты бұзуына және/немесе болашақта мердігер ұйымды Топпен бірге жұмыс істеу мүмкіндігінен айыруға әкеліп соғуы мүмкін.
2024 жылы қазіргі заманғы құлдықтың ең жоғары ықтимал қаупіне неғұрлым тап болғыш жеткізушілерді анықтау мақсатында Жаһандық құлдық индексін, жеткізушілердің еңбек саясаты мен жеткізу тізбегін басқару құралдарын қоса алғанда, бірқатар дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалана отырып, Топтың негізгі жеткізушілерінің тәуекелдеріне бағалау жүргізілді. Қазіргі заманғы құлдықтың ықтимал қаупі санатына жатқызылған жеткізушілерге олардың саясаты мен процестеріне қатысты қосымша тексерулер жүргізілетін болады. Тәуекелдерді бағалау жүргізілгеннен кейін Топтың негізгі жеткізушілерінің кез келгеніне қатысты қосымша кешенді тексеру жүргізу талап етілетін бірде-бір жағдай тіркелмеді.
Қызметкерлер Топтың жеткізу тізбектерінде қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасы жағдайларының алдын алу мақсатында жеткізушілер мен мердігерлерді бақылауға, сондай-ақ Топ саясаттарының бұзылуына қатысты кез келген күдік туралы тиісті байланыс арналары арқылы хабарлауға міндетті.
Топтың өз қызметінің аясында қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасының пайда болу қаупін басқару үшін өз қызметкерлері арасында ішкі еңбек практикасына тұрақты түрде бағалау жүргізіледі. Жүргізілген бағалаулар Топтың өз қызметкерлері арасында қазіргі заманғы құлдық жағдайларының жоқ екенін растайды.
Топтың тәуелсіз жұмыс істейтін «Speak Up» жүйесі бар, ол біздің қызметкерлерге, мердігерлерге, жеткізушілерге, іскерлік серіктестерге және басқа да сыртқы мүдделі тараптарға мәселелер туралы құпия әрі қауіпсіз хабарлау тәсілін ұсынады. Бұл механизм шағымдарды жасырын беруге мүмкіндік береді. Топ өздерінің қорқыныштары туралы адал хабарлаған қызметкерлерге қатысты қудалаудың кез келген түріне жол бермейді. Барлық шағым мұқият тергеледі, нәтижелері Байқау кеңесінің Аудит жөніндегі комитетіне немесе Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және тұрақты даму жөніндегі комитетіне ұсынылады, олардың отырыстары жыл бойы тұрақты түрде өткізіледі.
2024 жыл ішінде Топтың барлық кәсіпорындарының басшылары еңбек жағдайларына, атап айтқанда, мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің арасында, бағалау мен мониторинг жүргізілгенін, бұл ретте KAZ Minerals объектілерінде қазіргі заманғы құлдық жағдайларының немесе белгілерінің анықталмағанын растады. Басшылар сонымен қатар объектілерде мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне олардың еңбек жағдайларына қанағаттануы бойынша қысқа сауалнамаларды іріктеп жүргізді және жауаптарды жазбаша түрде тіркеді, оларға сауалнамаға қатысушылар қол қойды.
Топта мердігерлерге, әсіресе өндірістік объектілерге бақылау жүргізумен байланысты функциялары бар жабдықтау қызметі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасы қызметкерлерінің және менеджерлерінің қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасының қауіптерін түсінуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Жұмысқа әділ түрде қабылдау шарттары туралы кодекс пен Жеткізушілермен өзара әрекеттесу регламентінде қамтылған тиісті стандарттар туралы хабардар болуын арттыру мақсатында оларға арналған оқыту бағдарламасы бар. 2024 жылы оқыту тиісті лауазымдарға қабылданған жаңа қызметкерлерге арналған кіріспе нұсқамалық аясында да, қайталама нұсқамалық түрінде де жалғасты.
Қосымша оқыту осы бөлімшелерде қырағылықты қамтамасыз ету мақсатында құрылыс мердігер ұйымдары жұмысшыларының басым бөлігі жұмылдырылған Топтың құрылыс жобаларында жаңа жоғары буын басшыларына жүргізіледі. Бөлімше басшылары оқу материалдары мен білімді өз ұжымдарына жеткізуді қамтамасыз етеді.
KAZ Minerals өзінің барлық бөлімшесінде бақылау жүйесін үнемі жетілдіруге ұмтылады. 2025 жылы Топ хабардарлық деңгейін арттыруды, сондай-ақ Топта немесе оның жеткізу тізбегінде құлдық пен адам саудасының жоқтығын қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауды және бақылауды жалғастырады, қажет болған жағдайда қосымша шараларды енгіземіз.
Топтың адам құқықтары және еңбек қатынастары мәселелеріне қатысты көзқарасы туралы толық ақпарат Топтың веб-сайтындағы "Қоршаған орта, әлеуметтік сала және басқару мәселелері" бөлімінде (СІЛТЕМЕ) берілген.
Осы мәлімдеме 2015 жылғы Қазіргі заманғы құлдық туралы заңның 54(1) бөліміне сәйкес жасалған және KAZ Minerals Limited компаниясының және төменде көрсетілген оның тиісті еншілес кәсіпорындарының 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған қаржы жылына арналған қазіргі заманғы құлдыққа қатысты мәлімдемесі болып саналады. Осы мәлімдемені 2025 жылғы 30 маусымда KAZ Minerals Limited Директорлар Кеңесі бекіткен.
Мәлімдемені жүктеу 2022