By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
KAZ Minerals 2023-2025 жылдар аралығында Қазақстанның бірінші ракеткасы - Елена Рыбакинаға демеуші болатынын мақтан тұтады.
Елена 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен әлеміндегі жетекші теннисшілердің бірі. Сондай-ақ ол әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) төрт турнирінде жеңіске жеткен - 2023 жылы Индиан-Уэллс пен Рим турнирлері, 2020 жылы Hobart International және 2019 жылы Bucharest Open турнирлері. Сонымен қатар ол тоғыз рет WTA турнирлерінің финалына шықты.
Еленаның тенниске деген құштарлығы бес жасында оянды, ал оның кәсіби жолы 2016 жылы басталды. 2018 жылдың маусым айында ол Қазақстанның намысын қорғау туралы шешім қабылдады. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі керемет жеңісі және 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатының финалы оны әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына қосты.
Қатты корт ойындарындағы ерекше шеберлігімен танымал Елена WTA турындағы ең қуатты соққылардың біріне ие. Қазақстанда көп уақыт өткізуге мүмкіндік бермейтін турнир кестесіне қарамастан, ол балалар теннисі жарыстарын қолдайды және осы спорт түріне әуес балалар мен жастар санының өсуіне қуанады.
Елена былай деп мәлімдеді: «Қазақстанның теннис федерациясына және демеушілерім, оның ішінде KAZ Minerals-қа маған деген сенімдері үшін алғыс айтамын. Бұл қолдау маған спортқа барынша назар аударып, өз мүмкіндіктерімді жүзеге асыруға көмектеседі. Алда жаңа жеңістер болады және біз бұл табысты Қазақстандағы және басқа елдердегі жанкүйерлеріммен бөлісе аламын деп үміттенемін.