By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
KAZ Minerals Тобы өз қызметкерлерін білікті жұмыспен қамтамасыз етеді және Қазақстандағы тау-кен саласындағы кәсіпқойлардың келесі буынын өсіруге ұмтылады. Осы жұмыстарға қолдау көрсетудің аясында Ақтоғай Қазақстанның Шығыс өңіріндегі жас мамандарды оқыту мен даярлау инвестиция салуда.
Соңғы жылдары Ақтоғай өңіріндегі бүкіл университет пен колледжге 150-ден астам грант бөлінді, әрқайсысында техникалық пәндер бойынша тиісті мамандық бар. Осындай гранттың бірі оқу орнын бітіргеннен кейін үздік диплом алған Азамат Құмарғалиевқа берілді. Ол: «Мен конкурстық негізде берілген гранттардың бірін жеңіп алып, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Жоғары колледжінде оқуымды бастадым. Колледжді бітірген соң химик-зертханашы мамандығын алдым. Болашаққа арналған жоспарларым – университетте оқуымды жалғастыру, содан кейін мамандығым бойынша жұмыс істеу».
Топ студенттенттерге гранттар берумен қатар жергілікті техникалық колледждерге жабдықтарды сыйға тартты, осылайша барлық студент Топтың әлемдік деңгейдегі кеніштер мен кен байыту фабрикаларында қолданатын соңғы технологияларымен жұмыс істеу бойынша тәжірибе жинақтай алады.
Өскемен және Аягөз қалаларындағы Ақтоғай кенішінің күшімен колледж аудиториялары жаңғыртылды, механикалық жабдықтар мен тиегіштерді қоса алғанда, жабдықтар сатып алынды немесе сыйға тартылды. Зертханалық кабинеттер интерактивті оқыту құралдарымен, бейне көрсету құралдарымен, жабдықтармен және химиялық реактивтер жиынтығымен жабдықтал отырып, жетілдірілді, ал пайдалы қазбаларды байыту саласында маманданған студенттер Топтың байыту фабрикаларында қолданатын ұсақтау, ұнтақтау, флотация және қоюлау процестерін зерттеуге қажетті технологиямен жаңадан жабдықталған зертханаларды пайдаланды.
Сонымен қатар, Ақтоғайда кәсіпорынға тұрақты жұмысқа орналасқан 200-ден астам тағылымдамадан өтуші өткерген сәтті тағылымдама бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда. Топ өз қызметін жүзеге асыратын аймақтарда тұратын, оқитын және жұмыс істейтін тұрғындармен байланысын нығайтуды жалғастыруда.