By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
2021 жылы Бозшакөлде объектідегі ағаштар мен басқа екпе ағаштар санын ұлғайту жөніндегі жобаның алғашқы кезеңі басталды. Ауданы 20 га құрайтын қорғалатын аумаққа 3 000 ағаш пен 1 000-нан астам бұтаны қоса алғанда 4 000-нан астам көшет отырғызылды. Осы жоба үшін қолданылатын өсімдіктер өңірдің қатал климаттық жағдайына төзу қабілетіне, сондай-ақ жергілікті топырақ сапасымен үйлесімділігіне қарай іріктелді. Сонымен бірге Бозшакөлге 450 м2 астам гүлзарлар мен 19 000 м2 астам шөптесін өсімдіктер отырғызылды.
Жасыл желектерді отырғызу жергілікті экожүйені сақтауға септігін тигізеді және Топ үшін қатал дала климатында биоалуантүрлілікті сақтау құралы болып табылады. Сонымен қатар бұл Топтың өңірдегі қосымша экологиялық мәселеге – топырақ эрозиясына ден қоюына көмектеседі. Объектінің аумағына отырғызылған өсімдік қабаты топырақ эрозиясын табиғи жолмен төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар соңғы төрт жылда 11 мың шаршы метрге жуық эрозияға ұшыраған беткейлер күшейтілді.
Бозымшақ кенішінде де жергілікті аймақтың биоалуантүрлілігін жақсарту жұмыстары жүргізілуде, жергілікті халықпен әлеуметтік серіктестік аясында кеніш алаңына іргелес орналасқан Қош-Болот ауылына 100-ден астам қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды.
Осы қос науқан Топтың өз қызметін жүргізіп отырған аймақтарда биоалуантүрлілікті сақтауға және жергілікті салауатты қоршаған ортаны қамтамасыз етуге деген ниетін білдіреді.