By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Ақтоғай – пайдалану мерзімі шамамен 25 жыл болатын ашық типтегі ірі ауқымды төмен шығынды мыс кеніші. Сульфидті кенді өңдеудің жылдық жобалық қуаты 2021 жылдың қазан айында екінші сульфидті байыту фабрикасы іске қосылғаннан кейін 50 миллион тоннаға дейін екі есеге өсті, ол 2022 жылы өндірісті ұлғайтты.
Ақтоғайда жалпы кен өндіру 11%-ға, яғни77 331 мың тоннаға дейін өсті (2022: 69 505 мың тонна), бұл ретте 2023 жылы оксидті де, сульфидті де кен өндіру ұлғайды. Өндіріс деңгейін ұстап тұру үшін шоғырлы сілтісіздендіру алаңдарында қосымша кен көлемі құйылды, бұл өндірілген тотыққан кен көлемінің 22%-ға, яғни 18 694 мың тоннаға дейін (2022: 15 355 мың тонна) ұлғаюына мүмкіндік берді. 58 637 мың тонна көлемінде сульфидті кен өндіру өткен жылмен салыстырғанда (2022: 54 150 мың тонна) негізінен жобалық қуаттылықтан асатын деңгейде жұмыс істеген екі сульфидті фабриканың да қажеттіліктерін жабу үшін 8%-ға өскенін көрсетті.
Ақтоғайда сульфидті кенді қайта өңдеу көлемі 8%-ға өсіп, 54 358 мың тоннаны құрады (2022: 50 423 мың тонна). 1-Сульфидті фабриканың қайта өңдеу көлемі жалпы алғанда өткен жылдың деңгейіне сәйкес келді және 27 970 мың тоннаны құрады (2022: 28 105 мың тонна), ал 2-Сульфидті фабрика жыл бойы жобалық қуаттылықтан асып, 26 388 мың тонна көлемінде кенді қайта өңдеп, 18%-ға ұлғайтты (2022: 22 318 мың тонна). Ақтоғай басшылығы бірқатар операциялық жақсартулар жүргізді, соның ішінде кенді қайта өңдеу мен өндіруді барынша арттырудың тиімді мүмкіндіктерін анықтайтын жасанды интеллект жүйесін енгізу. Басшылық сондай-ақ Ақтоғайдың болашақта өнімділікті одан әрі арттыру үшін әлеуеті бар екенін көрсететін перспективалы бастапқы нәтижелермен өткізу қабілеттілігінің шектеулерін анықтау үшін тығырықтарды талдау процесін енгізді.
Ақтоғайдың сульфидті фабрикаларында өңделген кендегі мыстың орташа мөлшері тау-кен жұмыстарының жоспарына сәйкес болжамдарға сәйкес 0,50%-ға (2022: 0,48%) дейін өсті. Өңделген кендегі мыс мөлшері минералды ресурстардағы мыс құрамымен салыстырғанда 0,32% деңгейінде жоғары деңгейде қалып отыр, алайда 2024 жылы Ақтоғайда өңделген кендегі мыс құрамының 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда төмендеуі күтілуде.
Қос байыту фабрикасының да өнімділігінің тамаша көрсеткіштері өңделген кендегі мыс құрамының ұлғаюымен ұштастыра отырып, сульфидті кеннен мыс өндіру көлемінің 228,7 мың тоннаға дейін 12%-ға ұлғаюына әкелді (2022: 203,4 мың тонна). Бұл өсудің көп бөлігі 2-Сульфидті фабрикада болды, бұл бір жыл ішінде жобалық қуаттан асыра жұмыс істеудің арқасында қол жеткізілді, ал 2022 жылдың басында фабрика әлі де қуаттылықты арттыру сатысында болған еді. Нәтижесінде 2-Сульфидті фабрикада мыс өндіру көлемі 22%–ға, яғни 111,2 мың тоннаға дейін (2022: 90,9 мың тонна), ал 1-Сульфидті фабрикада өндіру көлемі 4%-ға, яғни 117,5 мың тоннаға дейін (2022: 112,5 мың тонна) ұлғайды, бұған қайта өңделетін кендегі мыстың жоғары мөлшері ықпал етті. Өндірілген мыстың көп бөлігі Қытайдағы тапсырыс берушілерге концентрат түрінде жөнелтілді, бұл ретте концентраттағы 47,4 мың тонна мыс Қазақстандағы Балқаш мыс қорыту зауытына толлинг схемасы бойынша катодты мысқа қайта өңдеуге жіберілді, мұнда мыс қорыту қуаттары тартымды коммерциялық жағдайларда қолжетімді болды.
23,7 мың тонна көлемінде оксидті кеннен катодты мыс өндіру өткен жылмен бірдей деңгейде қалды (2022: 24,1 мың тонна). Ақтоғайда оксидті кен ресурстарының сарқылуы орын алуда, сондықтан 2024 жылы өндіріс көлемі 15 мың тонна деңгейінде болады деп күтілуде. 2024 жылы сульфидті байыту фабрикалары жобалық қуаттылықтың артуымен жұмысын жалғастырады деп күтілуде, бірақ өңделетін кендегі мыс мөлшері азаяды, сондықтан әр фабрикада 90-100 мың тонна көлемінде мыс өндірісі болжануда. Барлығы, 2024 жылы Ақтоғайда 195-215 мың тонна мыс өндіріледі деп болжануда. 2024 жылы күміс өндірісі 1,0 миллион унция деңгейінде болады деп күтілуде, бұл 2023 жылғы өндіріс көлемінен 1,2 миллион унциядан төмен, өйткені кендегі металл мөлшері азаяды деп күтілуде.
Жобаны әзірлеуді «нөлден» бастаған Бозшакөлмен салыстырғанда, кейбір инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде электрмен жабдықтау тармағы мен көлік коммуникацияларының бар болуы Ақтоғай кен орнының артықшылығы болды. Біз кен байыту фабрикасын орналастыру жоспарланған жерде геодезиялық ізденістер жүргіздік, аумақты уақытша және тұрақты вахталық кенттер мен негізгі ғимараттардың құрылысына дайындау үшін топырақтың беткі қабатын ала бастадық.
Біз негізгі ғимараттар үшін жер қазу жұмыстарын, топырақтың беткі қабатын алуды және жолдардың жай-күйін жақсартуды жалғастырдық. Уақытша вахталық кент пен кеңселер салып, алаңды тұрақты вахта кентіне дайындай бастадық. Сілтісіздендіру алаңына басты ерітінді төгелетін жыра салуға кірістік, кенді қайта өңдеу фабрикаларының негізгі ғимараттары үшін бетон іргетастарды қалай бастадық. Төртінші тоқсанда темір жолдар мен 110 кВ кернеулі электр беру желілерін қоса алғанда, инфрақұрылым буындарын қосуды аяқтадық.
Сульфидті кенді қайта өңдеу фабрикасын салуға келісім-шарт – «Ақтоғай» жобасына жұмсалатын күрделі шығындар бюджетіндегі ең үлкен шығын бабы – Non Ferrous China (“NFC”) компаниясына 2014 жылдың қыркүйек айында ұсынылды. Осы келісімшартты ұсынғаннан кейін Топ «Ақтоғай» жобасындағы күрделі шығындар сомасы шамамен $2,3 млрд (кейін $2,0 млрд дейін азайды) болатындығын растай алды. 2014 жылдың бірінші жартысында біз 110 кВ кернеулі электр тасымалдау әуе желілерін салу жұмыстарын шамамен 50%-ға аяқтап, жұмыс алаңында негізгі жер қазу жұмыстарына кірістік. Тау-кен өндіру жабдықтарын монтаждау жалғастырылды. Кенді сілтісіздендіру кешенінің құрылысы жөніндегі мердігер өндіріс алаңына келіп, іргетастарды қалау жұмыстарын бастап кетті. Біз су құбырларын төсеуге және кіретін темір жолдарды салуға кірістік.
2015 жылдың бірінші жартысында біз қышқыл сақтауға арналған ыдыстарды құрастыруды және PLS сорғыларымен жабдықталған сорғы станциясын салуды аяқтадық, сульфид кенін қайта өңдеу фабрикасының іргетастарын қаладық және кенді қабылдауға дайын болған оксид кенін сілтісіздендіруге арналған алғашқы екі панельді (101 мен 102) салып бітірдік. Ғимараттар мен оксидті кенді қайта өңдеу құрылыстары, сілтісіздендіруге арналған 103-109 панельдері мен тұрақты вахталық кенті оксид кенінен катодты мыс өндірудің басталуына, яғни 2015 жылдың желтоқсан айында уақытылы салынып бітті. Сульфидті кенді қайта өңдеу жобасы бойынша бастапқы үгіту қондырғысы мен конвейерге арналған алаңдар дайындалды.
Негізгі сульфид кенін қайта өңдеу фабрикасындағы жұмыстар негізінен 2016 жылы аяқталған болатын, ал 2016 жылдың желтоқсан айында іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. Содан кейін 2017 жылдың ақпан айында тауарлы мыс концентратын өндіру басталды. Жоба бойынша күрделі шығындар бюджеті $270 млн асаға азайып, шамамен $2,0 млрд құрады.
2017 жылдың желтоқсан айында Директорлар кеңесі Ақтоғай КБК-дегі өндірісті кеңейту жобасын бекітті. Ол сульфидті кенді өңдеу қуатын жылына 25 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін екі еселейді. Алғашқы мыстың өндірісі 2021 жылдың екінші жартысында болады деп күтілуде.
2018 жылдың ішінде бастапқы әзірлемелер мен жер жұмыстары аяқталды, жеткізу мерзімі ұзақ жабдыққа тапсырыстар жарияланды. Біздің мұндай нысандардың құрылысындағы тәжірибеміз жобаның басым бөлігін Бозшакөл немесе Ақтоғай жобаларындағы жұмыстағыдай емес, Топтың жеке басқару қабілеттерін қолдана отырып, тексерілген жергілікті және халықаралық мердігерлермен және жеткізушілермен тығыз ынтымақтаса отырып орындауға мүмкіндік береді.
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Топ Ақтоғай КБК кеңейту жобасы бойынша жақсы ілгерілеуді жалғастыруда. Ұсақтау және флотация жабдықтары үшін іргетастар 2019 жылдың бірінші тоқсанында сәтті салынды және қазіргі уақытта металл құрылымдарын монтаждау аяқталды. Топ тау-кен техникасының жаңа ірі паркіне алғашқы машиналарды, соның ішінде Caterpillar 793 карьерлік жүк көліктері мен 994 жүк тиегіштерді жеткізуді қабылдап, пайдалануға енгізді. Олар екінші байыту фабрикасы үшін қажетті кен өндіру көлемін ұлғайтады.
Ақтоғай кен орнын кеңейту жобасы аясында құрылыстың ілгерілеуіне 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында қызметкерлер санының азаюы әсер етті, алайда жылдың екінші жартысында жұмыс жоспарға сәйкес алға жылжыды, өйткені Covid-19-ға байланысты шектеулер жеңілдетілді және Топ қабылдаған тестілеу және оқшаулау шаралары қызметкерлердің вахталық ауысымын қауіпсіз жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Байыту фабрикасының ұсақтағышын, конвейерін, кен қазу учаскесін, диірмендерді және флотациялық секцияларын монтаждау аяқталды. Қазіргі уақытта жабдықтың жеке қондырғыларын орнатуға, электр және құбыр өткізгіш қосылыстарды монтаждауға және оларды сынауға баса назар аударылуда. Екінші фабрикаға арналған жаңа электрмен жабдықтау жүйесін орнату аяқталды, қуат берілді. Қалдықтарды қойылту және сорғы станциясы, малтатас ұсақтағыш, HPGR бойынша құрылыс жұмыстары, сондай-ақ дайын өнімді қаптау учаскесінде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қалашықтың жаңа объектілерінің құрылысы 75%-ға аяқталды. Ақтоғайды кеңейту жобасы бойынша өндірісті 2021 жылдың соңына дейін бастау жоспарлануда.
2021 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Ақтоғай кеңейту жобасын ашты. Екінші байыту фабрикасы Ақтоғайдағы сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын жылына 50 млн тоннаға дейін екі есеге арттырады. COVID-19 пандемиясымен байланысты қиындықтарға қарамастан, Топтың осындай жобаларды іске асырудағы табысты тәжірибесінің жалғасы ретінде Ақтоғайды кеңейту жобасы кесте мен бюджетке сәйкес аяқталды.
Ақтоғайдағы екінші сульфидті байыту фабрикасы кенді өңдеу бойынша жобаланған қуат деңгейіне жетті, бұл жобаның әлемдік деңгейге шығу жолындағы маңызды кезең болып табылады.