By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Өсудің бірегей мүмкіндігі
Компаниямыздың Қазақстан аумағында орналасуы ірі және қарқынды дамып келе жатқан әлемдік нарықтарға қызмет көрсететін Орталық Азияның өсу әлеуетін пайдалануға бірегей мүмкіндік береді. Қазақстан – лайықты көлік тораптары бар, едәуір шетелдік инвестиция тартып отырған табиғи ресурстарға бай ел. Осының арқасында бизнес пен өндірістік қызметті кеңейтіп, дамыту үшін мол мүмкіндіктер бар.
Қазақстан өзінің аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы және бұрынғы Кеңес Одағындағы екінші мемлекет болып табылады. 1991 жылдан бастап жүргізілген реформалар ел экономикасын айтарлықтай дамытты. Бұл экономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы тұрақты өсіміне, 1993 жылдан бастап $200 миллиардтан астам тікелей шетел инвестицияларының ағымына, сонымен қатар бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде инвестициялық кредиттік рейтингті алған алғашқы мемлекет атануына септігін тигізді.
2014 жылғы қайта құруға дейін Топтың құрамында болған KAZ Minerals пен Қазақмыстың 1930 жылдардан бастап өндірістік қызметінің даму тарихы өте бай. Бүгінде KAZ Minerals –Қазақстандағы маңызды және өсу әлеуеті жоғары өнеркәсіптік Топтардың бірі. Біздің кәсіпорындарымызда шамамен 13000 қызметкер еңбек етеді, біз Қазақстанның кен-металлургиялық өнеркәсібінің екі ірі мыс кен орындарында өндірісті дамытамыз және ұлғайтамыз. Біздің өркендеу жобаларымыз Қазақстанның экономикасы мен тау-кен саласының ұзақ мерзімді дамуына үлес қоспақ.