By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Мыс – баянды болашақ үшін маңызы зор. KAZ Minerals құны төмен ауқымды мыс кеніштерін өңдейді және пайдаланады.
Біз тұрақты болашаққа "жасыл" экономикаға жаһандық көшуді қолдай отырып, мысты өндіру арқылы қол жеткізуге болады деп санаймыз.
Орта мерзімді перспективада мыс нарығы ұсыныс тапшылығына тап болады деп болжануда, өйткені қолданыстағы кеніштерде өндіріс қарқыны төмендейді және дәстүрлі және жаңа көздерден сұраныс артуда. Тұрақты болашақ үшін мыс өндіру көлемін арттыру қажет.
Бұдан басқа мыс өндірісін арттыру келесілер үшін қажет:
KAZ Minerals мыс кеніштерінің жауапты өндірушісі және операторы болып табылады және біз өз бизнесімізді үкіметтерді, қауымдастықтарды, қызметкерлерді, мердігерлерді, жеткізушілерді, клиенттерді және капиталды жеткізушілерді қоса алғанда, барлық мүдделі тараптардың мүдделерін теңестіретіндей етіп дамытуға тырысамыз.
Қазақстандағы ірі инвестор бола отырып, Топ Бозшакөл және Ақтоғай жобаларын іске асырудың арқасында өнеркәсіп өндірісінің, экспорттық пайданың, ЖІӨ-нің және жұмыспен қамтудың өсуін қамтамасыз етті. 2021 жылы Топ Қазақстанда $447 млн көлемінде салық төледі.
KAZ Minerals Тобы өз қызметін жүргізетін өңірлерде жергілікті тұрғындармен қалыптасқан берік қарым-қатынастарды нығайту мақсатында денсаулық сақтауға, білім беруге, инфрақұрылымға, мәдениетке және спортқа бағытталған әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына қолдау көрсетеді.