By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
КAZ Minerals – Қазақстанда және Қырғызстанда ірі ауқымды, азшығынды ашық кеніштерді дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания.
Қазақстанда Топ Ақтоғай және Бозшакөл кендері мен байыту фабрикаларында, сондай-ақ Шығыс өңірдегі үш жер асты кеніштері мен байыту фабрикаларында 12 500 жұмыскерді жұмыспен қамтамасыз ете отырып, операциялық қызметін жүзеге асырады. 2021 жылы Топ Қазақстаннан 110 мың тонна катодты мысты Қытай мен Еуропадағы өз тапсырыс берушілеріне (2020: 123 мың тонна), сондай-ақ негізінен Қытайға 143 мың тонна төленетін мыс концентратын (2020: 177 мың тонна) экспорттады. 2021 жылы Топ сатудан $2 784 млн табыс тапты, бұл ретте Қазақстанда төленген салықтар мен аударымдар сомасы, оның ішінде корпоративтік табыс салығы мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды ($146 млн), сондай-ақ ПҚӨС ($193 млн) қоса алғанда, $477 млн құрады.
Топтың Қырғызстанда 1000-ға жуық қызметкері бар, онда ол Бозымшақ мыс-алтын кенішін басқарады. 2021 жылы $24 млн көлемінде салық төлемдерін жасады.
Топ 2011 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстанда, негізінен Ақтоғай және Бозшакөл кен орындарында жаңа тау-кен өндіру кәсіпорындарының құрылысына $5 млрд астам инвестиция салды. Ақтоғайды кеңейту жобасын 2021 жылдың қазан айында Қазақстан Президенті ашты, ал 2022 жылы Топ мердігерлерге шамамен $100 млн сомаға түпкілікті төлемдер жасайды деп күтілуде.