By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Біздің тау-кен өндіру және қайта өңдеу қызметінде әртүрлі қалдықтар қалыптасады, оның ішінде бос жыныстардың, топырақтың және қалдықтардың үйінділері. Біз қалдықтарды ұқыпты ұстау мен кәдеге жаратуды қамтамасыз етеміз.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі белгіленген саясатқа сүйене отырып, Топ минералдық шикізат қалдықтарын және басқа қалдықтарды жауапты басқару бойынша барлық шараларды қабылдайды. Топтың ЕҚӨҚжТД жөніндегі комитеті қалдықтарды басқаруға мониторинг жүргізу үшін жауап береді. Топ кәсіпорындарының бас директорлары өндірістік алаңдарда қалдықтарды басқару үшін жауап береді.
Топ |
24,7 |
20,3 |
Қалдықтардың пайда болуының үлестік көлемі |
82,6 | 66,4 |
2021 | 2020 | |
---|---|---|
Ақтоғай |
6,8 |
8,6 |
Бозшакөл |
15,4 |
9,0 |
Шығыс өңірі |
0,1 |
0,1 |
Бозымшақ |
2,4 |
2,6 |
мыс өндірісінің 1 мың тонна
Топ өндіретін қалдықтардың басым бөлігі негізінен ашық типті Ақтоғай, Бозшакөл және Бозымшақ кеніштерінде аршу кезінде алынатын бос жыныс болып табылады. Ақтоғай және Бозшакөл кеніштерінде аршу кезінде алынған бос жыныс үйінділерінің пайда болуы мүдделі тараптар үшін осы кеніштердің алыс орналасуына, олардың аршу коэффициентінің төмендігіне және олардың жергілікті тұрғындардан қашықтығына байланысты айтарлықтай проблема тудырмайды. Тау-кен жұмыстарының жоспарларына сәйкес бос жынысты өндіру көлемі 2021 жылы 22%-ға артып, 24,7 млн тоннаны (2020: 20,3 млн тонна) құрады.
Қалдықтарды басқарудың кешенді бағдарламасы
Толығымен2020 | 2019 | |
Топ |
57,6 |
56,9 |
Қалдықтардың пайда болуының үлестік көлемі |
188 |
183 |
Ақтоғай |
23,7 |
24,7 |
Бозшакөл |
31,0 |
28,9 |
Шығыс өңірі |
2,1 |
2,3 |
Бозымшақ | 0,8 |
1,0 |
Қалдықтардың пайда болу көлемі қайта өңдеу көлеміне сәйкес ұлғайды және Бозшакөл ТБК-де сульфидті кендерді қайта өңдеу фабрикасының және сазды кенді қайта өңдеу фабрикасының өткізу қабілетінің артуына байланысты болды.
Қалдықтарды қауіпсіз және тиімді басқару Топтың бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Қалдық қоймаларының құрылымдық тұтастығын анықтау және қолдау үшін жақын жердегі жер асты суларын тұрақты тексеру мен талдауды қоса алғанда, қалдық қоймаларына мониторинг жүргізу мен қызмет көрсету бойынша жұмыс рәсімдері. Топ тәуелсіз сыртқы сарапшылар жүргізетін инспекцияларды мерзімді түрде ұйымдастырады. Барлық қолданыстағы қалдық қоймалары 2020 жыл ішінде тексерілген. KAZ Minerals тау-кен ісі және металдар жөніндегі халықаралық кеңестің (ICMM), жауапты қаржыландырудың (PRI) талаптарына және қалдықтарды басқару және ашу бөлігінде БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасының талаптарына сәйкес келуге ұмтылатын болады.
Топ қалдық қоймаларын лицензиялауға, қолдауға және оларға қызмет көрсетуге қатысты Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі белгілеген заңнама ережелерін сақтауы тиіс. Мемлекеттік органдар осы Ережелердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшін Топтың қалдық қоймаларына үнемі тексеру жүргізеді. Топтың қалдық қоймаларының тұрақтылығына әсер етуі мүмкін елеулі бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сыртқы кеңесшілердің қолдауымен Топта қалдық қоймаларының дамбаларын әзірлеу бойынша жұмыс бағдарламалары жұмыс істейді, олар өндірістің болашақ жоспарларына сәйкес және кез келген туындайтын проблемаларды шешу мақсатында іске асырылады.
Топ жер үсті Николаев қалдыққоймасын пайдалануды тоқтатты
ТолығыменТоп қалдық қоймаларын лицензиялауға, қолдауға және оларға қызмет көрсетуге қатысты Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі белгілеген заңнама ережелерін сақтауы тиіс. Мемлекеттік органдар осы Ережелердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшін Топтың қалдық қоймаларына үнемі тексеру жүргізеді. Тексеру барысында Топтың қалдық қоймаларының тұрақтылығына әсер етуі мүмкін елеулі бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сыртқы кеңесшілердің қолдауымен Топта қалдық қоймаларының дамбаларын әзірлеу бойынша жұмыс бағдарламалары жұмыс істейді, олар өндірістің болашақ жоспарларына сәйкес және кез келген туындайтын проблемаларды шешу мақсатында іске асырылады.
Топ жаңа қалдықтарды тарату рәсімін әзірледі
Ақтоғай қалдыққоймасының тарату жүйесі