By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
KAZ Minerals Тобы тау-кен өндіру учаскелері жабылғаннан кейін жерлерді қалпына келтіру үшін жауап береді.
Топ өз қызметін жүзеге асыратын елдердің заңнамаларының талаптарына сәйкес тау-кен өндіру учаскелерін пайдалануды тоқтатқаннан кейін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды орындайды. Топ кәсіпорындарының бас директорлары тау-кен өндіру учаскелерін пайдалануды тоқтатуға және қалпына келтіруге қатысты Топтың міндеттемелерін сақтауы үшін жауап береді. Топ өзінің өндірістік алаңдарының әрқайсысы үшін кеніштерді жою жоспарларын тұрақты түрде қайта қарайды және жаңартады, осындай процеспен байланысты ықтимал шығындарды қоса есептейді.
Топтың қаржылық есептілігіне әр кен орнында кенішті пайдаланудың ағымдағы бағалау мерзімі негізінде кеніштерді пайдаланудан шығаруға және оларды қалпына келтіруге арналған бағалау шығындарының дисконтталған мәні болып табылатын провизиялар енгізілді. Топ 2020 жылы қалдықтарды орналастыруды тоқтатқаннан кейін пайдаланудан шығару бағдарламасы аясында Николаев жер үсті қалдық қоймасын толтыру бойынша жұмыстарға 2021 жылы кірісті.
Юбилейный-Снегирихин кенішін жабу жұмыстарының барысы