By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
KAZ Minerals Тобы өз кәсіпорындарындағы энергиялық тиімділікті арттыруға үнемі ұмтылады.
KAZ Minerals Тобы өзінің өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайтуға және өз қызметкерлерінің, мердігерлер мен жеткізушілердің қоршаған ортаға саналы көзқарасын арттыруға ұмтылады. Топ экологияны қорғауға, шығарындылар мен қалдықтарды азайтуға, сонымен қатар энергия мен су ресурстарын тиімді пайдалануға жауапты тәсілді анықтайтын қоршаған ортаны қорғау саясатын ұстанады.
Топ жаңа тау-кен жобаларын әзірлеу алдында кешенді экологиялық тексеру жүргізеді және тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін жыл сайын жариялай отырып, өз қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін тұрақты түрде қадағалап отырады.
Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және тұрақты даму комитеті (ЕҚӨҚжТД комитеті) Топтың қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын, есептілігін, стандарттарын және нормативтік-құқықтық рәсімдердің сақталуын бақылауға жауапты Директорлар кеңесінің жанындағы комитет болып табылады. Жоғары буын басшылығы Топтың қоршаған ортаға қатысты жалпы көрсеткіштеріне жауап береді.
2021 жылғы 2-қамту аймағының шығарындыларын есептеу Халықаралық энергетика агенттігі есептеген шығарындылардың жаңартылған коэффициентіне негізделген. Өткен жылғы деректер тікелей салыстырмалы нәтиже алу үшін қайта есептелді.
2021 жылы KAZ Minerals Тобы қайта өңделген сульфидті кеннің тоннасына энергияны пайдалану ретінде өлшенетін өзінің өндірістік қызметінің энергия тұтыну тиімділігін қосымша жақсартуға қол жеткізді. 2015 жылдан бастап топ Ақтоғай мен Бозшакөлде жерасты өндіруден ашық тәсілмен өндіруге көшуді жүзеге асыра отырып, энергия тұтынудың тиімділігін ұзақ мерзімді арттыруға қол жеткізді. Ауқымды өндіріс тиімділікті арттыратын заманауи ұнтақтау және флотация технологияларын қолдану арқылы осы кең ауқымды ашық типтегі кеніштерде ресурстарды айтарлықтай үнемдеуге ықпал етеді.
2021 жыл ішінде Топтың өндірістік қызметі сульфидті кенді қайта өңдеу жөніндегі қолданыстағы Ақтоғай байыту фабрикасында, екі Бозшакөл байыту фабрикасында және Бозымшақ байыту фабрикасында жобалық қуаттылықтан жоғары деңгейде жүзеге асырылды, бұл Топқа қайта өңделген сульфидті кеннің тоннасына энергия тұтынудың бұрын соңды болмаған төмен деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Ақтоғай және Бозшакөл кен орындарының аршу коэффициенті төмен, өйткені өндірілген кеннің тоннасына бос жыныстың шектеулі мөлшері келеді, бұл да тиімділікті арттырады.
Барлығы |
12.55 |
11.95 |
Меншікті энергия сыйымдылығы |
0.19 |
0.20 |
2021 | 2020 | |
---|---|---|
Электр энергиясы |
9.10 |
8.87 |
Дизельді отын |
2.36 |
2.01 |
Жылу |
1.02 |
1.00 |
Көмір | 0.02 | 0.02 |
Бензин | 0.05 | 0.05 |
1. Өңделген сульфидті кеннің килотоннасына ТДж
Барлығы |
12.55 |
11.95 |
Меншікті энергия сыйымдылығы |
0.19 |
0.20 |
2021 | 2020 | |
---|---|---|
Ақтоғай |
4.68 |
4.35 |
Бозшакөл |
4.65 |
4.46 |
Шығыс өңірі |
2.88 |
2.87 |
Бозымшақ |
0.34 |
0.27 |
1. Өңделген сульфидті кеннің килотоннасына ТДж
Жалпы энергия тұтыну 2021 жылы 5%-ға артып, 12,55 ПДж құрады (2020: 11,95 ПДж). Топтың кәсіпорындары электр энергиясының жоғары көлемін тұтынды, өйткені оның Ақтоғай, Бозшакөл және Бозымшақтағы байыту фабрикалары жобалық қуаттылықты арттыра отырып жұмыс істеді, ал екінші Ақтоғай байыту фабрикасы 2021 жылдың қазан айында жұмысын бастады. Кен өндіру көлемі 2021 жылы 12%-ға артты, бұл дизель отынын тұтынудың артуына әкелді. Топта алдағы жылдары Ақтоғай және Бозшакөл карьерлерінің тереңдеуіне қарай дизель отынын тұтынудың артуы күтілуде.
Топ қызметінің меншікті энергия сыйымдылығы төмендеп, 1 мың тонна өңделген кенге 0,19 ТДж құрады, өйткені энергия тұтынудың ұлғаюы 2021 жылы Топтың байыту фабрикаларының өнімділігінің артуымен өтелді.
Барлығы |
9.10 |
8.87 |
Меншікті энергия сыйымдылығы |
0.14 |
0.15 |
2021 | 2020 | |
---|---|---|
Ақтоғай |
3.76 |
3.63 |
Бозшакөл |
3.63 |
3.57 |
Шығыс өңірі |
1.55 |
1.54 |
Бозымшақ |
0.16 |
0.13 |
Топтың электр энергиясын тұтынуы 2021 жылы Шығыс өңірден басқа барлық кәсіпорындарда сульфидті кенді өңдеу көлемінің ұлғаюына байланысты 9,10 ПДж (2020: 8,87 ПДж) дейін 3%-ға өсті. Ақтоғайда электр энергиясын тұтыну едәуір өсті, онда сульфидті кенді өңдейтін бірінші байыту фабрикасы өнімділікті 7%-ға арттырған еді, ал сульфидті кенді өңдейтін екінші фабрика 2021 жылдың қазан айында ашылды. Бозымшақта электр энергиясын тұтыну өсті, өйткені байыту фабрикасы жобалық қуаттан жоғары деңгейде жұмыс істеді, ал 2020 жылы Бозымшақ кеніші төртінші тоқсанның көп бөлігінде жабық болған еді.
Барлығы |
2.36 |
2.01 |
Меншікті энергия сыйымдылығы (дизельді отын) |
0.027 |
0.026 |
2021 | 2020 | |
---|---|---|
Ақтоғай |
0.92 |
0.73 |
Бозшакөл |
1.01 |
0.88 |
Шығыс өңірі |
0.28 |
0.28 |
Бозымшақ | 0.15 | 0.12 |
Дизель отынын тұтыну 2021 жылы 17%-ға өсті және 2,36 ПДж (2020: 2,01 Pj) құрады, бұл 2021 жыл ішінде кен өндірудің жоғары көлемін және карьерлер тереңдеген сайын Топ объектілерінде тасымалдау қашықтығының артуын көрсетеді. Ақтоғайда кен өндіру көлемі 2021 жылы 33%-ға ұлғайды, өйткені кеніш 2021 жылдың қазан айында сульфидті кенді қайта өңдеу жөніндегі екінші байыту фабрикасын іске қосуға дайындалып жатты. Бозшакөлде орны ауысқан тау массасының жалпы саны 2%-ға өсті, бұл сонымен қатар кәсіпорында дизель отынын тұтынудың артуына әкелді. Өндірілген кеннің мың тоннасына ТДж дизель отыны ретінде өлшенетін дизель отынының жалпы үлестік тұтынуы тұтастай алғанда 2020 жылғы деңгейде қалды.