By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
KAZ Minerals Тобы өзінің өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайтуға және өз қызметкерлерінің, мердігерлер мен жеткізушілердің қоршаған ортаға саналы көзқарасын арттыруға ұмтылады. Топ экологияны қорғауға, шығарындылар мен қалдықтарды азайтуға, сонымен қатар энергия мен су ресурстарын тиімді пайдалануға жауапты тәсілді анықтайтын қоршаған ортаны қорғау саясатын ұстанады.
Топ жаңа тау-кен жобаларын әзірлеу алдында кешенді экологиялық тексеру жүргізеді және тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін жыл сайын жариялай отырып, өз қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін тұрақты түрде қадағалап отырады. Топ мүмкіндігінше өзінің экологиялық есебін есептілік жөніндегі Жаһандық бастамада («GRI») жарияланған тұрақты даму бойынша есеп беру стандарттарының жиынтығы болып табылатын GRI стандарттарына сәйкестікке келтіріп отырады. GRI – 1997 жылы тұрақты даму саласындағы компаниялар мен үкіметтердің бірыңғай есеп беру стандарттарын әзірлеу үшін құрылған тәуелсіз ұйым.
Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және тұрақты даму комитеті (ЕҚӨҚжТД комитеті) Топтың қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын, есептілігін, стандарттарын және нормативтік-құқықтық рәсімдердің сақталуын бақылауға жауапты Директорлар кеңесінің жанындағы комитет болып табылады. Жоғары буын басшылығы Топтың қоршаған ортаға қатысты жалпы көрсеткіштеріне жауап береді.