By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
KAZ Minerals Тобы қауымдастықтар еркіндігі құқығын құрметтейді. Біз жұмыскерлерімізбен және кәсіподақтармен еңбек жағдайларының өзгеруі және іскерлік қызметімізді жүргізу мәселелері бойынша диалог жүргіземіз.
Қызметкерлер үшін олардың пікірлерін жоғары басшылық пен Директорлар кеңесіне жеткізу мақсатында бірнеше байланыс арналары ашылған. Бірінші байланыс тұлғасы – қызметкердің тікелей басшысы, және көп жағдайда тікелей басшыға жасалатын өтініш оның мәселелерін шешу үшін жеткілікті болып табылады. Жыл сайын Топ қызметкерлермен тікелей желі өткізеді, оның барысында Директорлар кеңесінің төрағасы қызметкерлердің сұрақтарына тікелей жауап береді. Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары және Аға тәуелсіз директор Майкл Линч-Белл қызметкерлермен өзара іс-әрекет жасау үшін жауап беретін еңбек ұжымы мәселелері бойынша уәкілетті атқарушы емес директор болып табылады және осы жылы қызметкерлермен жиналыс COVID-19 пандемиясының өршуіне байланысты енгізілген шектеу салдарынан сырттай форматта өтті. Топтың әрбір өндірістік бөлімшесінде Еңбек қатынастары бөлімінің бастығы бар, ол қызметкерлер мен басшылық арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Бас директорлар тоқсан айын ұжымға жалпы жиналыс өткізіп тұрады.
Барлық қызметкерлер «Speak Up» құпия сенім телефонын пайдалана алады. Сенім телефоны арқылы өндірістік немесе кадрлық мәселелерден басқа этикалық сипаттағы, соның ішінде парақорлықпен немесе сыбайлас жемқорлықпен байланысты мәселелерді көтеруге болады. Аудит комитеті тұрақты түрде «Speak Up» арнасы бойынша қойылған сұрақтар жөнінде жаңартылған ақпаратты алып отырады және қажет болған жағдайда тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Топ өз қызметкерлерімен байланысу үшін бірқатар арналарды пайдаланады, соның ішінде веб-сайттар, ішкі корпоративтік желі, WhatsApp мессенджеріндегі топтар, корпоративтік газет, теледидар жаңалықтары және арнайы YouTube арнасы. Аталған байланыс арналарының әрқайсысының өз артықшылықтары бар, оларды жағдайға байланысты пайдалануға болады. Сенімді және тиімді байланыс COVID-19 пандемиясынан туындаған тез өзгеретін жағдайларда және Топтың көптеген қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеуі жағдайында қажет болды. Қызметкерлерді жаңа рәсімдер мен шектеулер туралы уақытылы хабарлау мүмкіндігі Топқа пандемияға байланысты мәселелерді шешуге көмектесті.
KAZ Minerals Тобы кәсіподақтарға кіру еркіндігі құқығын құрметтейді. Біз қызметкерлерімізбен және кәсіподақтармен еңбек жағдайларының өзгеруі және іскерлік қызметімізді жүргізу мәселелері бойынша диалог жүргіземіз. Барлық қызметкерлер кәсіподақты таңдауға және оған өз қалауы бойынша кіруге құқылы. 2021 жылдың соңында Топ қызметкерлерінің шамамен 63% Қазақстанда тау-кен өндіру саласында жұмыс істейтін үш кәсіподақтың бірінің мүшелері болды (2020: 69%).
Жыл сайын қызметкерлерге видеоарна арқылы жоғары басшылыққа сұрақтар қоюға мүмкіндік беретін Тікелей желі ұйымдастырылады.
‘‘Бұл шара мен үшін өте пайдалы, бұл біздің халықтың не ойлайтынын, қалай өмір сүріп жатқанын, қандай қиындықтарға кезігетінін және оларға қалай көмектесе алатынымды білуге мүмкіндік береді. Қызметкерлер бізді болашақта не күтіп тұрғанын және алдағы жылдарда қалай дамитынымызды тікелей өз аузымнан ести алады.’’
«Kaz Minerals info» – бұл Топ қызметкерлерімен, олардың отбасыларымен және Қазақстандағы басқа аудиториялармен, мысалы, Топтың өндірістік қызмет орындарындағы тұрғындармен жаңалықтар мен ақпаратпен бөлісу үшін пайдаланатын орыс тіліндегі веб-сайт. Веб-сайтта сондай-ақ сауалнамалар жүргізіледі.
2019 жылы Топ қызметкерлерге соңғы жаңалықтар мен бастамалар жөнінде ақпарат беру және kazminerals.info веб-сайтына кіруді арттыру үшін WhatsApp топтық чатын іске қосты. Топқа қосылу ерікті, бүгінде топта 1000-нан астам қызметкер бар.
Корпоративтік баспа газеті тұрақты түрде шығарылады. Бұл Интернетке қолжетімділігі жоқ қызметкерлер, достар немесе отбасы мүшелері үшін маңызды байланыс арнасы.
Топ үнемі ішкі аудиторияға соңғы жаңалықтарды шығарып, жалпы ақпарат берілген видеолар түсіреді, олар өндіріс алаңдарында және YouTube корпоративтік арнасында онлайн режимде көрсетіледі. Ең танымал видеолар 20 000-нан астам қаралымға ие.