By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Топ қауіпсіз еңбек жағдайларын, нарықтық мөлшерлемелерге сәйкес әділ сыйақыларды және қызметкерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік жеңілдік пакеттерін ұсына отырып, білікті қызметкерлерді тартуға және ұстап қалуға тырысады.
Топта қызметкерлермен қарым-қатынасты реттейтін бірқатар саясаттар бар, соның ішінде Әділ жалдау шарттары туралы кодекс және Әртүрлілік пен теңдік саясаты. Топ Әділ жалдау шарттары туралы кодекстің Топ ішінде толық көлемде қолданылуын қамтамасыз ету үшін өз кәсіпорындарындағы еңбек шарттарын мерзімді түрде қайта қарап отырады. Кандидаттарға қатысты Топта жұмысқа орналасқанға дейін кешенді тексеру жүргізіледі.
Қызметкерлер үшін олардың пікірлерін жоғары басшылық пен Директорлар кеңесіне жеткізу мақсатында бірнеше байланыс арналары ашылған. Бірінші байланыс тұлғасы – қызметкердің тікелей басшысы, және көп жағдайда тікелей басшыға жасалатын өтініш оның мәселелерін шешу үшін жеткілікті болып табылады. Жыл сайын Топ қызметкерлермен тікелей желі өткізеді, оның барысында Директорлар кеңесінің төрағасы қызметкерлердің сұрақтарына тікелей жауап береді. Топтың әрбір өндірістік бөлімшесінде Еңбек қатынастары бөлімінің бастығы бар, ол қызметкерлер мен басшылық арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Бас директорлар тоқсан сайын ұжымға жалпы жиналыс өткізіп тұрады.
Барлық қызметкерлер «Speak Up» құпия сенім телефонын пайдалана алады. Сенім телефоны арқылы өндірістік немесе кадрлық мәселелерден басқа этикалық сипаттағы, соның ішінде парақорлықпен немесе сыбайлас жемқорлықпен байланысты мәселелерді көтеруге болады. Speak Up жүйесі арқылы алынған барлық есептер тексеріліп, Аудит комитеті көтерілген мәселелер бойынша үнемі жаңартылған деректер алып отырады.
Топ өз қызметкерлерімен байланысу үшін бірқатар арналарды пайдаланады, соның ішінде веб-сайттар, ішкі корпоративтік желі, WhatsApp мессенджеріндегі топтар, корпоративтік журнал, теледидар жаңалықтары және арнайы YouTube арнасы. Аталған байланыс арналарының әрқайсысының өз артықшылықтары бар, оларды жағдайға байланысты пайдалануға болады. 2021 жылы Топтың көптеген қызметкерлері COVID-19 пандемиясына байланысты Топтың вахталық қалашықтарына кіргенге дейін қашықтан жұмыс істеді немесе мезгіл-мезгіл оқшаулану шараларын сақтады, нәтижесінде қызметкерлермен өзара іс-әрекет ету және оларды процедуралар мен талаптардың кез келген жаңартулары туралы хабардар ету үшін сенімді және тиімді байланыс әдістері қажет болды.
KAZ Minerals Тобы кәсіподақтарға кіру еркіндігі құқығын құрметтейді. Біз қызметкерлерімізбен және кәсіподақтармен еңбек жағдайларының өзгеруі және іскерлік қызметімізді жүргізу мәселелері бойынша диалог жүргіземіз. Барлық қызметкерлер кәсіподақты таңдауға және оған өз қалауы бойынша кіруге құқылы. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Топ жұмыскерлерінің шамамен 63% Қазақстанда тау-кен өндіру саласында жұмыс істейтін үш кәсіподақтың бірінің мүшелері болды (2020: 69%).
Кадрлардың тұрақтамауы Топтың әрбір өндірістік кәсіпорнында, сондай-ақ кадрлар бөлімінде белсенді бақыланады. Білікті мамандарды ұстап қалу Ақтоғай мен Бозшакөлде Топ активтерін табысты дамыту үшін, сондай-ақ тұтастай алғанда Топтың үздіксіз әрі табысты өндірістік қызметі үшін негізгі фактор болды. Топтан кеткен қызметкерлерден кері байланыс алу мақсатында сауланамалар жүргізіледі.
Басшы лауазымдарға ықтимал кандидаттарды анықтау үшін Басшы қызметкерлерді дамыту бағдарламасы енгізілуде. Осылайша оларға оқыту және тәлімгерлік арқылы қолдау көрсету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Әлеуетті кандидаттар негізгі ұстанымдарға айқындалады және оларды қолдау үшін жеке даму жоспарлары жасалады. Қазіргі уақытта Ақтоғайда, Бозшакөлде және Шығыс өңірінде 190 аса адам жеке даму жоспарларына енгізілді. Шетелдік мамандарға тәлімгерліктің, олардың жергілікті кандидаттарға нұсқау берудің және оқытудың тиімділігі тұрғысынан жыл сайынғы бағалау жүргізіледі. Кадр резервін арттыру немесе дамыту барысы тоқсан сайынғы және жыл сайынғы негізде бір жылдағы қорытындыларды шығару кезінде қаралады.