By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Біз жұмыс орындарын құрып, салық төлеп, жергілікті жеткізушілерге басымдық бере отырып және жергілікті инфрақұрылымды қаржыландыра отырып, жергілікті және жалпыұлттық экономиканың дамуына үлес қосамыз.
KAZ Minerals Тобы жергілікті қоғамдастықтардың дамуына жәрдемдесуге тырысады және өндірістік бөлімшелер мен әлеуетті жаңа жобалардың жанында тұратын жергілікті тұрғындармен байланыс жасайды. Топ кәсіпорындарының бас директорлары өз өңірлерінде жергілікті халықпен қарым-қатынас жасау үшін жалпы жауап береді.
Тұрақты жалпы жиналыстар заң бойынша талап етілетін ресми қоғамдық кеңестерге қосымша ретінде кеніш өкілдері мен жергілікті тұрғындар арасында өткізіледі. Сондай-ақ, Топ жергілікті қауымдастық топтары үшін нысандарға баруды ұйымдастырады, оларды өз қызметімен таныстырады және олардың кез келген сұрақтарына жауап береді.
Топтың тұрғылықты халықтың құқықтарын құрметтеу жөніндегі міндеттемесі және оларды көшіру тәсілі осы беттегі Топтың адам құқықтары жөніндегі саясатында сипатталған. Топтың өндірістік операцияларды жүргізетін немесе жаңа тау-кен жобаларын әзірлейтін аймақтары тарихи тұрғыдан аз қоныстанған және тұрғылықты тұрғындарды көшіру қажеттілігі туындаған жоқ. Болашақ жобалар халықтың қоныс аударуын қажет етуі мүмкін емес, бірақ Топ әрқашан мәжбүрлі қоныс аударуды болғызбауға тырысады және мәдени ерекшелігі бар жергілікті тұрғындар тұрып жатқан аудандарды қорғау принципін ұстанады.
Қазақстанда Жер қойнауын пайдалану туралы заңның ережелеріне сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау кезінде Топ Қазақстан азаматтарына артықшылық беруге және жергілікті қызметкерлерді оқыту үшін қаражат бөлуге міндетті.
Қазақстан Республикасы Үкіметі «KAZ Minerals Bozymchak» ЖШҚ Бас директоры Ілияс Төлекеевті марапаттады
ТолығыменKAZ Minerals Bozymchak компаниясы екі футбол алаңын салды
ТолығыменKAZ Minerals Топтың өз қызметін жүзеге асыратын елдерінде әлеуметтік жобаларды қолдауға ұмтылады және 2021 жылы Топ осындай жобаларға $44 млн қаржыландырды.
Топта әлеуметтік қаржыландыру саясаты қабылданған, онда оның мақсаттары және міндеттері айқындалған. Топ жобалардың келесі түрлерін қолдауға ұмтылады: (i) Топ қызметін жүргізетін жерлерде орналасқан жобаларды және денсаулық сақтауды, білім беруді, инфрақұрылымды, мәдениет пен спортты дамытуға бағытталған жобалар; (ii) Топ қызметін жүргізетін елдерде іске асырылатын, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым, мәдениет және спорт саласында жүзеге асырылатын мемлекеттік жобалар; және (iii) Топ өз қызметін жүргізетін елдер туралы мәдениетті және экономикалық ақпаратты ілгерілету жөніндегі жобалар.
2021 жылы Топ COVID-19-дан зардап шеккен халықты қаржыландыруды жалғастырды, Нұр-Сұлтан қаласында елеулі мәдени орталықтың құрылысын салу, сондай-ақ объектілерді жаңғырту,
медициналық жабдықтарды сатып алу және күн көрісі төмен пациенттерді емдеуді қаржыландыру арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды қоса алғанда, бірқатар медициналық жобаларға қолдау білдірді. Топ жергілікті техникалық колледждерге құрал-жабдықтар сатып алып берді және болашағынан үміт күттіретін студенттердің оқу шығындары мен материалдарын төлеуге көмектесті. Қырғызстанда Топ Бозымшақ кенішінің жанында орналасқан ауылдарды абаттандыруға қаржы бөлді.
Топ Қазақстанда әртүрлі жоспарлы экономикалық дамуды қолдау үшін жергілікті нарықта сатып алуды және жабдықтауды жүзеге асыруға басымдық береді. Шығыс өңірде жергілікті нарықтағы сатып алу және жабдықтау көрсеткіші жалпы шығындардың 66%-ын құрады (2020: 66%). Ақтоғай мен Бозшакөлдегі шетелдік жабдықтау үлесі 2021 жылы тиісінше 77%-ды және 74%-ды құрады. Себебі осы кеніштерде жергілікті нарықта сатылмайтын заманауи технологиялар қолданылады.
Зардап шеккен отбасыларға жаңа үй салуға қолдау көрсету
Толығымен
KAZ Minerals жергілікті тұрғындардың игілігі үшін спорттық ғимараттардың құрылысына үлес қоса отырып, тау-кен өндіру операцияларын жүргізу аудандарындағы әлеуметтік жобалар арқылы спортты қолдайды.
2018 жылы Топ Бозшакөлге жақын маңдағы Павлодар қаласында жаңа олимпиадалық жүзу бассейнінің құрылысына қатысты.
‘‘Қазір бізде олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бассейн бар деп мақтанышпен айта аламын, мұнда жоғары дәрежелі спортшылар жаттығуларын жасай алады. Осындай керемет ғимарат үшін алғысымды айтамын, соның арқасында біздің спортшылар халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсететін болады.’’