By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Компания қызметкерлері арасындағы, біздің клиенттерімізбен, серіктестерімізбен және билік органдарымен адал, әрі ашық жүріс-тұрысы – іс-қызметіміздің маңызды құрамдас бөлігі. Адалдық Топтың корпоративтік құндылықтарының бірі.
Топтың тиісті саясаттарын PDF форматында жүктеп алуға болады:
ПАРАҚОРЛЫҚПЕН ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ КОДЕКСІ
ЖҰМЫСҚА ӘДІЛ ТҮРДЕ ОРНАЛАСТЫРУ КОДЕКС
СЫЙЛЫҚТАРҒА ЖӘНЕ ӨКІЛДІКТІК ШЫҒЫНДАРҒА ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ ЖҮРІС-ТҰРЫС КОДЕКСІ
Жан-жақтылық және теңдік саясаты
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК, ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ САЯСАТЫ
KAZ Minerals Тобының Директорлар кеңесі корпоративтік этика нормаларын сақтау және заңнама талаптарына сәйкестік үшін жауап береді.
Топтың парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күресу саясаты Парақорлық туралы Ұлыбритания заңының талаптарына сәйкес әзірленіп, 2011 жылдан бері Топтың барлық бөлімшелеріне қатысты қолданылады.
Топта бұзушылықтар туралы анонимді хабарлау жүйесі жұмыс істейді. Ол қызметкерлерге Компаниядағы қызметті жүргізу қағидаларымен, қауіпсіздікпен, экологиялық бұзушылықтармен және кез келген басқа да бұзушылықтармен байланысқан, оларды мазалайтын кез келген мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Әрбір қоңырау нәтижелері бойынша ішкі тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері Директорлар кеңесі тарапынан қарастырылады.