By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Топтың мыс өндіруші ретіндегі Қазақстанда пайда болуы 1930 жылдардан басталады. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Топ жекешелендіріліп, кейіннен 2005 жылы Лондон қор биржасында тіркелген болатын. 2014 жылы қайта ұйымдастырылғаннан кейін Топ атауы KAZ Minerals деп ауыстырылып, қазіргі кезде ол Қазақстанның ең ірі мыс өндіруші кәсіпорындарының біріне айналды. 2021 жылғы сәуір айында Топты Nova Resources BV компаниясы сатып алған болатын, ал 2021 жылғы 11 мамырда Топ Лондон және Қазақстан қор биржаларының тізілімінен шығарылды.
Баимская мыс жобасының кетуі
Сәтті іске қосу
Ақтоғайдағы екінші сульфидті байыту фабрикасы кенді өңдеу бойынша жобаланған қуат деңгейіне қол жеткізді, бұл – жобаның әлемдік деңгейге шығу жолындағы маңызды кезеңі.
Ақтоғайдағы кеңейту жобасының ресми ашылуы
Сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын екі есе арттыру мақсатындағы Ақтоғайды кеңейту жобасы ресми түрде 2021 жылдың қазан айында іске қосылды және алғашқы өнім тапсырыс берушілерге 2021 жылдың желтоқсан айында жөнелтілді.
Топты Nova Resources BV компаниясы сатып алды
Nova Resources BV Компанияның ұзақ мерзімді өсуге бағытталған, күрделі қаржыны қажет ететін стратегиясын қолдау мақсатында KAZ Minerals компаниясын толықтай сатып алды. 2021 жылғы 11 мамырда Компания Лондон және Қазақстан қор биржаларының тізілімінен шығарылғандықтан.
Іске асырудағы табысты тәжірибе
Топ 2020 жылы Covid-2019-ға байланысты айтарлықтай қиындықтарға тап болды. Дегенмен 12 жыл қатарынан мыс өндірісінің жылдық болжамын орындай отырып, табысты іске асыру тәжірибесін жалғастырды.
Баимская мыс жобасын сатып алу
Топ Ресейдегі Чукот өңіріндегі Баимская мыс жобасын оны қолма-қол ақшаға және KAZ Minerals-тың жаңа акцияларымен төленуі тиіс 900 миллион АҚШ долларына сатып алды. Баимская мыс жобасы әлемдегі ең маңызды игерілмеген мыс активтерінің бірі болып табылады, ол ең ауқымды, шығыны аз, ашық мыс кенішіне айналуы мүмкін.
Ресейдегі Баимская лицензиялық алаңындағы Песчанка кен орнының JORC классификациясы бойынша орташа мөлшері 0,39% болатын 9,9 миллион тонна мыс және орташа мөлшері 0,21 г/т болатын 16,6 миллион унция алтынды құрайтын өлшенген, анықталған және болжамды ресурстары бар.
Мыстың орташа жылдық өндірісі 320 мың тоннаны, алтын өндірісі 540 мың унцияны құрады, ал орташа таза ақшалай құны бастапқы өсімнен кейінгі алғашқы бес жылда 45 АҚШ центін/фунтты (2020 жылғы нақты мәнде) құрады.
Ақтоғай кен орнын кеңейту бойынша жұмыстар басталды
Ақтоғай учаскесінде сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын екі есеге арттыру үшін екінші байыту фабрикасының құрылысы басталды.
Ақтоғай сульфидті фабрикасындағы іске қосу-реттеу жұмыстары
Сульфидті кенді өңдейтін Ақтоғай байыту фабрикасында тестілеу, іске қосу және реттеу жұмыстары 2016 жылдың желтоқсанында басталды. Кен орнында сульфидті кеннен тауарлық мыс концентратын өндіру 2017 жылдың ақпанына жоспарлануда. Ақтоғай жобасының жалпы бюджеті қайта қаралып, 2016 және 2017 жылдарға $270 млн-ға, яғни $2,0 млрд дейін азайтылды.
Бозшакөлде өндіру жұмыстары басталды
2016 жылдың ақпанында Бозшакөл жобасында сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру жұмысы басталды.
2016 жылы Бозшакөлде, яғни ол іске қосылған алғашқы жылдың өзінде катод эквивалентіндегі 45 мың тонна мыс өндірілді.
Ақтоғайда өндіру жұмыстары басталды
2015 жылдың желтоқсанында Ақтоғай жобасында тотыққан кеннен катодты мысты өндіру жұмысы басталды.
Ақтоғайдағы кенді өңдеудің жалпы қуаты – жылына 37 млн тонна, оның ішінде 25 млн тоннасы сульфидті кенді өңдеу және 12 млн тоннасы оксидті кенді өңдеу көлемі
Ақтоғай 2016 жылы 18 мың тонна катодты мыс өндірді, оксидті кенді өңдеу кешенінде өндірістік операциялар жасалған бірінші жыл
Өсу қарқындары жоғары, шығындары аз
Орталық және жезқазғандық өңірлердің кен өндіру, өңдеу, мыс балқыту және энергетикалық активтердің бірқатарын шығаруды қамтыған ауқымды қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін Топтың бейіні Қазақстанда аз шығынды заманауи тау-кен өндірістерін дамытуға ауысты. Компания атауы KAZ Minerals PLC деп өзгертілді.
KAZ Minerals Тобының өндірісінің жиынтықты орташа жылдық өсу қарқыны ("CAGR") 2018 жылға дейін 55% деңгейінде болады деп күтілуде.
Бозшакөлдегі өндірісті қайта ұйымдастыру және ұлғайтудан кейін Топ бойынша ақшалай өзіндік құн 2016 жылы 59 АҚШ центін /фунтты құрады
Топтың қайта құрылуы
2014 жылдың 15 тамызында акционерлеріміз Топты қайта құрылуына дауыс берді, нәтижесінде жезқазғандық және орталық өңірлердің кемел активтерінің бірқатары негізгі акционері Владимир Ким болып табылатын Cuprum Holding компаниясына берілді. Қайта құрудан кейін жариялы компанияның атауы KAZ Minerals PLC болып өзгерді.
Құжатты жүктеу (ағылшын тілінде)Негізгі бағыт – мыс шығару, өндіру
Топ негізгі мақсатына – мысты өндіру мен өңдеуге көбірек көңіл бөлу үшін Екібастұз МАЭС-1-дегі үлесінің 50%-ын сатуды мақұлдады.
«Екібастұз МАЭС-1» электр станциясындағы
Компания «Екібастұз МАЭС-1» электр станциясындағы үлесінің 50% «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ $681 млн-ға сатуын аяқтады.
Қазақмыс ҚДБ-нен екі кредиттік желінің біріншісін алып жатқандығын жариялады
Топ Бозшакөл мен Ақтоғай өркендеу жобаларын салуды қаржыландыру үшін Қытай Даму Банкі ұсынған $4,2 млрд сомасын құрайтын екі қамтамасыз етілмеген кредиттік желінің біріншісін алып жатқандығын жариялады.
Лондон қор биржасы листингіне қосылды
Қазақмыс акциялары Лондон қор биржасында бір акция үшін 540 пенс бағасымен жайғастырылды. Компания Лондон листингіне кіретін көптеген тау-кен өндіруші компаниялардың бірі болды. Топ өзінің сыйақылы листингін сақтап келеді және Ұлыбританияның FTSE индексі тізіміне кіреді.
Менеджмент тарапынан компания акцияларының бақылау пакетін сатып алуы
Владимир Ким, Олег Новачук және Я.К. Ча Samsung және басқа акционерлерден компанияның 97% акцияларын сатып алу және 2003 жылы жаңа акцияларды шығаруға қатысу арқылы компания акцияларының бақылау пакетін сатып алды.
Басқарушы – Самсунг
Самсунг кореялық корпорациясы Компанияны басқаруға кірісті. 1996 жылы Самсунг корпорациясы Қазақмыс компаниясы үлесінің 40%-ын сатып алды, кейіннен оны сатып жіберді.
«Жезқазғантүстімет» ААҚ компаниясы құрылды
Қазақстан Үкіметі «Жезқазғантүстімет» ААҚ деп аталатын компанияны құрды. 1992 жылдан 2002 жыл аралығында жасалған бірнеше жекешелендіру жайындағы мәмілелердің нәтижесінде Үкіметтің үлесі 100%-дан 0%-ға дейін қысқарды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
«Жезқазғантүстімет» ӨБ жұмыс істеуін бастады
«Жезқазғантүстімет» ӨБ-де мыс балқыту өндірісі жұмыс істей бастады.
Қазақмыс Балқаш мыс балқыту зауытында өндірістік іс-қызметін бастады
Қазақмыстың өндірістік іс-қызметі Қазақстандағы Балқаш мыс балқыту зауытында басталды.