By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Негізгі нарықтардың жанында
Топтың негізгі кірістерінің келіп түсуі мысты сатудан қамтамасыз етіледі, ал қосымша кірістер алтын, күміс және мырыш түріндегі ілеспе өнімдерді сату есебінен түсіп отырады. Сондықтан Топ қызметінің нәтижелері сұраныс пен ұсыныс арақатынасының әлемдік көрсеткіштеріне, сондай-ақ нарықтағы сұранысқа және қаржы инвесторларының қызметін көрсететін шикізат тауарларының бағасына байланысты. Шикізат тауарларының бағасы геосаясаттық және макроэкономикалық факторларға байланысты құбылмалы әрі циклді болуы мүмкін. Қытай экономикасының даму перспективалары ерекше маңызды, өйткені бұл ел мыстың ірі тұтынушысы әрі Топ үшін негізгі нарық болып табылады.
Мыс электрді және жылуды өте жақсы өткізеді, сондықтан қазіргі заманғы инфрақұрылым, электр энергиясын өндіру және тарату, көлік, байланыс, өнеркәсіптік жабдықтар мен электр тұрмыстық аспаптары үшін кеңінен қолданылады.
Электр желілерінің құрылысы мен инфрақұрылымы мысқа деген сұраныстың екі маңызды көзі болып табылады, бұл оны Азия мен Африканың урбандалуын қолдайтын негізгі материал етеді. Тұтыну тауарларының, тоңазытқыш қондырғыларының және ауа баптағыштарға арналған жабдықтардың салалары да мысқа сұраныстың маңызды көзі болып табылады. Ол тұтынуды кеңейту нәтижесінде туындайтын дамушы елдер экономикасының дамуына қарай өсуі мүмкін.
Мыс сонымен қатар құрамында көміртегі аз энергияны өндіруге, шығарындылары төмен тасымалдауға жаппай көшу үдерісінде басты рөл атқарады. Күн және жел энергиясы, сондай-ақ электромобильдер мен гибридті көлік құралдарын және олармен байланысты инфрақұрылымды енгізу көп мөлшерде мысты қажет етеді.