By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Топ барлық жұмыскерлер мен мердігерлерді қазіргі заманғы құлдықтың немесе адам саудасының кез келген қазіргі немесе күдікті жағдайлары туралы дереу хабардар етуге шақыра отырып, қазіргі заманғы құлдықтың алдын алуға бағытталған саясат пен процедураларды белгіледі.
KAZ Minerals Limited («KAZ Minerals» немесе «Топ») өз қызметінде де, жеткізу тізбегінде де қазіргі заманғы құлдықтың болмауын қамтамасыз етуге ұмтылады және бұл мәлімдемеде біз бұған жол бермеу үшін жасаған қадамдарымыз баяндалады. KAZ Minerals – Қазақстандағы ең ірі және жылдам дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Мұндай экономикалық әлеует біздің қызметкерлерімізді және мердігер ұйымдарды, олардың отбасыларын және жергілікті ортаны қорғау және құрметтеу үшін корпоративтік жауапкершілікті де білдіреді. Барлық қызметкерлердің еңбекақысы ең төменгі жалақы деңгейінен асады, ал Қазақстанда жалақы Қазақстан Үкіметі белгілеген ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары. Біз жұмыскерлеріміздің кәсіподақтарға кіру еркіндігі құқығын құрметтейміз. Біз қызметкерлерімізбен және кәсіподақтармен диалог жүргіземіз, сондай-ақ олармен еңбек жағдайларын өзгерту және іскерлік қызметімізді жүргізу мәселелері бойынша кеңесеміз.
KAZ Minerals – Қазақстан мен Қырғызстанда ашық үлгідегі ірі көлемді төмен шығынды кеніштерді дамытуға бағдарланған өсу әлеуеті жоғары мыс өндіруші компания. Топ Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай және Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық үлгідегі мыс кеніштерінде, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніштері мен үш байыту фабрикаларында, сондай-ақ Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде операциялық қызметін жүргізеді. 2021 жылы мыс өндірісінің жалпы көлемі 299 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 167 мың унция алтын, 3 417 мың унция күміс және концентратта 47 мың тонна мырыш өндірілді. Топтың жалпы айналымы $2 784 млн құрады. Топтың мыс концентратының басым бөлігі Қытайдағы мыс балқыту зауыттарының тапсырыс берушілеріне жеткізіледі, ал Шығыс өңірден шығарылатын мырыш концентраты Қазақстанда, Қытайда және ТМД елдеріндегі тапсырыс берушілерге сатылады. Шығыс өңірі мен Бозымшақтан өндірілетін мыс концентраты (және Ақтоғай мен Бозшакөлдің кейбір материалдары) толлинг сызбасы бойынша Қазақстандағы Балқаш мыс қорыту зауытында катодты мысқа өңделеді. 2019 жылдың қаңтар айында KAZ Minerals тобы Ресей Федерациясының Чукот автономиялы округінде орналасқан Баимская мыс жобасын сатып алды.
2021 жылы Топта Қазақстанда 15000-ға жуық және Қырғызстанда 1000-ға жуық қызметкер жұмыс істеді. Топтың тау-кен кәсіпорындарында әртүрлі мамандандырылған қызметтерді ұсынатын 500-ге жуық мердігерлік ұйымдар жұмыс істеді. Бұл ретте Топтың Қазақстандағы, Қырғызстандағы кәсіпорындарында және аз мөлшерде Ресейде мердігерлер жалдаған 11 000-ға жуық қызметкер жұмыс істеді, олардың арасында жергілікті және шетелдік қызметкерлер де болды. KAZ Minerals бизнес-моделі туралы толық ақпарат 2020 жылғы жылдық есеп пен қаржылық есептіліктің 12-13 беттерінде берілген.
Топтың жеткізу тізбегіне білікті және біліктілігі жоқ жұмыс күшін, электр энергиясын, көлікті, балқыту қуатын және басқа қызметтерді ұсынатын, сондай-ақ мыс пен оның ілеспе өнімдерін өндіру, өңдеу және сату үшін шығын материалдары мен шикізатты қамтамасыз ететін мердігерлер мен жеткізушілер кіреді. Топтың негізгі жеткізушісі Қазақстандағы Балқаш мыс балқыту зауыты болып табылады, онда 2021 жылы 81 мың тонна катодты мыс, құймаларда 51 мың унция алтын және құймаларда 650 мың унция күміс (толлинг схемасы бойынша) өңделген.
Walk Free Foundation қорының 2018 жылы жариялаған құлдықтың соңғы жаһандық индексіне сәйкес Қазақстан, Қырғызстан және Ресей тиісінше Еуропа мен Орталық Азияда 21, 22 және 11-орындарды иеленеді, бұл ретте Қазақстан мен Қырғызстандағы халықтың 0,4%-ы және Ресейдегі 0,6%-ы құлдықта өмір сүреді деп есептеледі. Ұлттық деңгейде құлдықтың таралу рейтингі бойынша әлемнің 167 елінің ішінен Қазақстан 83-орынды, Қырғызстан 85-орынды, ал Ресей 64-орынды иеленді (бұл ретте 1-орын ең жоғары болжамды таралуды, ал 167-қазіргі құлдықтың ең төмен болжамды таралуын білдіреді). Қазақстанда еңбек мигранттарының өмір сүру және еңбек жағдайларына қатысты алаңдаушылық туғызатын негізгі салалар құрылыс, мақта және темекі өнеркәсібі болып табылады.
Топ пандемия кезеңінде өз жұмыскерлеріне, мердігерлеріне және жергілікті тұрғындарға қолдау көрсетуді жалғастырды және тауарлар мен адамдардың қозғалысына айтарлықтай шектеулер қойылған жағдайда да жеткізушілерімен тығыз жұмыс істеді. Топ COVID-19 салдарынан қызметкерлер санын қысқартқан жоқ; ұзақ мерзімдік вахтада жұмыс істешген жұмыскерлер мен мердігерлерге үстеме жұмыс ақысы төленді, ал карантиндік шараларға байланысты үйде қалуға мәжбүр болған жұмыскерлерге жалақы төлеу жалғастырылды. Толық ақпарат 2020 жылға арналған жылдық есеп пен қаржылық есептіліктің "Тұрақты даму" бөлімінде берілген.
Топ қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасының қаупін анықтауға, алдын алуға және азайтуға бағытталған саясаттар мен процедураларды әзірледі және қызметкерлер мен мердігерлерді KAZ Minerals басшылығына немесе біздің қызметімізді жүзеге асыратын барлық елдерде жергілікті телефон нөмірлері бар "Speak Up" құпия есеп беру жүйесінің көмегімен Топтың саясатында баяндалған кез келген болжамды немесе нақты қағидаттардың бұзылуы туралы хабарлауға шақырады.
Топтың Әділ жалдау шарттары туралы кодексі Топ қызметкерлеріне де, Топ жеткізушілеріне немесе мердігерлеріне де қатысты сақталуы тиіс стандарттарды белгілейді. Кодекске сәйкес адам саудасына кез келген нысанда қатысуға тыйым салынады және кез келген мәжбүрлі, міндетті, әділетсіз немесе балалар еңбегіне, паспорттарды немесе жеке басын куәландыратын құжаттарды тартып алуға, депозиттер алуға, қозғалыс еркіндігін шектеуге және жалдау ақысын алуға тыйым салатын ережелер енгізілген. Мердігер компаниялардың барлық қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген еңбек шарттары болуы, заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жоғары жалақы алуы, заңда белгіленген шектеулерге сәйкес келетін тең жағдайы, жұмыс уақыты және шағымдарды қарау рәсімдері оларға қолжетімді болуы тиіс. Қатыгездікке немесе адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынасқа қатаң тыйым салынады және жұмыскерлер кез келген уақытта еңбек шартын бұзып, жұмыс орнынан кетуге құқылы болуы керек.
Жеткізушілердің Жарғысында Топтың адам құқықтары, қызметкерлердің әл-ауқаты, парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас және қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі саласында сақталуы тиіс принциптері баяндалады.
Топтың адам құқықтары жөніндегі саясатының мақсаттары – Топтың өз қызметін жүзеге асыратын қоғамда, Топ қызметінің барлық аспектілерінде адам құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету. Біз БҰҰ-ның Адам құқықтары аспектісінде кәсіпкерлік қызметтің басшылық қағидаттарын қабылдадық.
Біздің саясатымыз біздің жеткізу тізбегімізде құлдық пен адам саудасының болмауын қамтамасыз ету үшін барлық іскерлік қарым-қатынастарымызда адал әрекет етуге деген ұмтылысымызды көрсетеді.
Топтың жоғарыда аталған саясаттарымен келесі сілтемелер бойынша өтіп танысуға болады:
Топ барлық жеткізушілер мен мердігерлерге олардағы сәйкестік жүйелері мен процестері туралы ақпарат алу үшін, сондай-ақ Топтың оның стандарттарын сақтайтын іскери серіктестермен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін кешенді тексеру жүргізеді. Кешенді сараптама процесі жеткізушілерден өздерінің сәйкестік бағдарламасын немесе іскерлік этика кодексін түсіндіруін, сондай-ақ олардың парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бар-жоғын, өз ұйымындағы қазіргі заманғы құлдық туралы білетіндігін және егжей-тегжейлі ақпарат беруін талап етеді. Барлық жеткізушілер Топпен келісімшарт жасаған кезде Топтың саясатын сақтауға және Жеткізушілердің жарғысында және Әділ жалдау шарттары туралы кодексте көрсетілген стандарттарды сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдауға міндетті. Жүргізілген кешенді тексерудің кез келген теріс нәтижелері, Жеткіушілердің жарғыны немесе Әділ жалдау шарттары туралы кодексті кез келген бұзуы немесе саясаттардың сақталуын растаудан бас тартуы Топтың осы жеткізушімен жасалған шартын бұзуға және/немесе болашақта мердігер ұйымды Топпен бірге жұмыс істеуден шеттетуге әкеліп соғуы мүмкін.
2021 жылы Жаһандық құлдық индексі, жеткізушілердің еңбек саясаты және жеткізу тізбегін басқару сияқты бірқатар дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалана отырып, қазіргі заманғы құлдықтың ең жоғары ықтимал қаупіне тап болған адамдарды анықтау мақсатында Топтың негізгі жеткізушілерінің тәуекелдерін бағалау жүргізілді. Қазіргі заманғы құлдықтың ықтимал қаупі санатына жатқызылған жеткізушілерге олардың саясаты мен процестеріне қатысты қосымша тексерулер жүргізілді.
Қызметкерлерден Топтың жеткізу тізбегіндегі құлдық пен адам саудасы жағдайларын болдырмау үшін жеткізушілер мен мердігерлерге мониторинг жүргізу және Топтың саясатын бұзу туралы кез келген күдік туралы тиісті арналар арқылы хабарлауын өтінеміз.
Топтың өз қызметінің аясында құлдық пен адам саудасының пайда болу қаупін басқару үшін оның жұмыскерлері арасында ішкі еңбек практикасына тұрақты түрде бағалау жүргізіледі. Жүргізілген бағалаулар Топтың өзінің жұмыскерлері арасында қазіргі заманғы құлдық жағдайлараның жоқ екенін растайды. Соңғы бағалау 2019 жылы жүргізілген болатын, ал келесі бағалау 2022 жылы жүргізілетін болады.
Топтың тәуелсіз басқарылатын «Speak Up» жүйесі бар, ол біздің жұмыскерлерге, мердігерлерге, жеткізушілерге, іскерлік серіктестерге және басқа да сыртқы мүдделі тараптарға мәселелер туралы құпия әрі қауіпсіз хабарлау тәсілін ұсынады. Бұл механизм шағымдарды жасырын түрде беруге мүмкіндік береді. Топ өздерінің қорқыныштары туралы адал хабарлаған қызметкерлерге қатысты қудалаудың кез-келген түріне жол бермейді. Барлық шағымдар мұқият тексеріліп, нәтижелері Аудит жөніндегі комитетке немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау және Директорлар кеңесінің тұрақты даму комитетіне хабарланады, олардың отырыстары жыл бойы тұрақты түрде өткізіледі.
2021 жылы Топ жобаларының әрқайсысында, Ақтоғай ТКБК кеңейту құрылысының жобасында және Баимская мыс жобасында жоғары басшылық жыл бойы олардың еңбек жағдайларына, атап айтқанда мердігерлердің жұмыскерлерінің арасында бағалау және мониторинг жүргізгендерін растады және KAZ Minerals объектілерінде қазіргі заманғы құлдық белгілерін тапқан жоқ. Ақтоғай ТКБК кеңейту құрылыс алаңында жоғары буын басшылары сондай-ақ алаңда мердігер ұйымдардың жекелеген жұмыскерлеріне олардың еңбек жағдайларына қатысты қысқаша сауалнамалар жүргізді және жауаптарды жазбаша түрде тіркеді, содан кейін оларға сауалнамаға қатысқан жұмыскерлер қол қойды.
Топта мердігерлердің, әсіресе өндірістік объектілерді бақылаумен байланысты функциялары бар жабдықтау қызметі, қызметкерлерді басқару қызметі жұмыскерлерінің және менеджерлерінің қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасының тәуекелдерін түсінуін қамтамасыз ету және Әділ жалдау шарттары кодексінде және Жеткізушілердің жарғысында қамтылған тиісті стандарттар туралы хабардар болуын арттыру үшін оларға арналған оқыту бағдарламасы бар. 2021 жылы оқыту тиісті лауазымдарға қабылданған жаңа қызметкерлерге арналған кіріспе нұсқамалық аясында да, қайталама нұсқамалық түрінде де жалғасты. Топтың оқытудан өткен қызметкерлерінің жалпы саны 5500-ден аса адамды құрайды.
Қосымша оқыту осы бөлімшелерде қырағылықты қамтамасыз ету үшін мердігер-құрылысшылар саны көп Топтың құрылыс жобаларында жаңа жоғары буын басшыларына жүргізіледі. Басшылар өз қызметтеріне оқытудан алған білімдерін сатылы тәртіппен жеткізеді.
KAZ Minerals бүкіл ұйым шеңберінде бақылау жүйесін үнемі жетілдіруге ұмтылады. 2022 жыл ішінде Топ өзінде немесе оның жеткізу тізбегінде құлдық пен адам саудасының болмауын қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралардың хабардарлығын арттыруды, бағалауды және тиімділігін бақылауды жалғастырады және қажет болған жағдайда біз қосымша шараларды енгіземіз.
Топтың адам құқықтары мен еңбек қатынастары мәселелеріне көзқарасы туралы толығырақ ақпарат 2021 жылғы жылдық есеп пен қаржылық есептіліктің "Тұрақты даму" бөлімінде (СІЛТЕМЕ) және Топтың веб-сайтындағы "Қоршаған орта, әлеуметтік сала және басқару мәселелері" бөлімінде (СІЛТЕМЕ) орналастырылған.
Осы мәлімдеме 2015 жылғы "Қазіргі заманғы құлдық туралы" Заңның 54(1) бөліміне сәйкес жасалған және 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған қаржы жылында KAZ Minerals Limited компаниясы мен оның төменде тізімделген еншілес кәсіпорындары үшін қазіргі заманғы құлдық туралы мәлімдеме болып табылады. KAZ Minerals Limited Директорлар кеңесі 2022 жылғы 12 мамырда бекіткен.