By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
«Біз KAZ Minerals тобының бүгінгі күнгі табысы тиімді корпоративтік басқарудың арқасында құрылғанын мойындаймыз, Топ бұдан әрі де жоғары стандарттарды қолдайтын болады. Несие берушілерге, жеткізушілерге, үкіметтерге, жергілікті тұрғындарға және басқа да мүдделі тараптарға осы стандарттарды көрсету мүмкіндігі олардың серіктестік ретінде Компанияның әлеуеті мен тұрақтылығына деген сенімділігін сақтауда шешуші рөл атқарады.»
Олег Новачук, KAZ Minerals Директорлар кеңесінің төрағасы
KAZ Minerals корпоративтік басқару жүйесі мүдделі тараптар үшін ашық және этикалық негізде ұзақ мерзімді, орнықты өсуді қамтамасыз етуде Директорлар кеңесін қолдау үшін, сондай-ақ мыс перспективалы орнықты дамуы үшін іргелі рөл атқаратынын мойындайтын біздің корпоративтік мақсатымызды жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін құрылған. Біз мыс өндірісін арттыру, ірі ауқымды, аз шығынды мыс кеніштерін игеру және пайдалану мақсатында қаржыландырамыз.
Директорлар кеңесі
2021 жылғы 11 мамырда Компания Лондон және Қазақстан қор биржаларының тізілімінен шығарылды, сондықтан сол күні Тәуелсіз атқарушы емес директорлар сатып алу туралы ұсынысқа сәйкес өз өкілеттіктерін тоқтатты. Компанияны жабық акционерлік қоғам ретінде қайта тіркеу 2021 жылғы 15 маусымда күшіне енді. Топ Директорлар Кеңесінің құрамындағы атқарушы емес директорлардың көмегімен корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстануын жалғастырады. Директорлар Кеңесінің негізгі Комитеттері: Аудит жөніндегі комитет, Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет, Жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі комитет, Сыйақы беру жөніндегі комитет және Үміткерлерді ұсыну жөніндегі комитет тиісті қызмет салаларын және оған байланысты тәуекелдерді қарастыратын болады.
Басшылық
Атқарушы басқару құрамының өмірбаяны келесі сілтеме бойынша мына жерде берілген.
Ішкі бақылау
Топта ішкі бақылаудың тиімді шаралары енгізілген, олар есеп берушілік пен жауапкершіліктің нақты жолдарын қамтамасыз етеді, сондай-ақ тәуекелдерді басқарудың нәтижелі процестерін сәтті жоспарлап, басқаруға ықпал етеді. Ішкі аудит бөлімі тәуелсіз кепілдікті қамтамасыз етеді.
Топ саясаттары
Топ өнерәсіптік қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі, парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қазіргі заманғы құлдық, адам құқықтары және алуан түрлі саясаттарды белгілеген, олар әлі де қолданылатын болады.
Ақпаратты ұсыну/есептілік
Топ өзінің мүдделі тараптары үшін, оның ішінде өндірістік, қаржылық көрсеткіштер, орнықты даму және корпоративтік басқару бойынша нақты және ашық есептілікті ұсынатын болады.
Құндылықтар
Біз жұмыскерлеріміз іске асыратын және мәдениетіміз бен мінез-құлқымыздың негізі болып табылатын қауіпсіздік, ұзақ мерзімді тиімділік, командалық жұмыс, кәсіби даму және шынайылық сияқты корпоративтік құндылықтарды белгілеген болатынбыз.
Мүдделі тараптар
Қызметімізді жеке компания ретінде жалғастыратындықтан, біздің қызметкерлер, кредиторлар, тапсырыс берушілер, жеткізушілер, үкімет және жергілікті халық біздің негізгі сыртқы мүдделі тұлғаларымыз болып табылады және біз қызметіміздің жүзеге асырылуына қарай олармен жақсы қарым-қатынаста болуға ниеттіміз.