By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
Мыс барлық заманауи инфрақұрылымда, электр энергиясын өндіру мен беруде, көлікте, коммуникацияларда, өнеркәсіптік жабдықтар мен электр аспаптарын өндіруде үлкен рөл атқарады.
KAZ Minerals – шығыны төмен және ұзақ мерзімді активтер портфелі мен әлемдік деңгейдегі жобаларды салуда және іске қосуда мол тәжірибесі бар, мысқа деген сұраныстың күн сайын артуының аясында өзінің артықшылықтарын іске асыру мақсатында тиімді позициясы бар мыс өндіретін компания.
KAZ Minerals-тың иелігінде 6 кеніш бар. Олар - Шығыс өңірдегі 3 кеніш және өндірісі ашық тәсілмен жүргізілетін Бозшакөл, Ақтоғай және Қырғызстандағы Бозымшақ кеніштері. Әдетте, кеніштерде «сульфидті кен» мен түрлі ілеспе өнімдер болады. Олардың құрамы мен көлемі кенішке байланысты өзгеріп отырады. Негізгі ілеспе өнімдер мырыш, күміс, алтын және молибден болып табылады. Технологияның әр сатысында, сульфидті кенді тауарлық металға өңдеу үшін, қажетсіз материалдардың артып келе жатқан көлемдерінен арылуға баса назар аударылып отырады.
Ақтоғайда 2015 жылы желтоқсанда экстракция мен электролиз әдісімен оксидті кеннен катодты мыс өндіру басталды, ал Ақтоғай КБК сульфидті кенді өңдеу фабрикасының бас корпусы 2016 жылғы желтоқсан айында іске қосылды. Қазіргі уақытта Топ құны $1,2 млрд құрайтын Ақтоғайды кеңейту жобасын қаржыландырады, бұл сульфидті кенді өңдеу қуатын екі есеге ұлғайтады. Сульфидті кенді өңдеу бойынша екінші фабрика 2021 жылдың соңына қарай қолданысқа енгізіледі деп күтілуде. 2016 жылдың ақпан айында Бозшакөлде сульфидті кеннен мыс концентраты өндіріле бастады.
2014 жылғы 31 қазан күні Топтың қайта құрылуы күшіне енген соң, KAZ Minerals өз кәсіпорындарында мысты балқытуды және тазартуды жасамайды. Ол мыс концентратын тікелей клиенттерге экспорттайды немесе металдарды балқыту тазарту үшін Қазақстандағы басқа кәсіпорындарға жеткізеді.
Мыс төмен көміртекті технологияларға көшуді қамтамасыз ету үшін қажет, өйткені ол жаңғырмалы энергия үшін өте маңызды.
‘‘Дәстүрлі көздерден энергия өндіруге қарағанда жаңғырмалы көздерден энергия өндіру үшін бірнеше есе көп мыс қажет. Көмір электр станциясына қарағанда теңіздегі жел электр станциясына бес есе көп мыс қажет болуы мүмкін. Мыс жел қозғалтқышының кабельдерін өндіруде кешенді қондырғы элементтерін (атап айтқанда терең теңіз кабельдері) қосу үшін, сондай-ақ жағаға қуат беру үшін қолданылады’’
Электромобильдер мен оларға қажетті инфрақұрылым ішкі жану қозғалтқышы бар автомобильдерге қарағанда мыстың едәуір көп мөлшерін пайдалануды талап етеді.
‘‘Электромобильдер мен жаңғырмалы энергия (жел және күн энергиясы) өндірісінің біртіндеп артуы ауыспалы қуат көздерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету және электромобильдерді зарядтау қажеттілігін қанағаттандыру үшін энергетикалық желілерді жаңарту сияқты ауысу процесі мен инфрақұрылымға айтарлықтай инвестицияларды қажет етеді. Мысқа деген сұраныс айтарлықтай артады деп күтілуде’’
200-ге жуық ел 2021 жылдың қараша айында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 26-сессиясында климат туралы келісімге қол қойды. Алдағы екі онжылдықта электр энергиясын өндіру және қазба отынмен жүретін автомобильдерді пайдалану үшін көмірді қарқынды қолданудан бас тарту туралы мәлімдемелер жасалды.
‘‘Энергия тұтынудың жиынтық көлеміндегі жаңғырмалы энергияның үлесі электрлендіру көміртексіздендіруге көше бастаған кезде арта түседі’’
‘‘Көміртексіздендіру бойынша міндеттемелер біздің мысқа деген сұраныстың негізгі болжамдары үшін әлі де үлкен қауіп болып табылады. Сонымен қатар, электромобильдер, жаңғырмалы энергия өз кезегінде мысқа деген сұранысқа оң әсер етеді’’