Ильяс Валерьевич Тулекеев

KAZ Minerals Bozymchak ЖШҚ Бас директоры

Ilyas Tulekeev

Ильяс Валерьевич Тулекеев – Қырғыз Республикасындағы Бозымшақ мыс-алтын кен орнын игеріп жатқан «KAZ Minerals Bozymchak» ЖШҚ-ның басшысы. Компанияның бас директоры қызметіне 2011 жылы тағайындалған. KAZ Minerals Тобына 2006 жылы қосылды.

В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «инженер-металлург» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қаржы және экономика салаларында білімі бар, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының халықаралық бизнес саласы бойынша MBA дәрежесіне ие.

Экономика ғылымдарының кандидаты, Қырғыз мемлекеттік геология, тау-кен ісі және табиғи ресурстарды игеру университетінің құрметті профессоры.

Тау-кен өндіру саласын дамытуға және Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан көпжылдық үлесі үшін екі елдің мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапатталған.