Михаил Плотников
KAZ Minerals Тобының Атқарушы директоры
2024 жылы тағайындалған
Кәсіби тәжірибесі
Михаил Плотниковтың тау-кен өндіру және металлургия салаларында, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Корпоративтік басқару, жоғары басшылықтың жұмысын ұйымдастыру және стратегиялық бастамаларды үйлестіру мәселелерінде терең сараптамалық білімі бар.
KAZ Minerals Тобының Атқарушы директоры лауазымында Директорлар кеңесі төрағасының Топ басшылығымен және негізгі мүдделі тараптармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, сонымен қатар стратегиялық бастамалар мен корпоративтік басымдықтарды іске асыруды ұйымдастыру және үйлестіру үшін жауап береді.
Директорлар кеңесі деңгейіндегі басқару процестерін үйлестіруде мол тәжірибесі бар, бизнесті, Топтың корпоративтік құрылымын және стратегиялық шешімдер қабылдау тетіктерін терең түсінеді.
Кәсіби еңбек жолын 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының көмекшісі қызметінен бастады.
2006 жылы «Қазақмыс Корпорациясына» жұмысқа орналасып, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының көмекшісі, Kazakhmys PLC Бас басқарушы директорының көмекшісі және KAZ Minerals Тобы Басқарма төрағасының көмекшісі қызметтерін атқарды.
2018 жылдан бастап KAZ Minerals Тобының Директорлар кеңесі төрағасының көмекшісі болып жұмыс істеді. 2022 жылы Директорлар кеңесі төрағасының аппаратын басқарып, оның қызметін үйлестіруді және Топ басшылығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етті. 2024 жылы KAZ Minerals Тобының атқарушы директоры болып тағайындалды.
Мәскеу мемлекеттік сервис университетінің заң факультетін және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психология факультетін бітірген. Іскерлік әкімшілендіру бойынша магистр (EMBA) дәрежесі бар.