Йохен Бербнер

«Шығыстүстімет» ЖШС басқарма төрағасы

Йохен Бербнер

Жұмыс тәжірибесі

2026 жылғы 1 шілдеде Йохен Бербнер «Шығыстүстімет» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Шығыстүстімет» ЖШС-нің стратегиялық даму жөніндегі директоры қызметін атқарған.

Германиядағы Карлсруэ университетін «Экономикалық инженерия» мамандығы бойынша тәмамдап, Diplom-Wirtschaftsingenieur біліктілігін алған. Сондай-ақ әлемдегі жетекші бизнес-мектептердің бірі — INSEAD оқу орнында MBA дәрежесіне ие.

Тау-кен өнеркәсібі, металлургия, стратегиялық даму және операциялық тиімділікті арттыру салаларында 25 жылдан астам халықаралық басқарушылық тәжірибесі бар.

Әр жылдары McKinsey & Company және Eurasian Resources Group компанияларында басшылық қызметтер атқарған. Германияда, Ресейде және Қазақстанда жұмыс істеген.