Джонатан Рао

KAZ Minerals Bozshakol бас директоры

Джонатан Рао

2026 жылғы ақпанда тағайындалды. Тағайындалғанға дейін Бозшакөл байыту фабрикасының директоры болып жұмыс істеді.
Перт қаласындағы (Австралия) Кертин университетін тәмамдаған. Химиялық технология бакалавры, металлургия бакалавры және бухгалтерлік есеп магистрі дәрежелеріне ие.

Тау-кен өнеркәсібінде айтарлықтай халықаралық тәжірибесі бар. Австралия, Папуа — Жаңа Гвинея, Лаос, Конго Демократиялық Республикасы, Босния және Герцеговина, Доминикан Республикасы елдерінде никель, темір кені, мыс, алтын, қорғасын және мырыш өндіру және өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істеген.

Әр жылдары BHP Billiton, MMG Group, Chifeng Gold, Adriatic Metals және басқа да компанияларда басшылық қызметтер атқарған.
KAZ Minerals Тобына 2024 жылы қосылды.