Баимская мыс жобасындағы су ресурстары

Қазіргі уақытта Топ Ресей Федерациясының Чукот автономды округінде орналасқан Баимская мыс жобасының Банктік техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауда, оған жеткілікті су қорының бар-жоғын егжей-тегжейлі бағалау кіреді.

2020 жылы Баимская мыс жобасын әзірлеуді бастамас бұрын қоршаған табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаға әсерін бағалау, соның ішінде фондық жағдайды зерттеу аяқталды.

Зерттеулер технологиялық қажеттіліктер мен ішуге қажетті (қайта өңдеуден кейін) су қорының жеткілікті екенін және су алудың тұщы сумен қамтамасыз ету тұрғысынан жергілікті тұрғындарға әсер етпейтінін көрсетті.

Өндірістік операциялар процесінде карьерді құрғатудың шекті қажеттілігін ескере отырып, жерасты суының қорларына жергілікті әрі болмашы әсер етеді деп күтілуде.

Жерүсті суларына әсері былай бақыланады немесе оның алдын алады:

  1. Карьерді құрғатудың нәтижесінде алынған су қалдыққоймаларға қайта айдалады.
  2. Қалдыққойма мәңгі тоңның төменгі бөлігінен оқшауланған суға төзімді бөгеттері мен негіздемесі бар «нөлдік су қашырту деңгейіне ие» конструкцияға жатады. Аққан су қойманың төменгі бөлігіндегі жеке учаскеге жиналып, негізгі бөгеті бар учаскеге қайта айдалады.
  1. Жазда «Песчанка» өзенінің ағуын қамтамасыз ету үшін қалдыққойманың конструкциясында ұзындығы 15 км сорғы станциясы бар айналма құбыржол қарастырылған.

2020 жылдың бірінші жартысындағы қаржылық нәтижелер

Баимская жобасының инфрақұрылымы бойынша жаңарған ақпарат

2020 жылдың бірінші жартысындағы өндіріс

Табиғи апат кезіндегі көмек: Түркістан халқына қолдау көрсету

2020 жылдың мамыр айының басында Қазақстанның Түркістан облысында қатты су тасқыны болды. Су тасқынынан он төрт ауылдың 32 000 жуық тұрғыны зардап шекті. KAZ Minerals зардап шеккен отбасылар үшін жаңа үйлер салуға қолдау көрсетті.

Қанат Амандықұлы, Түркістан облысының тұрғыны: «Әрине, біз есеңгіреп қалдық. Бірақ бізге далада қалмайтынымызды айтқан соң тынышталдық. Жаңа үйдің кілтін алғанымызға өте қуаныштымыз. Көмек қолын созған жанның барлығына алғысымыз шексіз».

KAZ Minerals Тобы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 1 млрд теңге бөледі

Баимская жобасы туралы жаңарған ақпарат

Ақтоғай жобасы туралы жаңартылған ақпарат

2020 жылдың І тоқсанындағы өндірістік қызметтің қорытындысы

KAZ Minerals Тобы халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету үшін құрылған Birgemiz қоғамдық қорына 2,2 млрд теңге аударды