2026 жылдың 2-тоқсаны: өндірістік нәтижелер
2026 ЖЫЛҒЫ 30 МАУСЫМДА АЯҚТАЛҒАН ЕКІНШІ ТОҚСАН БОЙЫНША KAZ MINERALS ТОБЫНЫҢ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР
- Мыс
2026 жылдың бірінші жартысында мыс өндірісі 179,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% аз. Төмендеудің негізгі себебі – өңдеу көлемінің азаюына байланысты Бозшакөлдегі өндірістің қысқаруы, сондай-ақ мыс мөлшері төмен кеннің өңделуіне байланысты Шығыс өңірі кәсіпорындарындағы өндіріс көлемінің төмендеуі. Мыс сату көлемі – 172,9 мың тонна, бұл өндіріс көлемінен 4% аз. Бұл өнімді жөнелту мерзімдеріндегі айырмашылықтарға, сондай-ақ есепті кезеңнің соңында жолда болған катодты мыс көлемінің және мыс балқыту кәсіпорындарындағы аяқталмаған өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты болды.
- Бағалы металдар
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында алтын мен күміс өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азайды. Бұған Бозшакөлде өңделген кеннің сипаттамаларының өзгеруіне байланысты өндіріс көлемінің қысқаруы негізгі себеп болды. Бұл төмендеу Ақтоғайдағы, сондай-ақ Шығыс өңір кәсіпорындары мен Бозымшақтағы тұрақты өндірістік көрсеткіштердің арқасында ішінара өтелді.
- Концентраттағы мырыш
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында концентраттағы мырыш өндірісі 6% артып, 21,7 мың тоннаны құрады. Бұл мырыш мөлшері жоғары кенді өңдеудің арқасында мүмкін болды. 2026 жылдың екінші тоқсанында өндіріс көлемі 11,3 мың тоннаны құрап, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9% артты. Өсім кен өңдеу көлемінің ұлғаюымен байланысты болды.
- Концентраттағы молибден
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында концентраттағы молибден өндірісі 2 205 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% аз. Бұған Ақтоғайда молибден мөлшері төмен кенді өңдеуге байланысты өндіріс көлемінің азаюы себеп болды. Бұл төмендеу Бозшакөлдегі өндіріс көлемінің артуы есебінен ішінара өтелді.
KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы Андрей Третьяков бұл туралы былай деді: “KAZ Minerals 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 179,8 мың тонна мыс өндіріп, тұрақты өндірістік нәтижелерге қол жеткізді. Ақтоғайдағы жоғары өндірістік көрсеткіштер мен Бозшакөлдің алдыңғы тоқсанмен салыстырғандағы нәтижелерінің жақсаруы есепті кезеңде Топтың тұрақты өндірістік көрсеткіштерін қамтамасыз етті. Біз операциялық тиімділікті арттыру және 2026 жылға арналған өндірістік жоспарды толық көлемде орындау жолындағы жұмысты жалғастырамыз”.