By continuing to browse the site you are agreeing to our use of cookies. For more details about cookies and how to manage them, see our cookie policy.
KAZ Minerals өндірістік көрсеткіштерді оңтайландыру және ресурстарды пайдалануды азайту мақсатында өзінің тау-кен өндіру және қайта өңдеу қызметіне озық технологияларды енгізуге ұмтылады. 2021 жылы Топ өндірістік тиімділігін арттыру және өндірілген мыс тоннасына шаққандағы энергия тұтынуды азайту мақсатында «Кеніш – Байыту фабрикасы» технологиялық тізбегін оңтайландыру процесінде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдануды кеңейтті.
Ақтоғайдағы сульфидті кенді өңдеу бойынша бірінші байыту фабрикасында TRIT-AI жүйесі қабылданды. Сынақтан сәтті өткеннен кейін қазір бұл жүйе Бозшакөлге енгізіліп жатыр және Ақтоғайдағы сульфидті кенді өңдеу бойынша екінші байыту фабрикасында қолданылатын болады.
Топ – өз өндірістік алаңдарында осындай үлгідегі өнімдерді енгізген ТМД-ғы алғашқы компанияның бірі, бұл – Топтың цифрлық инновациялар мен операциялық тиімділік саласындағы көшбасшы ретіндегі позициясын сақтап қалуға деген ұмтылысы.
Бұл құрал шахтаның кенжарынан бастап қалдыққойма жүйесіне дейін ұнтақтау және флотациялау циклі арқылы кенді байыту процесін оңтайландыру үшін деректерді терең талдауды қолданады. Ақтоғайда құралды жасап, сынап көру үшін тарихи деректердің 500 миллионнан астам эксперименттік нүктесі қолданылды. Сосын бағдарлама жақсыларын ұсыну үшін жаңа деректерді қолдана отырып, тұрақты түрде өздігімен бейімделеді. Байыту фабрикасының қызметкерлері құрал арқылы алған ұсынымдарды меңгеріп, оларды тәжірибеде қолдану жолын анықтайды.
Осы ұсынымдардың нәтижесі – байыту фабрикаларындағы өткізу және шығару қабілетін оңтайландыру. Ақтоғайға эксперименттік енгізу мыс алу мен қайта өңделген кен көлемінің артқанын көрсетті, бұл ретте алдын ала нәтижелер осы қорытындыны растайды. Бұл Топтың өндірістік қызметті барынша тиімді жүзеге асыруына мүмкіндік береді және Топ өндірілген мыстың тоннасына пайдалануы тиіс ресурстарды қысқартады.
Топ осындай жобаларды іске асыру үшін өз кәсіпорындарында деректерді өңдеу және талдау жөніндегі мамандар, машиналық оқыту жөніндегі мамандардың және деректерді өңдеу және талдау жөніндегі инженерлер командасын құрады.
Ақтоғай кеніші тау-кен өнеркәсібіне цифрлық инновацияларды енгізумен айналысатын канадалық Motion Metrics технологиялық компаниясымен ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Motion Metrics компаниясы «Кеніш – Байыту фабрикасы» технологиялық тізбегін оңтайландыру процесіне жасанды интеллект негізіндегі шешімді енгізу бойынша Ақтоғай кенішімен ынтымақтастықта жұмыс істейді, оның мақсаты – энергия тұтынуды азайту және барлық кәсіпорында қауіпсіздікті арттыру. Бағдарламалық құрал энергия тұтынуды азайту мақсатында ұсақтау және ұнтақтау циклдерін оңтайландыру үшін экскаваторлардың, ұсақтағыштар мен таспалы конвейерлердің гранулометриялық құрамын талдайды. Сондай-ақ бағдарламалық кешен конвейерлердегі кенді талдайды және ұсақтағышқа жұмыстың тоқтап қалуына әкелуі мүмкін бөгде заттардың немесе ірі габаритті қойтастардың түсуіне жол бермеу үшін жер қазу техникасының жұмыс элементтерінің бүтіндігін бақылайды.
«KAZ Minerals Management» ЖШС Басқарма Төрағасы Эльдар Мамедов мынадай пікір қалдырды: «Мен жасанды интеллект саласындағы осы жобаларды іске асыру жолында командамыз атқарған жұмысты мақтан тұтамын. Біз Ақтоғай кенішінің тиімділігі мен экономикалық әлеуетін барынша арттыру үшін озық практикалық тәжірибені қолданамыз».