іс-ҚЫЗМЕТІМІЗ

Бозшакөл

ШОЛУ

Бозшакөл – Қазақстан Республикасының Павлодар облысындағы ашық типті, ірі ауқымды мыс кеніші. Мыс концентратын өндіру 2016 жылдың ақпанында басталды. Кеніштегі өндіріс көлемін есептік қуатқа дейін арттыру 2017 жылдың екінші жартысында аяқталады.

ӨНДІРІС АЛАҢЫНЫҢ СҰЛБАСЫ

siteplan-bozshakol-ru@2x.png
icon-power.png
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ
  • Қазақстандағы ең ірі электр станция - Екібастұз МАЭС-1-ден 220 кВ кернеулі электр беру желісі.
  • Электр энергиясының бәсекелік бағасы
icon-water.png
СУ РЕСУРСТАРЫ
  • Қаныш Сәтпаев атындағы арнадан балғын сумен қамтамасыз ету
  • Кен байыту фабрикасындағы техникалық судың 70-80% қайта пайдаланылатын болады.
icon-transport.png
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
  • Темір жол тармағы республикалық темір жол желісімен қосылған
  • Дайын өнім вагондарға тікелей қаптау цехында тиеледі
  • Қытайдың шекарасындағы Алашанкоу бекетіне дейін бес күндік жол
icon-people.png
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ
  • 1 500 қызметкер
  • Жоба іске қосылғаннан кейін басқарушылық міндеттер жергілікті мамандарға тапсырылған

Operational timeline

2010 – ЖЕР ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ БОЗШАКӨЛ ӨНДІРІС АЛАҢЫ

Директорлар кеңесі жобаның әзірленуін 2011 жылғы 25 тамызда бекітті. Өндіріс алаңы Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан, оған Қазақстанның елордасы Астанадан автомобиль жолымен және темір жолмен жетуге болады. Біз жұмысты «нөлден» бастадық. Бұл жолымыздың басы.

2011 – ӨНДІРІС АЛАҢЫНЫҢ БАСТАПҚЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Бозшакөлдің қолданыстағы магистральді автомобиль жолдары мен темір жолдардың маңында орналасқандығы бізге дайындық жұмыстарын қысқа мерзімдерде аяқтап, өндіріс алаңының бастапқы инфрақұрылымын салуға мүмкіндік берді.

2012 – ҰСАҚТАУ ЖӘНЕ ФЛОТАЦИЯ КОРПУСТАРЫ

2012 жылы біз су құбырының құрылысын аяқтап, құрылыс жабдықтарын алған соң өндіріс алаңында жер қазу жұмыстарына кірістік. Біз кеңсеге арналған үй-жайды жайластырып, жұмыскерлерге уақытша вахталық кентін тұрғыздық, негізгі ғимараттардың іргетасын қалап, көтергіш болат құрастырмалары мен қабырғаларды салуға кірістік, үгіту корпусының үстінен жаппа арқалық орнатып, қалдықтарды қойылту борттарын тұрғыза бастадық.

2013 – ІРГЕТАСТЫ ҚАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

2013 жылы біз негізгі ғимараттардың көбісінің іргетасын қалау және сыртқы қабырғалары мен шатырларын салу бойынша жұмыстардың үлкен бөлігін бітірдік. Сонымен қатар біз тұрақты вахталық кентіндегі тұрғын үй-жайларының металл құрастырмаларын салуды аяқтап, кен байыту фабрикаларының техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу цехтарының іргетасын қаладық. Көтергіш болат құрастырмаларын тұрғыздық, сондай-ақ ауыр жабдықтарды өндіріс алаңына тасымалдауға рұқсат алу үшін басты кірмежолды салдық. Ауыр жабдықтың бірінші партиясын, оның ішінде шар диірменнің және жартылай өздігінен ұнтақтайтын диірменнің тораптарын біз Антверпеннен Бозшакөл өндіріс алаңына 2013 жылғы шілденің соңында жеткіздік. Жұмыстар шамамен 50%-ға аяқталды, енді ақырғы жобаның кескіндерін көруге болады.

2014 – ТҰРАҚТЫ ВАХТАЛЫҚ КЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

2014 жылдың бірінші жартысында біз кен байыту фабрикасының негізгі ғимаратының құрылысы мен 220 кВ кернеулі электр беру желісін салуды аяқтадық. Күзде біз тұрақты вахталық кенттің құрылысын және 2015 жылдың бірінші тоқсанында алғашқы кен өндіру үшін жүк көліктері мен экскаваторларды құрастыруды аяқтадық. Сонымен қатар біз ұсақтау және флотация учаскелерінде диірмендер мен ішкі болат платформаларын орнатуды және кен тасымалдауға арналған жер үсті конвейерін салуды бастадық. Жоба 2015 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылуы тиіс болатын.

2015 - БАСТАПҚЫ КЕН ӨНДІРУ

2015 жылдың маусымындағы жағдай бойынша, біз сульфид кенін қайта өңдеу фабрикасының, өндірістік емес мақсаттағы ғимараттың негізгі корпустарына арналған барлық бетон және болат құрастырмаларын, тұрақты вахталық кенттің, автомобиль кірмежолы мен темір жол тармағын салуды, 220 кВ кернеулі электр беру желісі мен қосалқы станцияларды ортақ желіге қосуды аяқтадық. Жүк көліктері, тиегіштер мен экскаваторларды қоса алғанда, тау-кен өндіру жабдықтары жеткізіліп, орнатылды, барлық үш диірменге арналған барабандар, тиегіш қақпақтар мен статорлар орнатылды. Жақын айларда біз алғашқы үгіту қондырғысын салуға, алғашқы және қайта тазалау флотация камералары мен жер асты құбырларына және электр монтаждау жұмыстарына арналған толымдаушы материалдарды орнатуға, шар диірмендері мен жартылай өздігінен ұсақтайтын диірмендерді орнатуға және сынауға, сондай-ақ каолин балшығы бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салуға тиіспіз. Алғашқы кен өндіруді біз 2015 жылдың маусымында, ал сульфид кенін қайта өңдеу фабрикасындағы іске қосу мен реттеу жұмыстарын 2015 жылдың желтоқсанында бастадық.

2016 – МЫС ӨНДІРУ

Осы жобаның негізгі сульфид кенін қайта өңдеу фабрикасында тауарлы мыс концентратын өндіру 2016 жылдың ақпан айында басталды, ал мыс концентратының алғашқы жөнелтілімі наурызда жүзеге асырылды. Каолин балшығы бар кенді қайта өңдеу фабрикасындағы іске қосу-реттеу жұмыстары 2016 жылғы 29 қыркүйекте басталды.

БОЗШАКӨЛ ҚЫСҚАША ШОЛУ

МЫСТЫ БАҒАЛАП ӨНДІРУ
жылына 100 мың тонна

алғашқы 10 жылда

АЛТЫН ӨНДІРУ
жылына 120 мың унция

алғашқы 10 жылда

КЕНІШТІ ПАЙДАЛАНУ МЕРЗІМІ
40 жылдан астам

МИНЕРАЛДЫ РЕСУРСТАР
1 208 млрд тонна

құрамындағы мыстың орта мөлшері 0,36%

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
1500

қызметкер

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ
$2,15 млрд

Explore our business

icon-active-mine-normal.png Operating Mine