іс-ҚЫЗМЕТІМІЗ

Ақтоғай

ШОЛУ

Ақтоғай – Бозшакөлге ұқсас, ашық типті, ірі ауқымды мыс кеніші. Ол Шығыс Қазақстанда орналасқан. Заманауи қайта өңдеу кешендері бұл кеніште оксид кенінен катодты мыс, ал сульфид кенінен концентраттағы мыс өндіреді.

ӨНДІРІС АЛАҢЫНЫҢ СҰЛБАСЫ

siteplan-aktogay-ru@2x.png
icon-power.png
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ
  • Қарағанды электр станциясынан 220 кВ кернеулі электр беру желісі
  • Электр энергиясының бәсекелік бағасы
icon-water.png
СУ РЕСУРСТАРЫ
  • Жер асты ұңғымаларындағы жер асты сулары есебінен сумен қамтамасыз ету
  • Кен байыту фабрикасындағы техникалық судың 70-80% қайта пайдаланылатын болады.
icon-transport.png
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
  • Республикалық темір жол желісінің тармағы
  • Дайын өнім вагондарға тікелей қаптау цехында тиеледі
  • Қытайдың шекарасындағы Алашанькоу бекетіне дейін екі күн жол
icon-people.png
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ
  • 1 500 қызметкер
  • Жоба іске қосылғаннан кейін басқарушылық міндеттер жергілікті мамандарға тапсырылады

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ІС-ҚЫЗМЕТТІҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ

2012 – ЖҰМЫЛДЫРУ

Жобаны әзірлеуді «нөлден» бастаған Бозшакөлмен салыстырғанда, кейбір инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде электрмен жабдықтау тармағы мен көлік коммуникацияларының бар болуы Ақтоғай кен орнының артықшылығы болды. Біз кен байыту фабрикасын орналастыру жоспарланған жерде геодезиялық ізденістер жүргіздік, аумақты уақытша және тұрақты вахталық кенттер мен негізгі ғимараттардың құрылысына дайындау үшін топырақтың беткі қабатын ала бастадық.

2013 – ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ

Біз негізгі ғимараттар үшін жер қазу жұмыстарын, топырақтың беткі қабатын алуды және жолдардың жай-күйін жақсартуды жалғастырдық. Уақытша вахталық кент пен кеңселер салып, алаңды тұрақты вахта кентіне дайындай бастадық. Сілтісіздендіру алаңына басты ерітінді төгелетін жыра салуға кірістік, кенді қайта өңдеу фабрикаларының негізгі ғимараттары үшін бетон іргетастарды қалай бастадық. Төртінші тоқсанда темір жолдар мен 110 кВ кернеулі электр беру желілерін қоса алғанда, инфрақұрылым буындарын қосуды аяқтадық.

2014 - СУЛЬФИДТІ КЕНДІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ФАБРИКАСЫН САЛУ

Сульфидті кенді қайта өңдеу фабрикасын салуға келісім-шарт – «Ақтоғай» жобасына жұмсалатын күрделі шығындар бюджетіндегі ең үлкен шығын бабы – Non Ferrous China (“NFC”) компаниясына 2014 жылдың қыркүйек айында ұсынылды. Осы келісімшартты ұсынғаннан кейін Топ «Ақтоғай» жобасындағы күрделі шығындар сомасы шамамен $2,3 млрд (кейін $2,0 млрд дейін азайды) болатындығын растай алды. 2014 жылдың бірінші жартысында біз 110 кВ кернеулі электр тасымалдау әуе желілерін салу жұмыстарын шамамен 50%-ға аяқтап, жұмыс алаңында негізгі жер қазу жұмыстарына кірістік. Тау-кен өндіру жабдықтарын монтаждау жалғастырылды. Кенді сілтісіздендіру кешенінің құрылысы жөніндегі мердігер өндіріс алаңына келіп, іргетастарды қалау жұмыстарын бастап кетті. Біз су құбырларын төсеуге және кіретін темір жолдарды салуға кірістік.

2015 - ОКСИДТІ КЕНДІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАУ

2015 жылдың бірінші жартысында біз қышқыл сақтауға арналған ыдыстарды құрастыруды және PLS сорғыларымен жабдықталған сорғы станциясын салуды аяқтадық, сульфид кенін қайта өңдеу фабрикасының іргетастарын қаладық және кенді қабылдауға дайын болған оксид кенін сілтісіздендіруге арналған алғашқы екі панельді (101 мен 102) салып бітірдік. Ғимараттар мен оксидті кенді қайта өңдеу құрылыстары, сілтісіздендіруге арналған 103-109 панельдері мен тұрақты вахталық кенті оксид кенінен катодты мыс өндірудің басталуына, яғни 2015 жылдың желтоқсан айында уақытылы салынып бітті. Сульфидті кенді қайта өңдеу жобасы бойынша бастапқы үгіту қондырғысы мен конвейерге арналған алаңдар дайындалды.

2016 - СУЛЬФИДТІ КЕНДІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАУ

Негізгі сульфид кенін қайта өңдеу фабрикасындағы жұмыстар негізінен 2016 жылы аяқталған болатын, ал 2016 жылдың желтоқсан айында іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. Содан кейін 2017 жылдың ақпан айында тауарлы мыс концентратын өндіру басталды. Жоба бойынша күрделі шығындар бюджеті $270 млн асаға азайып, шамамен $2,0 млрд құрады.

Ақтоғайға қысқаша шолу

МЫС ӨНДІРУ
жылына 110 мың тонна мыс

алғашқы 10 жылда

ОКСИДТІ КЕННЕН АЛҒАШҚЫ МЫС ӨНДІРУ
2015 жылдың желтоқ айында

2017 жылғы жоспар - мұнда 25 мың тоннаға дейін

СУЛЬФИДТІ КЕННЕН АЛҒАШҚЫ МЫС ӨНДІРУ
2017 жылдың 1-тоқсаны

2017 жылғы жоспар - 60-70 мың тонна

КЕНІШТІ ПАЙДАЛАНУ МЕРЗІМІ
50 жылдан астам

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
1500

қызметкер

КҮТІЛЕТІН КҮРДЕЛІ ШЫҒЫНДАР
$2,0 млрд

Explore our business

icon-active-mine-normal.png Operating Mine