КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘР АЛУАНДЫЛЫҚ

Біздің мақсатымыз – білікті жұмыс күшін тарту, бұл ретте біз қызметімізді жүргізетін өңірлердегі демографиялық ахуал маңызды фактор болып табылады.

‘‘Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі тепе-теңдік оң бағытта дамып келе жатыр деп ойлаймын. Қазіргі таңда біз компаниямызда және еліміздің тау-кен өндіру өнеркәсібінде кез келген деңгейде жыныс, жас, ұлт немесе нәсіл бойынша шектеулер жоқ екенін көрсете аламыз. Шахтада немесе фабрикада күш біріктіре жұмыс істеу қажет, барлық жұмыскердің мүмкіндіктерді бірдей.’’ Мадина Капарова
‘‘Менің ойымша, зияткерлік қабілеттер мен әлеуетке қатысты ерлер мен әйелдердің арасында ешбір айырмашылық жоқ. Біліктілік талаптары мен қызмет түріне тең дәрежеде сәйкес келетін құнды әрі кәсіби қызметкер болады – және оның ер немесе әйел екені маңызды емес.’’ Баян Альжанова

Толығымен ЖҰМЫСКЕРЛЕР