Біз туралы

ТОПТЫҢ ТАРИХЫ

Топтың Қазақстандағы өндірістік іс-қызметінің даму тарихы бай. Топтың мысты өңдеу және өндіру бойынша қызметі 1930-шы жылдары басталды. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін Топ жекешелендіріліп, 2005 жылы Лондон қор биржасында листинг алды. Қайта құру ісі аяқталғаннан кейін 2014 жылы Топтың атауы KAZ Minerals деп ауыстырылды және қазіргі уақытта Қазақстанда мысты өндіретін ең ірі өндірушілердің бірі болып саналады. KAZ Minerals өзін дүние жүзіндегі мыс өндірушілердің арасында өзіндік құн көрсеткіші ең төмен өндірісінің өсу қарқыны ең жоғары өндірістердің бірі екендігін көрсетті.

2016

желтоқсан

Ақтоғай сульфидті фабрикасындағы іске қосу-реттеу жұмыстары

Сульфидті кенді өңдейтін Ақтоғай байыту фабрикасында тестілеу, іске қосу және реттеу жұмыстары 2016 жылдың желтоқсанында басталды. Кен орнында сульфидті кеннен тауарлық мыс концентратын өндіру 2017 жылдың ақпанына жоспарлануда. Ақтоғай жобасының жалпы бюджеті қайта қаралып, 2016 және 2017 жылдарға $270 млн-ға, яғни $2,0 млрд дейін азайтылды.

ақпан

Бозшакөлде өндіру жұмыстары басталды

2016 жылдың ақпанында Бозшакөл жобасында сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру жұмысы басталды.

2016 ЖЫЛДАҒЫ МЫС ӨНДІРІСІ
45 мың тонна

2016 жылы Бозшакөлде, яғни ол іске қосылған алғашқы жылдың өзінде катод эквивалентіндегі 45 мың тонна мыс өндірілді.

2015

желтоқсан

Ақтоғайда өндіру жұмыстары басталды

2015 жылдың желтоқсанында Ақтоғай жобасында тотыққан кеннен катодты мысты өндіру жұмысы басталды.

2016 жылы өндірілген кен көлемі
16 млн т

Ақтоғайдағы кенді өңдеудің жалпы қуаты – жылына 37 млн тонна, оның ішінде 25 млн тоннасы сульфидті кенді өңдеу және 12 млн тоннасы оксидті кенді өңдеу көлемі

2016 ЖЫЛЫ ӨНДІРІЛГЕН МЫС КӨЛЕМІ
18 мың тонна

Ақтоғай 2016 жылы 18 мың тонна катодты мыс өндірді, оксидті кенді өңдеу кешенінде өндірістік операциялар жасалған бірінші жыл

2014

қазан

Өсу қарқындары жоғары, шығындары аз

Орталық және жезқазғандық өңірлердің кен өндіру, өңдеу, мыс балқыту және энергетикалық активтердің бірқатарын шығаруды қамтыған ауқымды қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін Топтың бейіні Қазақстанда аз шығынды заманауи тау-кен өндірістерін дамытуға ауысты. Компания атауы KAZ Minerals PLC деп өзгертілді.

2015-2018 CAGR ӨНДІРІСТІК ӨСУІ
55%

KAZ Minerals Тобының өндірісінің жиынтықты орташа жылдық өсу қарқыны ("CAGR") 2018 жылға дейін 55% деңгейінде болады деп күтілуде.

2016 ЖЫЛҒЫ ТАЗА АҚШАЛАЙ ӨЗІНДІК ҚҰН
59 АҚШ центтері /фунт

Бозшакөлдегі өндірісті қайта ұйымдастыру және ұлғайтудан кейін Топ бойынша ақшалай өзіндік құн 2016 жылы 59 АҚШ центін /фунтты құрады

тамыз

Топтың қайта құрылуы

2014 жылдың 15 тамызында акционерлеріміз Топты қайта құрылуына дауыс берді, нәтижесінде жезқазғандық және орталық өңірлердің кемел активтерінің бірқатары негізгі акционері Владимир Ким болып табылатын Cuprum Holding компаниясына берілді. Қайта құрудан кейін жариялы компанияның атауы KAZ Minerals PLC болып өзгерді.

Құжатты жүктеу (ағылшын тілінде)

сәуір

Негізгі бағыт – мыс шығару, өндіру

Топ негізгі мақсатына – мысты өндіру мен өңдеуге көбірек көңіл бөлу үшін Екібастұз МАЭС-1-дегі үлесінің 50%-ын сатуды мақұлдады.

2010

ақпан

«Екібастұз МАЭС-1» электр станциясындағы

Компания «Екібастұз МАЭС-1» электр станциясындағы үлесінің 50% «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ $681 млн-ға сатуын аяқтады.

қаңтар

Қазақмыс ҚДБ-нен екі кредиттік желінің біріншісін алып жатқандығын жариялады

Топ Бозшакөл мен Ақтоғай өркендеу жобаларын салуды қаржыландыру үшін Қытай Даму Банкі ұсынған $4,2 млрд сомасын құрайтын екі қамтамасыз етілмеген кредиттік желінің біріншісін алып жатқандығын жариялады.

2005

қазан

Лондон қор биржасы листингіне қосылды

Қазақмыс акциялары Лондон қор биржасында бір акция үшін 540 пенс бағасымен жайғастырылды. Компания Лондон листингіне кіретін көптеген тау-кен өндіруші компаниялардың бірі болды. Топ өзінің сыйақылы листингін сақтап келеді және Ұлыбританияның FTSE индексі тізіміне кіреді.

2004

қараша

Менеджмент тарапынан компания акцияларының бақылау пакетін сатып алуы

Владимир Ким, Олег Новачук және Я.К. Ча Samsung және басқа акционерлерден компанияның 97% акцияларын сатып алу және 2003 жылы жаңа акцияларды шығаруға қатысу арқылы компания акцияларының бақылау пакетін сатып алды.

1996

мамыр

Басқарушы – Самсунг

Самсунг кореялық корпорациясы Компанияны басқаруға кірісті. 1996 жылы Самсунг корпорациясы Қазақмыс компаниясы үлесінің 40%-ын сатып алды, кейіннен оны сатып жіберді.

1992

қаңтар

«Жезқазғантүстімет» ААҚ компаниясы құрылды

Қазақстан Үкіметі «Жезқазғантүстімет» ААҚ деп аталатын компанияны құрды. 1992 жылдан 2002 жыл аралығында жасалған бірнеше жекешелендіру жайындағы мәмілелердің нәтижесінде Үкіметтің үлесі 100%-дан 0%-ға дейін қысқарды.

1991

желтоқсан

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

1971

қаңтар

«Жезқазғантүстімет» ӨБ жұмыс істеуін бастады

«Жезқазғантүстімет» ӨБ-де мыс балқыту өндірісі жұмыс істей бастады.

1930

қаңтар

Қазақмыс Балқаш мыс балқыту зауытында өндірістік іс-қызметін бастады

Қазақмыстың өндірістік іс-қызметі Қазақстандағы Балқаш мыс балқыту зауытында басталды.