KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Турбина жабдығын бояу, Екібастұз электр станциясы

Игілік пен қауіпсіздік

Біздің ең қымбат ресурсымызды қорғау

KAZ Minerals Компаниясы табиғи ресурстарды игеру жөніндегі жетекші компания болып қана қоймай, қолдан келгенінің барлығын жасағысы келеді. Біздің мақсатымыз біздің барлық жұмыскерлеріміз бен мердігелремізі үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын ұсыну боп табылады.

Қызметкерлерді оқыту

Оқытудағы шешуші аспектілердің бірі – қызметкерлерімізге өздерінің қауіпсіздігі мен басқалардың да қауіпсіздігіне жауапкершілікті болуға қажетті оқып-үйрену мүмкіндіктері мен қолдау ұсынып отыру. Мәселен, біздің мамандандырылған екі колледжімізде қызметкерлер құрамын өндірістік жағынан даярлау жүзеге асырылып, қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық өткізіліп тұрады. Біз барша ұйым бойынша қауіпсіздік техникасына оқытудың жаңа бағдарламасы мен біліктілікті арттыру бағдарламасын да енгіздік.

2011 жылы кәсіпорындарда өндірістегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде 1,850 тексеріс өткізілді және табылған ереже бұзушылықтар нәтижесінде 266 жағдайда өндірістік қызметтері тоқтатылды.

Зиянның «нөлдік» саясаты

Бозшакөл өндіру көлемі бойынша да, жобалық ауқымы бойынша да Қазақстандағы ең ірі тау-кен жобасы болып табылады. Шамамен кешеннің құрылысына 1 500 маман қатысады, ал пайдалану кезеңінде 1 500-ден астам маман болады. Біз активтеріміздің, экологияның, қызметкерлеріміздің еңбек қауіпсіздігіне бағыт ала отырып, «Бозшакөл» жобасында зиянның «нөлдік» саясатын қолданып келеміз. Бұл мақсатқа жүктемелі кесте бойынша оқыту өткізу арқылы қол жеткізілмек.

Барша қызметкерлеріміз өздерінің жұмыс орындарына кіріскенше қауіпсіздік техникасы бойынша оқытудан өткізіліп, мамандандырылады. Барлық жұмыскерлердің біліктіліктерін үздіксіз жоғарылатудың саясаты жобаны әзірлеудің бар кезеңінде қауіпсіздік техникасы бойынша оқытудан өткізіліп, мамандандырылу арқылы халықаралық стандарттар деңгейінде машықтар алуды қамтамасыз етеді.

Біздің қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға деген көзқарасымыз туралы көбірек біліңіз. 

ҚЫЗМЕТТІ ЖАУАПТЫ ЖҮРГІЗУ

Біз жергілікті халықтың өркендеуіне инвестиция бөлмекпіз

Толығымен

2014 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

2014 жылғы Жылдық есебіміз (ағылшын тілде)

Толығымен