KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Екібастұз электр станциясының жұмыскерлер

Көтермелеулер мен марапаттаулар

Қызметкерлеріміздің еңбектерін марапаттау

Қызметкерлерге бәсекеге қабілетті жалақы төлеу талабы бар қызметкерлерді тарту үшін және сақтау үшін негізгі фактор боп табылады. Өзіміз өткізген зерттеу KAZ Minerals Қазақстан бойынша орташа жалақыдан жоғары мөлшерде еңбекақы төлейтінін айқындады. Қызметкерлеріміздің еңбекақысы елдегі басқа тау-кен өндіруші компаниялардағы еңбекақыға қарағанда жоғарырақ.

Еңбекті бағалау және көтермелеу

Әділетті де бәсекеге қабілетті көтермелеу талабы бар қызметкерлерді тарту және сақтап қалу үшін маңызды болып келеді. 2010 жылы біз Еңбекті бағалау және басқару жүйесін іске қостық. Бұл еңбекті әділ бағалауға және жұмыскерлерді тиісті түрде көтермелеуге кепілдік береді.

Тегін медициналық көмек және демалыс

Біздің KAZ Minerals жұмыскерлері үшін тегін медициналық және стоматологиялық қызметтер көрсетеді, ал олардың отбасы мүшелері мен зейнеткерлер сол қызметтердің 50 пайызын ғана төлеп пайдаланады. 

Бұл бөлімшеде жұмыскерлердің балаларына арналған жазғы лагерлер де бар. 2010 жылы 5200-ден астам жұмыскер, 1000 зейнеткер және жұмыскерлер отбасының 100 мүшесі бөлімшенің санаторийлері мен профилакторийлерінде демалған. Сол жылы жұмыскерлердің 3200-ден астам балалары каникулдарын біздің жазғы лагерлерімізде өткізді.

Сәтбаев қаласындағы қауіпсіздік техникасын үйретуші жетекшілер