KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Менеджерлер Сәтбаевтағы тренингке қатысуда

Этикалық қағидаттар

Этикалық қағидаттарды сақтай жүріп, қызмет жүргізу

Біз табиғи ресурстарды өндіріп шығару әрі өңдеу саласындағы жетекші топтардың біріміз, және де Қазақстандағы аса ірі компаниялардың қатарындамыз. Ықпалды ұйым ретінде, біз өзіміздің этикалық міндеттемелерімізді аса салмақты қабылдаймыз.

Этика қағидаттарын артықшылдандыру

Біздің Директорлар Кеңесіміз қатаң қағидаттар мен құндылықтарды бекітуге жауапты. Ол қызмет атқару барысында біздің қызметкерлеріміз этикалық принциптерді сақтауын қамтамасыз етуге де жауапты.

Әрбір Директор шыншыл екендігін; күмәндана отырып, қиыншылықтарға бас ұрмайтындығын; сондай-ақ басқарудың жоғарғы стандарттарын сақтауды қалайтындығын паш етуі тиіс. Сонымен қатар әрбір Директор шешім қабылдағанда не іс-әрекет жасағанда өзінің мүдделерін компанияның мүдделерінен жоғары қоймауды қамтамасыз етуге тиіс.

Парақорлық пен коррупцияны жою

Біз парақорлықпен және коррупциямен күрес жүргізу бойынша Жұмыс тобын ұйымдастырдық. Топ парақорлықпен және коррупциямен күресу бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ол мыналарды қамтиды:

  • толық құпиялылықты сақтай отырып, қызметкерлерге тыйым салынған істер туралы мәселе қозғауға мүмкіндік беретін іс-шараларды жаңартуды
  • барша компания бойынша парақорлық пен коррупцияға қарсы мәдениетті қалыптастыруды
  • коррупциялық қатерді бағалауды ұйымдастыруды
  • практикалық процедуралар мен саясатты белгілеуді
  • бизнестік серіктестердің қаржылық жағынан сенімді екендіктерінің тексерілуін қамтамасыз етуді
  • оқытуды, бақылау мен кепілдіктерді үсынуды.
2010 жылғы Парақорлықпен күрес жүргізу туралы Ұлыбританияның Заңына сәйкес қызмет жүргізу

Біз қолданатын шаралар 2010 жылдың 8 сәуірінде Корольдық санкцияны алған 2010 жылғы Парақорлықпен күрес жүргізу туралы Ұлыбритания Заңын сақтауымызды қамтамасыз етеді. Сол заңға сай мыналар қылмыстық тұрғыда жазаланатын болады:

  • басқа тұлғаға пара беру
  • пара алу
  • шетелдік лауазымды тұлғаларға пара беру
  • парақорлықтың алдын алмаған коммерциялық ұйым.

Ұлыбритания Үкіметі заңнаманы қайта қарауға ынталы. Тобымыздың парақорлықпен және коррупциямен күрес жүргізу бағдарламасы заңнамаға сай болу үшін сол қайта қарауды біз үнемі бақылап отырамыз.

Шығыс аймағындаағы бас инженер