KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жезқазған кешенінің Оңтүстік кенішіндегі бұрғылау жұмысы

Өндіру

KAZ Minerals - Қазақстандағы жетекші мыс өндіруші компания. Сонымен қатар біз, ілеспе өнім ретінде мырыш, күміс пен алтынның елеулі ауқымын өндіріп,саудаға шығарамыз.

(ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖОМАРТ КЕНІШІ)
Жезқазған аймағы кен өндіру мен оны байыту жөніндегі ең ірі аймағымыз болып табылады. Оның үлесі Топта өндірілген кен көлемінің шамамен 70 пайызын құрап отыр. Бұл аймақта жеті кеніш пен үш кен байыту фабрикамыз бар.

(БОЗШАКӨЛДЕГІ КЕРН АЛУ МАҚСАТЫМЕН БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСЫ)
Орталық аймақта Топта өндірілген кен көлемінің шамамен 15 пайызы өндіріліп келеді. Бұл аймақта төрт кеніш пен үш кен байыту фабрикасы орналасқан.

(ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ КЕН ӨНДІРІСІ)
Шығыс аймақта Топта өндірілген кен көлемінің шамамен 15 пайызы өндіріліп келеді. Бұл аймақта алты кеніш пен төрт кен байыту фабрикасы орналасқан.

Өндірістік активтер

 Шығыс аймақтағы 4 жерасты кеніші мен Қырғызстандағы Бозымшақ ашық кен орны KAZ Minerals құрамына кіреді.

Бар ынтамыз мыс өндіруге бағытталған

Біз мыс өндірісіне ден қойған компаниямыз. Сондай-ақ, іліспе өнім ретінде мырыш, алтын мен күмістің елеулі ауқымын өндіреміз. Іліспе өнімнің құрамы әр кеніште әртүрлі.

2014 жылы KAZ Minerals Тобының құрамына кіретін кәсіпорындар  84 мың тонна катодты мыс өндірді. Мұнымен қатар,  2014 жылы Топ 121 мың мырыш концентратын, 3,4 млн унция алтын мен 34,6 мың унция алтын өндіріп шығарды.

Үгітудің бірнеше сатысынан өткен кен 4 кен байыту фабрикаларымыздың бірінде өңделеді. Шығыс аймақ пен Бозымшақта өндірілген мыс концентраты әрі қарай өңдеу үшін Балқаш мыс балқыту зауытына жеткізіледі. 2014 жылғы қайта ұйымдастырылудан кейін БМЗ Cuprum Holding жеке компаниясының меншігіне өтті және KAZ Minerals Тобының Cuprum Holding компаниясымен балқыту бойынша қызмет көрсету жөніндегі ұзақмерзімді келісімі бар.