KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Екібастұз электр станциясындағы  электр статикалық сүзгіні орнату жұмысы

Өркендеу жобалары

Ірі өркендеу жобаларын уақытылы жүзеге асыру - біздің негізгі стратегиялық мақсатымыз.

KAZ Minerals  өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Бозшакөл мен Ақтоғай - екі ірі ауқымды жоба қарқынды дамуымызға негіз болмақ. Екі жобаның да тәуекелі төмен және ұзақ уақыт бойы игеріледі. Ал бұл өз кезегінде тұрақты дамуымызды қамтамасыз етіп, бизнесіміздің құндылығын арттырады. Ашық карьерлерді іске қосу Топқа өндіріс көлемін 2018 жылға қарай 300 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік беріп, өндірістің сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартуға көмектеседі.

Топтың негізгі жобалары


Бозшакөл мен Ақтоғай

  • Қазақстандағы ең ірі кеніштер. Әлемдегі әзірге игерілмеген ең ірі кеніштердің бірі.
  • қолданыстағы энергетикалық, көлік және өзге де инфрақұрылымдарына жақын орналасқан
  • операциялық шығындары бәсекеге қабілетті
  • сульфидті кенді байытатын фабрикаларды, тау-кен құрал-жабдықтарын қоса алғанда жобалық-конструкторлық және инженерлік зерттемелердің ұқсастығы бұл жобаларды жүзеге асыру тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Көксай - өндірісті кеңейтуге бағытталған үшінші ірі жобамыз. Бұл жоба Бозшакөл кеніші қолданысқа берілгеннен кейін қолға алынады.  

      


Ақтоғай


Ақтоғай - Қазақмыс Тобының екінші бір дамыту жобасы болып табылады. Шығыс Қазақстан жерінде орналасқан Ақтоғай мыс кен орнын игеру ашық әдіспен жүргізіледі және ол карьер мен кен байыту фабрикасын қамтиды. Ақтоғайдың сульфидті кен қорларын игерудің техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жұмысы кен қорларындағы металл құрамы салыстырмалы түрде төмен екі ірі карьердің ұқсастығына байланысты «Бозшакөл» жобасы бойынша атқарылған жұмыстың арқасында жеңілдетілетін болады. Одан әрі оқу.

Кен өндіру мен байыту

Өркендеу жобаларының бейнеролигі

Біздің Директорлар кеңесіміз

Директорлар кеңесіміз өнеркәсіптің әр саласын-дағы мамандарды біріктіріп отыр

Директорлар кеңесімізбен таныс болыңыз

Басшылық етуші топ

Барлық мүдделі тараптарымыздың пайдасын көздеп қызмет жүргіземіз

Ұжымымызбен таныс болыңыз

Компанияға шолу

Біз мыс өндірісіне бейімделген, табиғи ресурстарды өңдеу бойынша әлемдік көшбасшылардың біріміз. Топтың акциялары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда

Толығымен