KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Қазақмыс қызметкері, Шығыс аймағы

Шығыс аймағы

2014 жылы Шығыс аймақта 4,2 млн тонна кен (кен құрамындағы мыстың орташа мөлшері - 2,48%) өндіріліп, 89,2 тың тонна мыс концентраты шығарылды. Аталмыш кезеңде Шығыс аймақтың өнім өткізуден тапқан табысы $846 млн, EBITDA көрсеткіші (ерекше баптарды қоспағанда) $355 млн құрады. 2014 жылы өндірісті қолдауға жұмсалған капиталдық шығындардың жалпы мөлшері $53 млн құрады.

Активтер
  • Төрт жерасты кеніші бар: Орлов, Ертіс, Юбилейный-Снегирихин және Артемьев.
  • Үш кен байыту фабрикасы бар: Орлов, Белоусов және Николаев кен байыту фабрикасы.
Өндіріс
  2011 2012 2013 2014
Өндірілген кен (мың тонна) 4 686 4 707 4 350 4 202
Мыстың орташа мөлшері % 2,44 2,33 2,41 2,48
Концентраттағы мыс (меншік.) (мың тонна) 89 81 86,8 89,2
 
Қазақмыс қызметкері жөндеу цехында, Шығыс аймақ Шығыс аймағындағы кеніштің басқарушылары