KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жер үстіндегі жүк көлігі, Бозшакөл кеніші

Мыс өндіру процесі

Мысты өндіру процесі

KAZ Minerals пайдалануында 5 кеніш бар. Олардың көпшілігі жерасты кеніштері, десек те солардың арасында бірнеше ашық кеніштері де бар. Әдеттегідей, кеніштердің құрамында «сульфидті кен» мен әртүрлі қосарлы өнімдер болады. Негізгі қосарлы өнімдер болып табылатындар: мырыш, күміс және алтын. Технологиялық процестің қай сатысында болмасын қажетсіз материалдардың артып келе жатқан көлемдерінен айырудан, сульфидтік кенді өңдеуден және тауарлық металл алуға баса назар аударылып отырады.

Өндіру
  • Сульфидті кен жерасты кеніштерінен немесе жарылғыш материалдардың көмегімен бұрғылау-қопару жұмыстарын қолдана отырып ашық карьерлерден өндіріліп шығарылады.
  • Қуатты да зор экскаваторлар кенді жинастырып, самосвалдарға артады, олар болса кенді бастапқы үгітудің ұсатқыштарына тасымалдап отырады. Бастапқы үгіту тасымалдау жұмысын жеңілдету үшін кеніштің ішінде жасалуы мүмкін.
Байыту
  • Кен бірқатар үгіткіштерде қайта өңделеді де сумен араластырылады. Нәтижесінде кен паста немесе пульпа іспеттес өте майдаланған массаға айналдырылады.
  • Пульпа белгілі бір минералдың бөлшектерін анықтап, қаптайтын түрлі химиялық реагенттермен араластырылады.
  • Айырылу процесіне қолдау ретінде ерітіндіге сұйық «көпірткіш» қосылады.
  • Ол пульпа флотацияның бірнеше сатысынан өтеді. Сол процестің нәтижесінде кен құрамында мырыш, мыс, қымбат металлдар секілді барлық бағалы компоненттер айырып алынады.
  • Флотациялаудың бірінші сатысында (ұжымдастыра флотациялау), пульпа (реагенттермен) сорғылар арқылы флотациялық ыдыстарға жіберіліп, көпіршіктер пайда болуы үшін ауамен бірге нығыздалады. Барлық сульфидтік бөлшектер көпіршіктердің бетіне жабысады да олар аралықтарға түсіріледі.
  • Флотациялаудың екінші сатысында (іріктемелі флотациялау) құрамында түрлі металлдары бар бағалы минералдар арнайы химиялық түзілімдерді қосу жолымен бірінен-бірі ажырайды. Ол химиялық түзілімдер кейбір минералдар көпіршік беттеріне жабысып, ал қалғандары қимылсыз қала беруіне септігін тигізеді.
  • Көпіршіктер қойыла бастағанда, су жіберіледі. Осындай процестің нәтижесінде жекеленген мыс және мырыш концентраттары алынады, олардың құрамы: 20-35% мыс, мыс пен темірдің түрлі сульфидтері, сондай-ақ алтын мен күмісті қоса алғанда, шағын концентрациялардағы басқа материалдар; және басқа да ілеспе элементтермен шығатын 40-45% мырыш.
Балқыту
  • Мыс концентраты мен флюс деп аталатын кремний диоксиді Ванюков қазандығына (пеш) толтырылады. Біз Балқаш мыс балқыту зауытында оттегімен байытылған үрлемені қолданамыз және Жезқазған мыс балқыту зауытында алты электродты электр пешін қолданып келеміз.
  • Концентрат пен флюс қайтара балқытылып, одан пештің түбіне түсетін мыстан, темір мен күкірттен тұратын штейн алынады. Қалған темір, флюспен химиялық жағынан араласып, нәтижесінде ажыратуға болатын шлак алынады.
  • Концентраттағы күкірттің бір бөлігі оттегімен араласады да күкірт диоксидінен, оттегіден, су мен азоттан тұратын қайтымды газ түзеді. Күкірт диоксидінің көпшілік бөлігі күкірт қышқылы түрінде ауланады, күкірт қышқылы зарарсыздандырылады не болмаса әртүрлі жағдайларға қолдану үшін сатылады.
  • Штейн деп аталатын қалдық материалдың құрамында 40-60 пайыз мыс болады.
  • Балқытылған штейн конвертер деп аталып жүрген балқыту аппаратына тасымалданады. Ол жерде қосымша крениземдік флюс тағы қосылады да темір мен күкіртті аластау үшін ауа нығыздалып беріледі.
  • Алынған метариал «өңдеусіз мыс» деп аталады әрі салмағына қарай онда мыстың шамамен 99 пайызы болады.
Арылту
  • Өңдеусіз мыс арылту үшін пешке салынады. Мыстың бір бөлігін және қоспалардың көп бөлігін тотықтандыру үшін балқып тұрған мысқа ауа нығыздалып беріледі. Мышьяк пен сурьманың қалдықтарын аластату үшін флюс ретінде натрий карбонаты қосылады.
  • Оператор қоспалардың құрамы қай кезде керекті деңгейіне жететіндігін анықтау үшін материалдан сынамасын таңдап алады.
  • Тотыққан мыстың құрамы мазуттың көмегімен азайтылады да мыстың құрамдылығы 99,5 пайыз болатындай өнім шығарылады. Ол қалыптарға құйылады. Алынған мыстың түрін «анод» деп атайды.
  • Анодтар полимерлік-бетон ыдыстарға салынады. Әрбір анодтың жанына катод деп аталатын мыстың жіңішке қаңылтыры қойылады. Сол мыс қаңылтырлары арқылы электр тогы өткізіледі – анод оң электрод болып табылады, ал катод теріс электрод.
  • Ыдыстар анод пен катодтың арасында электр тогының өткізгіші ретінде роль атқаратын мыс сульфатының қышқылды ерітіндісімен толтырылады. Мыс анодта ерітіліп, катодқа ауыса береді. Шамамен екі аптадан соң анодтардағы мыс катодтарға ауып болады.
  • Мыс қаңылтырларын жасау кезінде қалған қоспалар (шламдар) ыдыстың түбіне түседі. Сол шламдардың құрамында күміс пен алтын болады.
  • Катодтар ыдыстан алынады, сонда олар тазалығы 99,95-99,99 пайыз болатын мыстан тұрады. Шламдар қымбат металлдар зауытына тасымалданып, сол жерде олардан тауарлық металлдар алынады.

Тік интеграция

Қазақмыс – өндірістің әр сатысын бақылайтын толығымен интеграция-ланған компания

Интеграцияланған процесіміз жайлы толығырақ

Неліктен Қазақстан

Қазақстан өркендеуге зор мүмкіндіктер ұсынып отыр

Неліктен еңбектенуге жағымды компания екендігін көріңіз