KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жұмыс үстіндегі қызметкер, Екібастұз электр станциясы

Құпиялылық саясаты

KAZ Minerals PLC (KAZ Minerals) сіздің осы сайттағы құпиялылығыңызды қорғауға тырысады. Пайдаланушының жеке басына қатысты ақпарат оның өзі ұсынған жағдайда ғана тіркеледі. Сайтты қайта қарау барысында браузердің түрі мен ІР мекенжайын қоса алғанда, пайдаланушы туралы белгілі бір ақпаратты автоматты түрде бақылай аламыз. Бұл ақпаратты көптеген сайттар тіркейді.

Егер электронды хабарлама немесе хаттар секілді жеке корреспонденцияны жолдайтын болсаңыз, біз бұл ақпаратты бөлек файлға жинақтай аламыз. Бұл дерек маркетинг пен жарнама шараларын жақсарту үшін, сайтты пайдалану көрсеткішін сараптау үшін және сайт бөлімдерінің мазмұнын жетілдіру үшін пайдаланылады.

Мәліметтерді жариялау

KAZ Minerals жеке ақпаратты үшінші тарапқа сатпайды, жалға бермейді және таратпайды. Біз жеке ақпаратты жинақтаймыз, алайда маркетинг пен жарнама мақсатында жарнама берушілер үшін жарияламаймыз. Біз тергеу барысында құқық қорғау органдарына, сондай-ақ, интеллектуалдық және өзге де құқықтарын қорғау мақсатында үшінші тараптарға жәрдемдесеміз. KAZ Minerals қазіргі нормативті-құқықтық ахуалды ескере отырып, барлық жеке хаттар немесе өзге ақпарат осы Құпиялық туралы саясатта көрсетілмеген жағдайларда басқаша тәсілдермен жарияланбай деп кепілдік бере алмайды. Мәселен, (жоғарыда айтылған шектеулерсіз), белгілі бір жағдайларда біз ақпаратты үкіметке немесе үшінші тараптарға ашуға мәжбүр болуымыз мүмкін, немесе үшінші бір тараптар ақпаратты заңсыз жолмен алуы мүмкін.

Сіздің өтінішіңіз бойынша мәліметтер базасындағы ақпаратыңыз өшірілуі мүмкін. Мұндай өтінішіңізді мына мекен-жайға жолдаңыз: info@kazminerals.com. KAZ Minerals ықтимал дауларды шешу үшін және туындаған қиындықтарды шешу мақсатында белгілі бір ақпаратты файлда сақтауы мүмкін. Бұдан бөлек, техникалық және нормативті шектеулерге немесе жүйенің сақтық көшірмесіне байланысты мұндай ақпараттың біздің базадан толықтай жойылмауы да мүмкін.

Қауіпсіздік

KAZ Minerals салалық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді және онлайн тұтынушыларымыздан түскен ақпараттың заңсыз пайдалануын қорғауға бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырады және біз уақыты келгенде қауіпсіздік шараларымызды жаңартып отырамыз.