KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Қазақмыс жұмыскері, Шығыс аймағы

KAZ Minerals 2017 жылдың тоғыз айындағы өндірістік іс-қызметінің нәтижелерін жариялады

26/10/2017

2017 жылдың тоғыз айында KAZ Minerals Тобы 193,3 мың тонна мыс өндірді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен (98,6 мың тонна) салыстырғанда екі есе жоғары. Екінші тоқсанмен салыстырғанда мыстың өндіріс көлемі 14%-ға артып, 65,9 мың тоннадан 75,3 мың тоннаға дейін жеткен. Бұған негізінен Ақтоғайдағы өндіріс қарқының артуы ықпал етті.

Мыстың жылдық өндіріс көлемі 250-270 мың тонна аралығына дейін жоғарылады (бұған дейін 235-260 мың тонна мыс өндіру жоспарланған еді).