KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Алматы кеңсесіндегі қызметкерлер

Корпоративтік басқару

Біз компания жұмысына қатысы бар барлық тараптардың мүддесі үшін қызмет етеміз

KAZMinerals корпоративтік басқару ісінің жоғары стандарттарын бұлжытпай орындайды және акционерлер алдында толықтай жауап береді.

Директорлар кеңесінің рөлі

Директорлар кеңесі акционерлер атынан Компанияны басқару ісіне жауап береді және әрбір Директор Компанияның ұзақ мерзімді табысы үшін, соның ішінде акционерлердің мүддесі үшін білікті, тиімді басшылықты қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді өсім мен қысқа мерзімдік мақсаттардың орындалуы арасында тиісті теңгерім болуы үшін жауапты. Директорлар кеңесі бірінші кезекте стратегиялық даму бағыттарын айқындап, компанияның ағымдағы және болашақтағы акционерлік құнын көтеру бағытында жұмыс істейді. Сондай-ақ, акционерлер активінің Топ қызметкерлері тарапынан қорғалуын қамтамасыз етеді, Топтың стандарттары мен басымдықтарын нақтылап, Топтың акционерлер мен өзге де мүдделі тараптар алдындағы міндеттемелерін түсінуіне және орындауына жағдай жасайды. Топтың алға қойған стратегиялық мақсаттарға жету жолындағы тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді анықтап, оның деңгейін нақтылап отыруға жауапты. Директорлар кеңесіне жүктелетін негізгі жауапкершіліктің енді бірі тиімді және рационалды қызметті қамтамасыз ету үшін жүйе басшылары тарапынан жіті басшылықты қамтамасыз ету болып табылады. Ішкі қаржылық бақылауды қамтамасыз етіп, заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Директорлар кеңесі тоғыз директордан тұрады: Директорлар кеңесініңТөрағасы, екі Атқарушы директор, бес тәуелсіз, атқарушы емес директор мен бір атқарушы емес директор. Әрбір директордың біздің қызметіміз үшін маңызды салалардың бірінде алған ауқымды білімі мен еңбек тәжірибесі бар. Білім мен тәжірибесі ұштасқан Директорлар кеңесі шешім қабылдау барысында нақты бір топтардың басымдығына жол бермеуге тырысады және акционер мүддесінің қорғалуын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің құрамында төрт комитет бар. Олар компания қызметінің нақты бір салалары үшін жауап береді.

Директорлар кеңесі төрағасының рөлі

Директорлар кеңесінің төрағасы Топты стратегиялық басқару ісіне жауап береді, Директорлар кеңесін басқарады және Қазақстандағы іскер қауыммен, Үкіметпен тиімді байланыс орнауын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесі төрағасының міндетіне Компания мен акционерлер алдындағы жауапкершіліктен басқа мынадай қосымша міндеттер мен функциялар кіреді:

  • Топтың болашағын қамтамасыз ету үшін үздіксіз жоспарлау және Топты дамыту шараларына ықпал ету;
  • Директорлар кеңесі мен оның құрамындағы комитеттердің корпоративтік басқарудың ең үздік стандарттарына сай тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету;
  • Директорлар кеңесіне жетекшілік етеді, күнтәртібін белгілейді, ашық әрі конструктивті диалог орнатып, тиімді шешімдер қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында пікірталас стилі мен жалпыға қолайлы атмосфера қалыптастырады;
  • Акционерлер мен Директорлар кеңесінің маңызды бағыттар бойынша дер кезінде шынайы, түсінікті мәлімет алып отыруын қамтамасыз етеді, Директорларға сыйақы тағайындайды, корпоративтік басқару мен стратегиялық мәселелер үшін жауап береді;
  • Үміткерлердің кандидатурасын ұсыну жөніндегі комитетке төрағалық етеді;
  • Жаңа Директорлардың қызметіне кірісу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, барлық Директорлардың талап-сұраныстарын қанағаттандырады;
  • Директорлар кеңесі, Комитеттер мен жекелеген Директорлардың қызметіне жыл сайын ресми баға беріп отырады;
  • Атқарушы емес және Атқарушы директорлар мен жоғарғы басшылық арасында тиімді әрі конструктивті байланыс орнауына ықпал етеді, сондай-ақ, Атқарушы емес директорлармен (Атқарушы директорлардың қатысуынсыз) кездесулер өткізу;
  • Акционерлермен тиімді байланыс орнауын және акционерлер мақсатының Директорлар кеңесі тарапынан толық түсінік табуын қамтамасыз етеді; және жұмыс бабында Бас басқарушы директормен тиімді байланыс орнауын қамтамасыз етеді.
Бас басқарушы директордың рөлі

Бас басқарушы директордың міндетіне Компания мен акционерлер алдындағы жауапкершіліктен басқа мынадай қосымша міндеттер мен функциялар кіреді:

  • Топтың жұмысына қолайлы жағдай туғызу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
  • Топ бизнесі мен жоғарғы басшылықты күн сайын басқару, Атқару комитеттерінің отырыстарына төрағалық ету;
  • Топтың акционерлер, клиенттер, қызметкерлер мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы міндеттерін ескере отырып, Топтың мақсаттары мен стратегияларын дайындау;
  • Топтың стратегиялық мақсаттарының лайықты деңгейде орындалуына ықпал ететін ұйымдастырушылық құрылым қалыптастыру және оны жан-жақты қолдау;
  • Өндірістік көрсеткіштердің бекітілген жоспарға, стратегиялар мен саясатқа сәйкестігі үшін Директорлар кеңесі алдында жауап береді;
  • Топтың стратегиялық мақсаттарын орындау үшін оның негізгі активтерін инвестиция мен өзге де капиталдар арқылы дамыту;
  • Акционерлермен және өзге де мүдделі тұлғалармен тиімді байланыс орнату және дамыту;
  • Топ қызмет ететін елдердегі әлеуметтік және экологиялық проблемаларды ескере отырып, Топ қызметінің еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес болуын қамтамасыз ету;
  • Топ қызмет ететін елдердегі заң талаптарының үздіксіз орындалуын, сондай-ақ, Компания стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Стратегиялық мақсаттарға жету үшін Топтың мүмкіндіктері мен ресурстары туралы мағлұматтарға сүйене отырып, еңбек ресурстары жоспарын әзірлеу;
  • Топ алдында тұрған коммерциялық міндеттерге қол жеткізу үшін лайықты деңгейде білімі, қабілеті, тәжірибесі мен ынтасы бар басшылар тобын жасақтау;
  • Барлық бизнес-процестерге, соның ішінде, Топтың сауда-саттық саласындағы қызметіне қатысты қауіп-қатерлерді ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру және қолдау;
  • Директорлар кеңесі қабылдаған талаптарға сәйкес Топ тәуекелдерін басқару;
  • Жылдық бюджет пен төрт жылдық өндірістік жоспарды Директорлар кеңесінің қарауына беру; және Директорлар кеңесіне арналған ақпараттың түсінікті болуын және дер кезінде берілуін қамтамасыз ету.
Тәуелсіз аға директордың рөлі

Тәуелсіз аға директордың міндетіне Компания мен акционерлер алдындағы жауапкершіліктен басқа мынадай қосымша міндеттер мен функциялар кіреді:

  • Алаңдаушылық тудыратын және Директорлар кеңесінің төрағасы, Бас басқарушы директор немесе Бас қаржы директордың қатысуымен шешілмеген мәселелер туындаған жағдайда акционерлер мен өзге де мүдделес тараптар арасын байланыстырушы тұлға қызметін атқарады. 2013 жылдың 31-желтоқсанына дейін мұндай мәселе көтерілген жоқ;
  • Директорлар кеңесі төрағасының атынан спикер міндетін атқару, ал қажет болған жағдайда басқа Директорлар арасында ара ағайын қызметін атқару;
  • Жылына кем дегенде бір рет Атқарушы емес директорлармен жиын өткізу (Директорлар кеңесінің төрағасы болмаған жағдайда), ағымдағы тексеру кезінде Директорлар кеңесіне жетекшілік ету және Директорлар кеңесі төрағасының жылдық қызметіне баға беру;
  • Директорларды оқыту процесінің дер кезінде жүргізілуін және олардың кәсіби тұрғыдан дамуын бақылау; және ірі акционерлердің отырыстарына қатысып, олардың ой-пікірлерін тыңдау, ірі акционерлердің проблемалары мен мәселелерін шешу жолдарын теңшеп, нәтижесін хабарлап отыру.
Тәуелсіз директорлардың рөлі

Атқарушы емес директорлар Кеңес жұмысына тәуелсіздік элементін енгізеді және жоғары деңгейдегі корпоративтік басқарудың негізін қалайды. Компанияны басқару ісіне Директорлардың барлығы бірдей жауапты. Соған қарамастан, Атқарушы емес директорлар корпоративтік заңдық жауапкершілік саласында маңызды рөл атқарады. Олар Атқарушы директорлар ұсынған стратегияларға конструктивтік тұрғыдан баға беру, басшылықтың қызметін белгіленген мақсаттар мен міндеттерді орындау тұрғысынан мұқият бағалау үшін жауапты. Сондай-ақ, Атқарушы емес директорлар Кеңес құрамындағы негізгі комитеттердің жұмысында да маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда, Тәуелсіз емес директорлар бизнес пен қоғам өмірінің түрлі салаларынан жан-жақты хабардар, өзіндік пікірі бар, білімді, тәжірибелі мамандар.

АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Біздің Аудит жөніндегі комитеттің міндеттері, қызметтері және мүшелері жайлы толығырақ біліңіз.

СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Сыйақылар жөніндегі комитет жайлы толығырақ білетін болыңыз.

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Біздің Еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет жайлы толығырақ біліп алыңыз.

ТАҒАЙЫНДАУЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

ТАҒАЙЫНДАУЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Тағайындаулар жөніндегі комитет туралы толығырақ білетін болыңыз.