KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Мыс балқыту зауытының жұмыскері, Жезқазған кешені

Компанияның қызметіне шолу

Табиғи ресурстардан қосылған құн табу

KAZ Minerals - Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған мыс өндіруші компания. Топтың құнды қағаздары Лондон, Қазақстан және Гонконг қор биржаларында айналымда. 2014 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Топтың нарықтық капитализациясы 1,8 млрд АҚШ долларын құрады.

Компаниямыз қолданыстағы кешендерде мыс өндіреді және өндірісті кеңейтуге бағытталған жаңа жобаларды дайындауға ерекше көңіл бөледі. Біз Қазақстандағы ең ірі мыс өндірушіміз және әлемдегі жетекші мыс өндірушілердің біріміз. Сондай-ақ, біз іліспе өнім ретінде мырыш, күміс пен алтынның қомақты көлемін өндіреміз.

EBITDA өсімі (пайыздарды, салықтарды, тозу мен амортизацияны шегергенге дейінгі пайдалар)

2014 жылы компанияның ағымдағы қызметінің EBITDA (ерекше баптарды қоспағанда) көрсеткіші 355 млн АҚШ долларын құрады. 2014 жылы компанияны қайта ұйымдастыру шарасы жүзеге асырылды. Толығырақ ақпарат алу үшін негізгі қаржылық көрсеткіштерімізбен және қайта ұйымдастырылуге арналған бөліммен танысып шығыңыз.

Мыс және өзге де металдар

Шығыс Қазақстандағы 4 жерасты кеніші мен карьерлер, сондай-ақ Қырғызстандағы Бозымшақ атты ашық түрдегі кен орны KAZ Minerals Тобының құрамына кіреді. Кен 4 кен байыту фабрикасында өңделеді. Біз ілеспе өнім ретінде мырыш, күміс пен алтын өндіреміз. 2015 жылы аталмыш қызмет бойынша таза ақшалай өзіндік құн фунтына 280-300 АҚШ центі шамасында болады деп күтілуде.

Қайта ұйымдастырылу

Тамыз айында акционерлер Топты қайта ұйымдастыру үшін дауыс берді. Қайта ұйымдастырылуға қатысты барлық шарттар 2014 жылғы 31-қазанда қанағаттандырылды, ал экономикалық бөліну 2014 жылғы 1-тамызда күшіне енді. Толық ақпарат алу үшін Топтың қайта ұйымдастырылуы туралы бөліміне өтуіңізді сұраймыз.    

 

Жезқазған кешенінің Жомарт кенішіндегі бұрғылау жұмысы Мыс балқыту зауыты, Балқаш кешені